"Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 маусымда № 28408 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ахуалдық орталық – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналастырылған, онлайн режимде КТ өткізу процесін байқау үшін коммуникация құралдарымен жарақтандырылған зал;

      2) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін кешенді тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;

      3) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын, кешенді тестілеуден кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;

      4) желілік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары – кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ);

      5) желілік ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы – кешенді тестілеуге түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;

      6) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;

      7) электрондық форматтағы КТ – әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану жолымен өткізілетін тестілеу;

      8) қағаз форматындағы КТ – тестіленушіге сұрақ-кітапшасын және жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;

      9) кешенді тестілеу өткізу пункттері (бұдан әрі – КТӨП) – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ;

      10) КТӨП қабылдау комиссиясы – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;

      11) нұсқаларды тарату парағы – кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;

      12) отырғызу парағы – түсушілерді аудиториядағы орындар бойынша бөлу парағы;

      13) онлайн апелляция – электрондық форматта КТ өткізген кезде тестілеу аяқталғаннан кейін 30 (отыз) минут ішінде апелляцияға өтініш беру;

      14) шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы негізде оқуға түсуге рұқсат беретін Үлгілік қағидалармен белгіленген тестілеудің әр бөлімі немесе пәндері бойынша балдардың минималды жиынтығы;

      15) электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын КТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат);

      16) тестілеу әкімшілері – КТӨП-те КТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырушылар және аудитория мен дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайды;

      17) тіркеу файлы (лог) - хронологиялық тәртіпте тестіленушінің әрекеттері туралы жазбалар бар файл.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

      1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 15 шілдеге дейін;

      2) күнтізбелік жылғы 1 қарашадан 18 қарашаға дейін.";

      18 және 19-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Ғимаратқа кіргізу және КТ өткізу барысы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін үй-жайда сақталған пайдаланылған кітапшалар тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ҰТО-ға беріледі.

      Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.

      Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.

      Тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша КТ-да Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғандығы анықталған жағдайда ҰТО осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт" жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      Тестілеу барысында тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны туралы акт растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

      Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (КТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.

      Тестілеу нәтижелері (КТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін ҰТО түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.

      Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

      19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).

      Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "КТ өткізу пункті ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда түсушіні ғимараттан шығару туралы акт" жасайды. Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.";

      35 және 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. КТ жүргізу кезінде түсушіге жол берілмейді:

      1) дәліз бойынша кезекшінің қызметін атқаратын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға;

      2) сөйлесуге;

      3) орнынан орын ауыстыруға;

      4) тестілеу материалдарымен алмасуға;

      5) аудиториядан тестілеу материалдарын шығаруға;

      6) аудиториядан 2 реттен артық шығуға;

      7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;

      8) тестілеу материалдарын (жауап парақтарын және кітапшаларын) сыпыру, түзетуші сұйықтықты пайдалану, беттерді үзу арқылы бұзуды жүзеге асыруға;

      9) бұл үшін қарастырылмаған секторларды бояуға (жауап парағының нөмірі).

      36. Тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша қағаз және (немесе) электрондық форматтағы КТ кезінде түсушіде осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт туралы акт" толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. Оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.

      КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.";

      47-3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "47-3. Тестілеу басталғанға дейін тестілеу әкімшісі түсушіге тестілеу ережелері бойынша нұсқаулық өткізеді.

      Ең алдымен тестілеуді бастау үшін түсушіге:

      1) логин көрсету;

      2) құпия сөз көрсету;

      3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;

      4) тестілеуді өткізу ережелерімен танысу;

      5) деректерінің дұрыстығын растау;

      6) "Кіру" батырмасын басқаннан кейін тестілеуге өту қажет.

      Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.

      Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.

      КТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен өңірлік мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады.

      Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен және өңірлік мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.

      Электр қуаты ажыратылған жағдайда, түсушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптары, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады.

      Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады.

      Тестілеуді басқа күнге ауыстырған жағдайда тестіленушінің тестілеу тоқтатылғанға дейінгі тест тапсымаларына берілген жауаптары сақталмайды.";

      47-11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "47-11. КТ жүргізу кезінде түсушіге рұқсат етілмейді:

      1) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісіның рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығу;

      2) сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;

      3) аудиториядан 2 реттен артық шығуға;

      4) құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;

      5) құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды ұсақтап жыртуға;

      6) Тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;

      7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;

      8) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;

      9) тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге рұқсат етілмейді.

      Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.";

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 10-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 7 маусымдағы
№ 264
1-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
2-қосымша

Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Бейінді пәндер

1 бейінді пән

2 бейінді пән

M001

Педагогика және психология

Педагогика

Психология

M002

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі педагогика

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесі

M003

Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау

Педагогика (бастауыш сыныптар үшін)

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі

M004

Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау

Педагогика

Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі

M005

Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

Педагогика

Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі

M006

Музыка педагогтерін даярлау

Педагогика

Музыка пәнін оқыту әдістемесі

M007

Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау

Педагогика

Көркем еңбек, графика және жобалауды оқыту әдістемесі

M008

Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

Педагогика

Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары

M009

Құқық және экономика негіздері

Мемлекет және құқық теориясы негіздері

Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі

M010

Математика педагогтерін даярлау

Математика

Математиканы оқыту әдістемесі

M011

Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Жалпы физика

Физиканы оқыту әдістемесі

M012

Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Бағдарламалау

Информатиканы оқыту әдістемесі

M013

Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Химия

Химияны оқыту әдістемесі

M014

Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Биология

Биологияны оқыту әдістемесі

M015

География педагогтерін даярлау

География

Географияны оқыту әдістемесі

M016

Тарих педагогтерін даярлау

Қазақстан тарихы

Тарихты оқыту әдістемесі

M017

Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Педагогика

Қазақ тілін оқыту әдістемесі

M018

Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Педагогика

Орыс тілін оқыту әдістемесі

M019

Шет тілдері педагогтерін даярлау

Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері)

M020

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау

Әлеуметтік педагогика

Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі

M021

Арнайы педагогика

Арнайы педагогика

Инклюзивті білім беру

M022

Музыкатану

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M023

Аспаптық орындаушылық

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M024

Вокалдық өнер

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M025

Дәстүрлі музыка өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M026

Композиция

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M027

Дирижирлеу

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M028

Режиссура

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M029

Театр өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M030

Эстрада өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M031

Хореография

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M032

Аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M033

Бейнелеу өнері

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

М034

Өнертану

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M035

Сән, дизайн

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M036

Полиграфия

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M037

Арт-менеджмент

Шығармашылық емтихан

Реферат қорғау

M050

Философия және әдеп

Қазақ философиясы

Әлеуметтік философия

M051

Дінтану және теология

Діндер тарихы

Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар және культтер

M052

Исламтану

Діндер тарихы

Қазақстандағы қазіргі діни жағдай

M053

Тарих

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы

Археология негіздері

M054

Түркітану

Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы

Түркі халықтарының жалпы тарихы

M055

Шығыстану

Классикалық және қазіргі шығыстану

Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

M056

Аударма ісі, ілеспе аударма

Аударма теориясы (ағылшын,орыс, қазақ, корей,қытай, жапон тілдері)

Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын)

M057

Лингвистика

Жалпы тіл білімі

Лингвистика ілімінің тарихы

M058

Әдебиет

Фольклор

Әдебиет теориясы

M059

Шетел филологиясы

Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері)

Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)

M060

Филология

Қазіргі қазақ тілі

Қазіргі қазақ әдебиеті

M061

Әлеуметтану

Әлеуметтану тарихы

Әлеуметтанулық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру

M062

Мәдениеттану

Қазақ мәдениетінің тарихы

Мәдени антропология

M063

Саясаттану және конфликтология

Саясат теориясы

Қолданбалы саясаттану

M064

Халықаралық қатынастар

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Дипломатиялық және консулдық қызмет

M065

Аймақтану

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері

M066

Психология

Жалпы психология

Даму психологиясы

M067

Журналистика және репортерлық іс

Қазақ журналистикасының тарихы

Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі

M068

Қоғаммен байланыс

PR теориясы мен тәжірибесі

Имиджелогия

M069

Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі

Құжаттану

Археография

M070

Экономика

Кәсіпорын экономикасы

Макроэкономика

M071

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мемлекеттік басқару теориясы

Экономиканы мемлекеттік реттеу

M072

Менеджмент

Менеджмент

Бизнесті ұйымдастыру

M073

Аудит және салық салу

Бухгалтерлік есеп негіздері

Аудит

M074

Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

Қаржы негіздері

Корпоративтік қаржы

M075

Маркетинг және жарнама

Маркетинг

Маркетингтік зерттеулер

M076

Еңбек дағдылары

Экономикалық теория

Макроэкономика

M077

Бағалау

Экономика және жылжымайтын мүлікті басқару

Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалау стандарттары

M078

Құқық

Мемлекет және құқық теориясы

Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)

M079

Сот сараптамасы

Криминалистика

Сот экспертологиясы

M080

Биология

Клетка биологиясы

Ботаника

M081

Генетика

Клетка биологиясы

Молекулалық генетика негізімен жалпы генетика

M082

Биотехнология

Биохимия

Биотехнология негіздері

M083

Геоботаника

Қазақстан биоресурстары

Ботаника

M084

География

Қазақстанның физикалық географиясы

Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

M085

Гидрология

Гидрология негіздері

Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері

M086

Метеорология

Физикалық метеорология

Климатология

M087

Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

Геоэкология

Экологиялық мониторинг

M088

Гидрогеология және инженерлік геология

Жер асты суларын іздеу және барлау

Инженерлік-геологиялық зерттеулер

M089

Химия

Физикалық химия

Аналитикалық химия

M090

Физика

Механика

Молекулалық физика

M091

Сейсмология

Сейсмологияның физикалық негіздері

Сейсмикалық жазбалар бойынша жер сілкінудің параметрлерін анықтау

M092

Математика және статистика

Математикалық талдау

Дифференциалдық теңдеулер

M093

Механика

Теориялық механика

Тұтас орта механикасына кіріспе

M094

Ақпараттық технологиялар

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Деректер базасы

M095

Ақпараттық қауіпсіздік

Алгоритмдік бағдарламалау тілдері

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

M096

Коммуникация және коммуникациялық технологиялар

Электрлік байланыс теориясы

Радиотехника және телекоммуникация негіздері

M097

Химиялық инженерия және процесстер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

M098

Жылу энергетикасы

Жылу техникасының теориялық негіздері

Қазандық қондырғылар және жылулық қозғалтқыштар

M099

Энергетика және электр техникасы

Электр техниканың теориялық негіздері

Электр машиналары

M100

Автоматтандыру және басқару

Электртехниканың теориялық негіздері

Сызықты автоматты реттеу жүйелері

M101

Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

Механика

Молекулалық физика

M102

Роботты техника және мехатроника

Электроника негіздері

Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника

M103

Механика және металл өңдеу

Өзара алмасымдылық негіздері

Машина бөлшектері

M104

Көлік, көліктік техника және технология

Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері

Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары

M105

Авиациалық техника және технологиялар

Ұшу аппараттарының құрылысы

Авиациалық техниканың теориялық негіздері

M106

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

Ұшу аппараттарының құрылысы

Авиациялық апаттарды тергеу және ұшу қауіпсіздігі

M107

Ғарыштық инженерия

Физика

Математика

M108

Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану саласы бойынша)

Механика

Нанотехнология негіздері

M109

Мұнай және кен геофизикасы

Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің теориялық негіздеріне кіріспе

Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерді өңдеу мен интерпретациялауды жүргізудің әдісі, техникасы мен технологиясы

M110

Теңіз техникасы және технологиялары

Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері

Кеме құрылымы мен теориясы

M210

Магистральды желілер және инфрақұрылым

Құрылыс материалдары

Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау

M310

Көліктік имараттар

Құрылыс материалдары

Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау

M111

Тамақ өнімдерін өндіру

Тамақ өндірісінің жалпы технологиясы

Химия

M112

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша)

Ағаш өңдейтін жабдықтар

Ағаштан бұйым жасау технологиясы

M113

Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы

Физика

Материалдардың механикалық қасиеттері

M114

Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы

Химия

M115

Мұнай инженериясы

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы

M116

Тау-кен инженериясы

Тау-кен өңдірісінің негіздері

Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы

M117

Металлургиялық инженерия

Металлургиялық процесстерінің теориясы

Жалпы металлургия

M118

Пайдалы қазбалар байыту

Пайдалы қазбаларды байыту негіздері

Флотациялық байыту әдістері

M119

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы

Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы

M120

Маркшейдерлік іс

Геодезия

Маркшейдерлік істің жалпы курсы

M121

Геология

Жалпы және тарихи геология

Пайдалы қазба кен орындарының геологиясы

M122

Сәулет

Сәулеттік типология

Қала құрылыс негіздері

M123

Геодезия

Геодезия

Картография

M124

Құрылыс

Құрылыс материалдары

Құрылыс өндірісінің технологиясы 1

M125

Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі

Құрылыс материалдары

Бетон технологиясы 1

M126

Көлік құрылысы

Құрылыс материалдары

Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау

M127

Инженерлік жүйелер мен желілер

Құрылыс материалдары

Құрылыс жинақтау жұмыстарының технологиясы

M128

Жерге орналастыру

Геодезия

Жер ресурстарын басқару

M129

Гидротехникалық құрылыс

Гидравлика

Гидротехникалық құрылымдар

M130

Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Квалиметрия

Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау

M131

Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы

Топырақтану

M132

Мал шаруашылығы

Мал азықтандыру

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

M133

Орман шаруашылығы

Орман екпелері

Биотехния және жабайы жануарларды өсіру

M134

Балық шаруашылығы

Балық аулау

Аквакультура

M135

Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету

Электр техниканың теориялық негіздері

Электр машиналары

М136

Аграрлық техника және технологиясы

Ауылшаруашылық машиналары

Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру машиналары

M137

Су ресурстары және суды пайдалану

Гидравлика

Су ресурстарын кешенді пайдалану

M138

Ветеринария

Жануарлар патологиясы

Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары

M139

Денсаулық сақтауды менеджмент

Экономикалық теория негіздері

Менеджмент негіздері

M140

Қоғамдық денсаулық

Биостатистика

Қоғамдық денсаулық

M141

Мейіргер ісі

Мейіргер ісі негіздері

Мейіргер ісіндегі мененджмент

M142

Фармация

Фармацияның басқарылуы және экономикасы және дәрілер технологиясы

Фармацевтикалық химия және фармакогнозия

M143

Биомедицина

Биостатистика

Дәлелді медицина

M144

Медицина

Биостатистика

Дәлелді медицина

M145

Медициналық-профилактикалық іс

Биостатистика

Гигиена және эпидемиология

M146

Әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік жұмыс теориясы

Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары

M147

Туризм

Туризмология негіздері

Экскурсиятану

M148

Тынығу

Мәдени-тынығу қызметіндегі әдістемелік жетекшілік технологиясы

Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг

M149

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Мейрамхана және мейманханада қызмет көрсету технологиясы

Мейманхана және мейрамхана менеджменті

M150

Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу

Еңбек қорғауды басқару жүйелері

M151

Көлік қызметтері

Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы

Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару

M152

Логистика (сала бойынша)

Жеткізу тізбектерін басқару

Көлік логистикасы Жүктеу

М153

Археология және этнология

Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы

Археология негіздері

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 7 маусымдағы
№ 264
2-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
10-1-қосымша

Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт (қағаз және (немесе) электрондық форматтағы тестілеу кезінде)

            __________________________________________________________________________
(код) (ұйымның атауы)

      "______"_______________20____жыл
"______" сағат "______" минут
Тестілеу әкімшісі _________________________________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда))
Тестілеу уақытында түсуші:
Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________, ЖСН__________,
№ ____ аудитория, № ____ орын, № ________ нұсқа, Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларының 35-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар
_________________________________________________________________________
(тыйым салынған заттың атауы, саны) табылды:

      Осы фактіні ескере отырып, қаулы етеміз:
тестілеу материалы алынсын;
түсуші Т.А.Ә. (болған жағдайда)
____________________________, ТЖК____________,
№ ____ аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен таныстым:
_______________________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________________
(бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________________
(түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)




      Күні:_________