Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28283 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімінің үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 493 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21252 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті құқықтық актпен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 303 Бұйрыққа
1-қосымша

Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздерді айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру – осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес оқшалауды бағалаудың балдық жүйесі талаптарын орындауды қосатын, көлік құралдарын сериялық өндірісінің жүйесі;

      2) көлік құралы – ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым);

      3) көлік құралына құрамдас – көлік құралы конструкциясының құраушы бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш;

      4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарының өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – Өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;

      5) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісім (бұдан әрі – Көпжақты келісім) – Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Келісімге сәйкес дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындаған өндірушілердің бірімен бұрын жасалған келісім шеңберінде уәкілетті орган мен өндірушілер арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;

      6) өндірістік активтер – ауыл шаруашылығы техникасын дайындау кезінде өндіріске тікелей қатысатын, өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансындағы негізгі қаражаттарға жататын ұзақ мерзімді активтер.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Келісім көлік құралдарына Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) әрбір коды бойынша өндірушімен жиырма жыл мерзімге осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген үлгілік нысанға сәйкес жасалады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібі мен шарттары

      4. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 870120101), автобустардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 8702), арнайы мақсаттағы көлік құралдарының (ЕАЭО СЭҚ ТН 8705), жеңіл (ЕАЭО СЭҚ ТН 8703) және жүк (ЕАЭО СЭҚ ТН 8704) автомобильдерінің ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Қағидаларыға сәйкес технологиялық жабдықты пайдалануды қосатын оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес орындағаннан кейін жасалады.

      Жасалатын келісімдерге осы Қағидаларға сәйкес оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптары қолданылады.

      Ершікті тартқыштарды, автобустарды, арнайы мақсаттағы көлік құралдарды, жеңіл және жүк автомобильдерінің ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімді Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының орындауы, осындай заңды тұлғаларға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар, сондай-ақ өнеркәсіпті дамытуға бағытталған Заңда көзделген шарттарды жасасуға мүмкіндік береді.

      5. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 кодын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 8701-8705 кодтары бойынша көпжақты келісімдерді уәкілетті орган моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен және көлік құралдарын өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының басқа заңды тұлғасымен шанағын (кабинасын) дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды көпжақты келісім жасалған кезден бастап екі жылдан аспайтын мерзімде орындаған жағдайда осындай заңды тұлғамен жасасады.

      6. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы мақсаттағы көлік құралдарының, жеңіл және жүк автомобильдерінен басқа ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім кемінде 700000 (жеті жүз мың еселік) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде негізгі қаражат болған жағдайда ішкі құжатпен бекітілген технологиялық операцияларға сәйкес оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесін қолданусыз жасалады.

      7. Келісімнің қолданылу кезеңінде осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес есептелетін оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі сәйкес келген кезде, Келісім шеңберінде талаптар мен міндеттемелердің орындалуы сақталған кезде заңды тұлға мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралдарын өндіруді жүзеге асырады:

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалауды жүргізу;

      қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;

      артқы және (немесе) алдынғы аспаларды орнату;

      газ шығару жүйесін орнату;

      ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;

      орнату бұрыштарын реттеу арқылы жүру доңғалақтарын орнату;

      тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;

      тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

      сәйкестендіру нөмірін енгізу;

      дайын көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу.

      Қоқыс тасығыш көліктер және (немесе) өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде өндіруші мынадай шарттардың біреуінің орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) осы өндірушінің қоқыс шығару жабдығы және (немесе) өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімнің болуы және шығарылатын компоненттерді міндетті түрде қоқыс тасығыш көліктер немесе өрт сөндіру автомобильдерді өндірісінде пайдалануға;

      2) қоқыс шығару жабдығы және (немесе) өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығарған жабдықты немесе өрт қондырмасын пайдалануға;

      3) қоқыс тасығыш көліктер және (немесе) өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде мынадай технологиялық операцияларды орындауға:

      металдан жасалған дайындамаларды пішу және ию, шанақты (бункерлерді, контейнерлерді, цистерналарды (ыдыстарды) немесе арнайы мақсаттағы қондырмаларды) құрастыру, дәнекерлеу, бояу;

      жақтауларды құрастыру, дәнекерлеу (конструкцияда бар болса);

      шанақты (бункерлерді, контейнерлерді) немесе цистерналарды (ыдыстарды) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырмаларды және аспалы жабдықты монтаждау;

      басқару органдарын монтаждау;

      электр жабдығы жүйесін, пневможабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса) монтаждау;

      4) қоқыс таситын және (немесе) өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде мынадай технологиялық операцияларды орындау:

      шыны талшықты және арматуралық материалды пішу, металдан ипотека жасау, жеке панельдер жасау;

      шыны талшықтан жасалған шанақ панельдерін құрастыру (желімдеу), шанақты (бункерді, контейнерді, цистернаны (ыдысты) немесе арнайы мақсаттағы қондырманы) бояу;

      шанақты (бункерді, контейнерді) немесе цистернаны (ыдысты) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырманы және аспалы жабдықты монтаждау;

      басқару органдарын монтаждау;

      электр жабдықтары жүйесін, пневматикалық жабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде) монтаждау.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келісімді жасау үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш жібереді:

      1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты - жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы мақсаттағы көлік құралдарына және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болатын ЕАЭО СЭҚ ТН-ның тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты - кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы мақсаттағы көлік құралдарына және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) көлік құралдарының екі және одан да көп маркаларын өндіру кезінде көлік құралының әрбір өндірілетін маркасы бойынша кемінде бір модель және кәсіпорында көлік құралының тек бір маркасын өндіру кезінде кемінде екі модель құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;

      Дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыруды растайтын құжаттар:

      дәнекерлеуді, бояуды, құрастыруды ұйымдастыруға арналған жабдықтың атауын; жабдықтың түгендеу нөмірін; жабдықтың өндірістік қуаты; дәнекерлеу, бояу, құрастыру цехының (учаскесінің) құрамындағы жалпы өндірістік қуатты; екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде сағатына бірліктерді (жылына бірліктерді) және пайдалануға беру күнін қамтитын шанақты (кабинаны) дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі өндірістік қуаттарды пайдалануға беру актісі;

      Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі не көлік құралдарын өндіру жүзеге асырылатын өндірістік объектіге (ғимаратқа, құрылысқа) меншік құқығын немесе иелену (жалға алу) құқығын растайтын құжат;

      шанақты дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі жабдықты сатып алуға арналған шот-фактура немесе шанақты дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі жабдықты импорттау жөніндегі кедендік жүк декларациясы;

      тауар белгісінің және (немесе) көлік құралының конструкциясының иесінен көлік құралын өндірудің лицензиялық құқықтарын растайтын құжат немесе тауар белгісін және (немесе) көлік құралының конструкциясын иелену құқығын растайтын құжат;

      өндірушінің дайындаушы немесе құрастыру зауыты ретінде көрсетілген келісім жасасу сәтінде қолданыстағы ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралының типін мақұлдаудың көшірмесі;

      2) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптарына сәйкес өндірістік активтердің болуы туралы аудиттелген қаржылық есептілік;

      3) технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді іске асырудың жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада қоса беріледі;

      4) тауар белгісінің және (немесе) көлік құралының конструкциясының иесінен көлік құралын өндіруге лицензиялық құқықтарды растайтын құжаттардың немесе тауар белгісіне және (немесе) көлік құралының конструкциясына иелік құқығын растайтын құжаттың көшірмелері;

      5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелген өндірушілерді қоспағанда, өтінім берілген күні қолданыста болатын инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың көшірмесі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 кодын қоспағанда, осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН 8701-8705 кодтары бойынша көпжақты келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш жібереді:

      1) ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің көшірмесі;

      2) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келетін технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылатын, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді іске асыру жоспар-кестесінің жобасы қоса беріледі;

      3) заңды тұлғаның тауар белгісінің және (немесе) көлік құралы конструкциясының иесінен көлік құралын жүргізудің лицензиялық құқықтарын растайтын құжаты.

      10. Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтініш жібереді:

      1) кәсіпорында ершікті тартқыштарды, автобустарды, арнайы мақсаттағы көлік құралдарының, жеңіл және жүк автомобильдерін қоспағанда, көлік құралдары өндірісін ұйымдастыруды растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      өндірістік активтердің болуы туралы аудиттелген қаржылық есептілік;

      тауар таңбасының және (немесе) көлік құралы конструкциясының иесінен көлік құралын жүргізудің лицензиялық құқықтарын растайтын құжаттың көшірмесін қоса береді.

      2) ішкі құжатпен бекітілген технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылатын осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жоспар-кесте жобасын ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды өндірушіден жазбаша өтініш алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде қарайды және комиссияның шығып тексеруін ұйымдастырады.

      Көлік құралын өндіруге лицензиялық құқықтарды растайтын құжаттың немесе тауар белгісіне және (немесе) көлік құралының конструкциясына иелік құқығын растайтын құжаттың дұрыстығын уәкілетті орган тауар белгісінің және (немесе) көлік құралы конструкциясының иесіне сұрау салу жіберу жолымен, өндірушіден сұрау салудың көшірмесін бере отырып, өндірушіден өтініш алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде белгілейді.

      Тауар таңбасының және (немесе) көлік құралы конструкциясының иесінен сұрау салу бойынша жауап алу кезеңіне өндірушінің өтінішін қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      Көшпелі комиссия, өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкес еместігі, сондай-ақ оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі мен технологиялық операциялар шарттарының сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында, өндірушіні осындай шығып тексеруге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын алдын ала хабардар ете отырып, қажет болған кезде мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, уәкілетті органның қызметкерлері (бұдан әрі – комиссия) қатарынан қалыптастырылады.

      Көшпелі тексеру қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы көшпелі комиссияның хаттамалық шешімін қабылдайды және оны шығып тексеру жүзеге асырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді.

      Көшпелі тексеруді ұйымдастыру мерзімдері уәкілетті орган осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес өндіруші ұсынған құжаттарды қарау мерзіміне енгізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көшпелі комиссияның ұсынылған құжаттардың сәйкестігі туралы хаттамалық шешімі қабылданған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өндірушіге мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада Келісім жобасын және жоспар-кестені жібереді.

      Ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі туралы көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі қабылданған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім жасасудан жазбаша бас тартуды жібереді.

      13. Өндіруші Келісім жобасын мен жоспар-кестенің жобаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын не болмаса келісімді жасасудан уәжді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.

      14. Уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өндіруші келісімді жасасудан бас тартқан болып саналады.

      15. Келісім жобасының және жоспар-кестенің даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді.

      Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      16. Өндірушіге мынадай:

      1) осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;

      2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің), оның ішінде комиссияны тексеру нәтижесінде дұрыс еместігін анықтаған жағдайларда келісім жасасудан бас тартады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу тәртібі

      17. Келісімге мынадай негіздер бойынша:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өндірушінің қызметіне қатысты өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;

      2) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      18. Келісім:

      1) тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша біржақты тәртіппен хабарлама жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде жоймаған кезде;

      3) келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша бұзылады.

      19. Өндіруші Келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты Келісімді бұзған кезде өндіруші Келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ұсынылған жеңілдіктерді өтейді.

      Өндірушінің бастамасы бойынша келісім бұзылған жағдайда, өндіруші өз міндеттемелерін бұзған күні орындаған жағдайда, келісім жасалған күннен бастап өндірушіге берілген жеңілдіктерді өтеу жүргізілмейді.

      Тараптардың бірінің көпжақты келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты көпжақты келісім бұзылған жағдайда, оны бұзған тарап көпжақты келісім жасалған күннен бастап оған берілген барлық жеңілдіктерді өтейді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы мақсаттағы көлік құралдарына мен жеңіл және жүк автокөліктерге қатысты өндірісті оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі

      20. Келісімді іске асыру шеңберінде уәкілетті орган өндіруші ұсынған есептік құжаттама негізінде не көшпелі тексеру қорытындылары бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына көлік құралдарын өндіру кезінде бұйымдар мен құрауыштарды, сондай-ақ көлік құралдарын құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдануды бағалауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес көлік құралының ЕАЭО СЭҚ ТН әрбір коды бойынша балл беріледі.

      21. Өндірушілерді көлік құралдарын өндіру кезінде осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралдарына қосымша бұйымдар мен құрауыштарды, технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдану бойынша ынталандыру мақсатында көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау үшін әрбір бес жыл сайын ұлғайтылатын шекті балдар белгіленеді.

      Өндіруші келісім жасасу кезінде және оның қолданылу кезеңінде қол жеткізуге тиіс шекті мән 3000 балды құрайды. Әрбір келесі бес жыл сайын шекті мән 2000 балға ұлғайтылатын болады. Ағымдағы кезеңге белгіленген шекті мәнге балдар сомасы жеткен жағдайда, көрсетілген балдар келесі есептік кезеңге ескеріледі.

      22. Шекті балдар дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды қолдана отырып есепті кезеңде шығарылған көлік құралдарының модельдері негізінде өндіруші келесі шарттарды орындаған кезде есептеледі:

      1) жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдары өндірісінің көлемі:

      2024 жылы кемінде жиырма пайыз;

      2025 жылы кемінде отыз пайыз;

      2026 жылы кемінде қырық пайыз;

      2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде елу пайыз;

      ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдарын өндіріу көлемі:

      2024 жылы кемінде жиырма пайыз;

      2025 жылы кемінде жиырма бес пайыз;

      2026 жылы кемінде отыз пайыз;

      2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайыз;

      2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, өндірілетін көлік құралының әрбір маркасы бойынша кемінде бір моделін шығаруға міндетті.

      Осы тармақты қолдану мақсатында 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады. Жаңадан жасалған Келісім үшін бірінші есепті жыл болып ол күшіне енген сәттен басталып сол жылдың 31 желтоқсаны аралығында есептеледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Келісімдерде белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуын бақылау мақсатында комиссия Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісімдер жасасу талаптарына сәйкестігін және осындай келісімдер шеңберінде өзі қабылдаған міндеттемелердің орындалуын көшпелі тексерулерді жүзеге асырады.

      24. Көшпелі тексеру уәкілетті органның хабарламасы негізінде жылына екі реттен артық жүзеге асырылмайды.

      25. Уәкілетті орган кемінде үш жұмыс күні бұрын хабарлама жібере отырып, өндірушіні өндіріс орнына көшпелі тексеру жүргізілетіні туралы ресми хабардар етеді.

      26. Тексеруді жүзеге асыру алдында комиссия тексерілетін кәсіпорынның басшысына немесе оның орнындағы адамға тексеру жүргізуге оның өкілеттігін растайтын хабарламаны ұсынады.

      27. Комиссия технологиялық процестерге сәйкес өнімді дайындау үшін қажетті жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың болуы мен жұмыс қабілеттілігін тексереді және кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеуді жүргізеді, сондай-ақ 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес балдарды көрсете отырып, келісім жасасу кезінде өндірушіге көлік құралдары өндірісінің оқшауландырылуын бағалауды растауды жібереді (бұдан әрі - растау хаты).

      Кәсіпорынның өндірістік қуаты (ӨҚ) мынадай формула бойынша есептеледі: ӨҚ=УТҚ/Ес, мұндағы УТҚ – кәсіпорынның жұмыс уақытының тиімді қоры; Ес – өнім бірлігін дайындаудың еңбек сыйымдылығы.

      Өнімділік шанақтарда сағатпен өлшенеді.

      28. Комиссия мүшелері тексеру жүргізу кезінде мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті тексеру актісіне (бұдан әрі-акт) материалдарды қоса беру үшін Келісім шеңберінде өндірушіге жүктелген өндірістің негізгі процесін және технологиялық және өзге де операциялардың орындалуын фото-бейне тіркеуді;

      2) өндіріс процесіне байланысты құжаттаманы сұрауды және тексеруді;

      3) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша басшылардан және басқа да қызметкерлерден жазбаша түсініктемелер сұрауды және алуды жүзеге асырады.

      Қоса берілген фото-бейне материалдар, сұратылған құжаттама және жазбаша түсініктемелер үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды және комиссияның уәкілетті органында қатаң сақталады.

      29. Келісімнің қолданылу кезеңінде өндірушінің шекті мәнге қол жеткізуін айқындау үшін уәкілетті орган өндіруші ұсынған есептік құжаттама негізінде не көшпелі тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды және оны бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді.

      Өндіруші тексеру қорытындылары бойынша барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес балдарын көрсете отырып, растау хатын жібереді.

      Тексеру нәтижелері бойынша өндіруші бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, өндіруші бұзушылықтарды акт жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде жоюға міндетті. Бұзушылықтарды жойғаннан кейін уәкілетті орган өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес балдарын көрсете отырып, растау хатын жібереді.

      Өндіруші анықталған бұзушылықтарды үш ай мерзімде жоймаған жағдайда, Келісім осы Қағидалардың 18-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.

      30. Растау хатын өзектендіру өндірушінің уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсына отырып, жазбаша өтініші бойынша және жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, оның қорытындысы бойынша жаңартылған растау хатын береді немесе өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес еместігі анықталған жағдайда, өндірушіні растау хатын жаңартудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары мен
шарттары, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
1-қосымша

      Оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары

Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік құрастыру үшін бастапқы талаптар тізбесі

1

Заңды тұлғалар үшін жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты:
Айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес сомаға лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында;
Екі ауысымдық режимде өндірістік қуаты жылына 25 мың бірліктен кем емес болуы;
Көлік құралдарының екі және одан да көп маркаларын өндіру кезінде көлік құралының әрбір өндірілетін маркасы бойынша кемінде бір модельдің және кәсіпорында көлік құралының тек бір маркасын өндіру кезінде кемінде екі модельдің шанағын дәнекерлеу;
Катафорезді қоса алғанда, көлік құралдарының екі және одан да көп маркаларын өндіру кезінде көлік құралының әрбір өндірілетін маркасы бойынша кемінде бір модельдің және кәсіпорында көлік құралының тек бір маркасын өндіру кезінде кемінде екі модельдің шанағын бояу;
Көлік құралын құрастыру (күштік агрегатты, артқы осьті, шығару жүйесін, электр жабдығының элементтерін, аспа элементтерін монтаждау, дайын көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу).

2

Заңды тұлғалар үшін ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы мақсаттағы көлік құралдар және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты:
Ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы мақсаттағы көлік құралдарына және жүк автомобильдеріне қатысты - айлық есептік көрсеткіштің кемінде 3500000 еселенген (үш миллион бес жүз мың еселенген) мөлшеріндегі өндірістік активтердің болуы
Екі ауысымдық режимде өндірістік қуаты жылына ершікті тартқыштарға, арнайы мақсаттағы көлік құралдарына және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде 10 мың бірлік, автобустарға қатысты - жылына кемінде 1,2 мың бірлік болуы
Автобустарға қатысты кемінде шанақтың бір моделін дәнекерлеу, ершікті тартқыштар, арнайы техника және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде кабинаның бір моделін дәнекерлеу
Автобустарға қатысты кемінде шанақтың бір моделін бояу, ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдар және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде кабинаның бір моделін бояу
Көлік құралын құрастыру (күштік агрегатты, артқы осьті, шығару жүйесін, электр жабдығының элементтерін, аспа элементтерін монтаждау, дайын көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу)
Арнайы техникаға қатысты – дайындамаларды пішу және ию, шанақты немесе өзге де аспалы жабдықты құрастыру, дәнекерлеу, бояу
Мынадай операцияларды: шанақты (кабинаны) герметизациялау, бояуға дайындау, шанақты (кабинаны) бояу, жылтыратуды орындау үшін технологиялық жабдықты қолдана отырып, топырақ, базалық эмаль және лак жағу учаскелері (посттары) бар бояу цехының болуы.

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
2-қосымша

      Жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасында өндірістік құрастыру үшін талаптар тізбесі

Балдар

1

Заңды тұлғалар үшін жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары орындау

3000

2

Негізгі құралдарға кемінде 2 млн. АЕК қосымша инвестициялар

500

3

Көлік құралының бір моделінің шанағын (қара шанақ массасының 50%-дан кем емес) қалыптау

500

4

Көлік құралының қосымша моделінің шанағын (қара шанақ массасының 50%-дан кем емес) қалыптау

500

5

Көлік құралының қосымша моделінің шанағын дәнекерлеу

1000

6

Көлік құралының қосымша моделінің шанағын бояу

1000

7

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына бұйымдар мен құрауыштарды қолдану*:



Қозғалтқыш

500


АБҚ (берілісті ауыстыру қорабы)

500


Вариатор

500


АКБ (аккумулятор батареясы)

500


Дөңгелек дискілер

500


Шина

500


Бампер

500


Есік тұтқалары

250


Сыртқы айнаның қапшығы

250


Орындықтар

200


Шығару жүйесі

100


Диагностика және қашықтықтан басқару жүйелері

100


Шынылар

200


Сымдардың бумасы

500


Салонға арналған резеңке кілемшелер

100


Техникалық сұйықтықтар:



Мотор майы

50


АБҚ майы

20


Тежегіш сұйықтығы

20


Салқындатқыш

20


Жуу сұйықтығы

10


Сүзгілер

200


Радиатор

100


Түтіктер мен құбыршектер

50


Мойынтіректер

50


Қауіпсіздік белдіктері

50


Қауіпсіздік жастықтары

200


Сыртқы жарықтандыру аспаптары

100


Сөндіргіш және газ шығаратын түтік

50


Тежегіш жүйесі

100


Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогы

200


Бұғаттаушқа қарсы жүйені және автомобильді динамикалық тұрақтандырудың электрондық жүйесін басқару блоктары, гидроблок (модулятор)

200


Трансмиссияны басқарудың электрондық блогы

200


Шанақ электроникасың электронды басқару блогы

200


Аспаптар комбинациясын басқару блогы

200


Жақтау

100


Кергіш

100


Спойлер

100


Рөл жүйесі

200


Рөл дөңгелегі

50


Айналар

50


Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің аспаптары, мультимедиялық жүйе

100


Лак-бояу материалдары

100


Аспа немесе пневмоаспа

100


Отын багы (электромобильдерден басқа)

100


Көпірдің білігі

500


Жетекші көпірдің басты берілісі (редуктор)

500


ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесінің блогы

100

8

Өзге талаптар:



Өнертабысқа патенттер (өткен жылы алынған әрбір патент үшін)

100


ҒЗТКЖ (түсімнің әрбір 0,05% үшін)

50


Экологиялық стандарттарға (ISO 14001, ISO 9004, ISO 9001, ISO 9014) сәйкес келетін "жасыл" технологияларды қолдану және/немесе "жасыл" жобаларға/бастамаларға қатысу

100


Кадрларды даярлау мақсатында кәсіпорын құрылымында оқыту орталықтарының болуы немесе біліктілікті арттыру мақсатында персоналды оқыту

100


Кәсіпорында дуальді оқыту жүйесін іске асыру: жоғары оқу орындарымен және колледждермен шарттардың, оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы

30


Оқу инфрақұрылымының: жабдықталған оқу сыныптары, жаттығу алаңдары, oқу жабдықтарыболуы

20


Жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін өндірістік тағылымдамалар мен практика жүйесінің: тағылымдамалар бағдарламалары, сертификаттар, тізімдерінің болуы

30


Кадрларды кәсіби даярлаудың, дуальді оқытудың және адами ресурстарды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу

30


Процестерді автоматтандыруға, өнімділік пен тиімділікті арттыруға бағытталған цифрландыру және/немесе ақпараттық технологиялар бойынша технологияларды қолдану

200


Жылына өндірілген көлік құралдары экспортының әрбір 5% үшін

250


Құрамдастардың шағын өндірушілері үшін технологиялық және/немесе индустриялық паркті құру

200


  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
3-қосымша

      Ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы мақсаттағы көлік құралдар және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасында өндірістік құрастыру үшін талаптар тізбесі

Балдар

1

заңды тұлғалар үшін ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы мақсаттағы көлік құралдар және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары орындау

3000

2

Негізгі қаражаттарға кемінде 100 мың АЕК қосымша инвестициялар

500

3

Көлік құралының қосымша моделінің (3 модельден артық емес) шанағын/кабинасын қалыптау

500

4

Көлік құралының қосымша моделінің шанағын/кабинасын дәнекерлеу

500

5

Көлік құралының қосымша моделінің шанағын/кабинасын бояу

500

6

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына бұйымдар мен құрамдастарды қолдану*:



Қозғалтқыш

500


АБҚ (ауыспалы беріліс қорабы)

500


Вариатор

600


АКБ (аккумулятор батареясы)

500


Дискілер

500


Шиналар

500


Бамперлер

500


Есік тұтқалары

250


Сыртқы айнаның қапшығы

250


Орындықтар

200


Шығару жүйесі

100


Диагностика және қашықтықтан басқару жүйелері

100


Шынылар

200


Сымдардың бумасы

500


Салонға арналған резеңке кілемшелер

100


Техникалық сұйықтықтар:



Мотор майы

50


АБҚ майы

20


Тежегіш сұйықтығы

20


Салқындатқыш

20


Жуу сұйықтығы

10


Сүзгілер

200


Радиатор

100


Түтіктер мен құбыршектер

50


Мойынтіректер

50


Қауіпсіздік белдіктері

50


Қауіпсіздік жастықтары

200


Сыртқы жарықтандыру аспаптары

100


Сөндіргіш және газ шығаратын түтік

50


Тежегіш жүйесі

100


Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогы

200


Бұғаттаушқа қарсы жүйені және автомобильді динамикалық тұрақтандырудың электрондық жүйесін басқару блоктары, гидроблок (модулятор)

200


Трансмиссияны басқарудың электрондық блогы

200


Шанақ электроникасың электронды басқару блогы

200


Аспаптар комбинациясын басқару блогы

200


Жақтау

100


Кергіш

100


Рөл жүйесі

200


Рөл дөңгелегі

50


Айналар

50


Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің аспаптары, мультимедиялық жүйе

100


Лак-бояу материалдары

100


Аспа немесе пневмоаспа

200


Отын багы (электромобильдерден басқа)

50


Көпір білігі

500


Жетекші көпірдің басты берілісі (редуктор)

500


ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесінің блогы

100


Жалпы және (немесе) арнайы мақсаттағы қондырма:



Автокран

100


Рефрижератор

100


Цистерна

500


Борттық платформа

75


Өрт сөндіру автомобилі

500


Қоқыс тасушы

500


Реанимобиль

100


Медициналық автокөлік

100


Тұтқындарды тасымалдауға арналған автомобиль

100


Эвакуатор

100


Демонстранттарды таратуға арналған автомобиль

100


Коммуналдық-жол техникасы

100


Өнеркәсіптік тауар фургоны

100


Изотермиялық фургон

100


Самосвал

100


Арнайы мақсаттағы басқа қондырмалар

100


Жалпы мақсаттағы басқа қондырмалар

100

7

Өзге талаптар:



Өнертабысқа патенттер (өткен жылы алынған әрбір патент үшін)

100


ҒЗТКЖ (түсімнің әрбір 0,05% үшін)

50


Экологиялық стандарттарға (ISO 14001, ISO 9004, ISO 9001, ISO 9014) сәйкес келетін "жасыл" технологияларды қолдану және/немесе "жасыл" жобаларға/бастамаларға қатысу

100


Кадрларды даярлау мақсатында кәсіпорын құрылымында оқыту орталықтарының болуы немесе біліктілікті арттыру мақсатында персоналды оқыту

100


Кәсіпорында дуальді оқыту жүйесін іске асыру: жоғары оқу орындарымен және колледждермен шарттардың, оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы

30


Оқу инфрақұрылымының: жабдықталған оқу сыныптарының, жаттығу алаңдарының, oқу жабдықтарының болуы

20


Жоғары және орта білім беру оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін өндірістік тағылымдамалар мен практика жүйесінің: тағылымдамалар бағдарламаларының, сертификаттардың, тізімдерінің болуы

30


Кадрларды кәсіби даярлаудың, дуальді оқытудың және адами ресурстарды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу

30


Процестерді автоматтандыруға, өнімділік пен тиімділікті арттыруға бағытталған цифрландыру және/немесе ақпараттық технологиялар бойынша технологияларды қолдану

200


Жылына өндірілген көлік құралдары экспортының әрбір 5% үшін

250


Құрамдастардың шағын өндірушілері үшін технологиялық және/немесе индустриялық паркті құру

200


  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
4-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша көлік құралдарының атауы

Көлік құралдарын өндіру бойынша технологиялық операциялар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5










      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

Уәкілетті орган
____________________

Өндіруші
_________________

________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

      Күні 20__ жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
5-қосымша

      Нысан

      Ұсынылған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі

      ___________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
_______________________________________________________________________________,
(өндірушінің атауы)
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасының коды бойынша көлік құралдарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық.
Тексеру шеңберінде мыналар анықталды:
1.____________
2.____________
3.____________
Көшпелі тексеру қорытындысы бойынша Комиссия мынадай шешім қабылдады:
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________(қолы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________(қолы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________(қолы)

      Қорытындының күні мен нөмірі: 20__ жылғы "___" ___________ №____

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары
мен шарттарын сондай-ақ
өзгерту және бұзу үшін
негіздерге
6-қосымша

      Нысан

Өндірісті тексеру туралы қорытынды

      ____________________________________ кәсіпорнының _____________________________
(өндірушінің атауы) (өнім түрін көрсету)
өндірісін ___________ №______ тексеру актісі негізінде
(бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен Көлік құралдарын
өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім шеңберінде Кәсіпорынның өз міндеттемелерін
орындауын растаймыз (растамаймыз).
Оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес ____балл жиналды.
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті
тартқыштар (ЕАЭО СЭҚ ТН 870121101), автобустар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8702), арнайы
мақсаттағы көлік құралдар (ЕАЭО СЭҚ ТН 8705), жеңіл (ЕАЭО СЭҚ ТН 8703) және жүк
автомобильдері (ЕАЭО СЭҚ ТН 8704) бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру
туралы келісімдер үшін).
Осы Қорытындымен мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қазақстан
Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария
етпеуге кепілдік береміз және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда мемлекеттік органдарды қоспағанда, мәліметтерді жеке мақсаттарда
пайдаланбауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеміз.
Комиссия мүшелері:
_______________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы)
Комиссия төрағасы ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімді
жасасу қағидалары мен
шарттарын, сондай-ақ өзгерту
және бұзу үшін негіздерге
7-қосымша

      Нысан

      Өндірісті тексеру актісі

      Күні 20__ жылғы "__" _______ №____
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, көлік құралдарының және (немесе)
олардың құрамдастарының, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) олардың
құрамдастарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық (қажетінің асты сызылсын):
_______________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы)
_________________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан
______________________________________________________________________________,
(өндірушінің атауы)
кәсіпорынды тексерудің осы актісін жасадық.
Тексеру актісіне кәсіпорындағы өндірістік процестің фото-бейне материалдары қоса
беріледі.
Өтініш берушінің өз міндеттемелерін орындауы (орындамауы) туралы белгі (сипаттамасы):
________________________________________________________________________________

Комиссия төрағасы ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2022 жылғы 30 мамырдағы
№ 303 Бұйрыққа
2-қосымша

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан


      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

      (ЕАЭО СЭҚ ТН коды_________. ___________________________________.)
(ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша атауы)


      ___________ қ. _________________
(күні, айы, жылы)


      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы осы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын
_______________________________________________________________________ атынан
(уәкілетті органның атауы)
__________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
______________________________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(бұдан әрі –Уәкілетті орган) және
________________________________________________________________________ атынан
(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)
___________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
______________________________________________________________________________
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі – Өндіруші), бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, мыналарды:
1) Уәкілетті органға осы Келісімді жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгенін;

      2) Тараптар Келісімнің шарттарын іске асыру кезінде оның өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып, төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.

      1-тарау. Келісімнің мәні

      1. Осы Келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, көлік құралдары өндірісінің дамуына бағытталған көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі Тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.

      2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы нашарлату жағына қарай өзгерген жағдайда келісім күшіне енген кезде қолданылатын заңнамалар нормалары қолданылады.

      2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      3. Өндіруші:

      1) өндіруші келесі шарттарды орындаған кезде дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыруды қамтамасыз етуге:

      жеңіл автомобильдер мен автобустар үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдары өндірісінің көлемі:

      2024 жылы кемінде жиырма пайыз;

      2025 жылы кемінде отыз пайыз;

      2026 жылы кемінде қырық пайыз;

      2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде елу пайыз;

      ершікті тартқыштар, арнайы мақсаттағы көлік құралдары, жүк автомобильдері үшін дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, көлік құралдарын өндіріу көлемі:

      2024 жылы кемінде жиырма пайыз;

      2025 жылы кемінде жиырма бес пайыз;

      2026 жылы кемінде отыз пайыз;

      2027 жылы және одан кейінгі жылдары ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша өндірілген көлік құралдарының жалпы санының кемінде отыз бес пайыз;

      2) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптарын Қосымшаға сәйкес орындауға;

      3) келісім жасасқаннан кейін әрбір келесі бес жылда оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің шекті мәніне қол жеткізуге;

      4) уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;

      5) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға үш ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге;

      6) есепті айдан кейінгі әрбір айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға маркаларын, модельдерін және құнын көрсете отырып, шығарылған көлік құралдарының саны туралы есеппен шығару көлемі туралы мәліметтерді ұсынуға (кәсіпорынның паспорты);

      7) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуға:

      оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес есептеу жүргізілген көлік құралы моделінің (модификация) атауын көрсете отырып, келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер;

      саны, маркасы, модельдері көрсетілген шығарылған көлік құралдарының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты);

      дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операциялармен өндірілген көлік құралдарының модельдері бойынша ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және (немесе) сараптама актісінің көшірмелері.

      8) әр бес жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін уәкілетті органға оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралының шығарылғанын растайтын құжаттарды ұсынуға;

      9) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап көлік құралдарының жаңа маркаларын өндіріске енгізу кезінде шанақты (кабинаны)дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, әрбір өндірілетін көлік құралының маркасы бойынша кемінде бір модель өндіруді жүзеге асыруға;

      10) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды қолдана отырып, өндірілетін көлік құралының әрбір маркасы бойынша кемінде бір моделін шығаруға;

      11) қоқыс тасығыш көліктер мен өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде өндіруші мынадай шарттардың біреуінің орындалуын қамтамасыз етуге:

      11.1) қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімнің болуы және шығарылатын компоненттерді міндетті түрде өндірісте пайдалануға;

      11.2) қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығарған жабдықты немесе өрт қондырмасын пайдалануға;

      11.3) қоқыс тасығыш көліктер мен өрт сөндіру автомобильдерін өндіру кезінде мынадай технологиялық операцияларды орындауға:

      металдан жасалған дайындамаларды пішу және ию, шанақты (бункерлерді, контейнерлерді, цистерналарды (ыдыстарды) немесе арнайы мақсаттағы қондырмаларды) құрастыру, дәнекерлеу, бояу;

      жақтауларды құрастыру, дәнекерлеу (конструкцияда бар болса);

      шанақты (бункерлерді, контейнерлерді) немесе цистерналарды (ыдыстарды) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырмаларды және аспалы жабдықты монтаждау;

      басқару органдарын монтаждау;

      электр жабдығы жүйесін, пневможабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса) монтаждау;

      11.4) мынадай технологиялық операцияларды орындауға:

      шыны талшықты және арматуралық материалды пішу, металдан ипотека жасау, жеке панельдер жасау;

      шыны талшықтан жасалған шанақ панельдерін құрастыру (желімдеу), шанақты (бункерді, контейнерді, цистернаны (ыдысты) немесе арнайы мақсаттағы қондырманы) бояу;

      шанақты (бункерді, контейнерді) немесе цистернаны (ыдысты) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырманы және аспалы жабдықты монтаждау;

      басқару органдарын монтаждау;

      электр жабдықтары жүйесін, пневматикалық жабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда болған кезде)монтаждау;

      12) өндірушінің келісім талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісімді бұзған кезде келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) тиісті коды бойынша берілген жеңілдіктерді өтеуге міндеттенеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбеуге;

      2) келісімнің іске асырылуын бақылауды;

      3) Уәкілетті орган тексеру жүргізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді өндірушінің орындауы, орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы хаттамалық шешім ұсынуға міндеттенеді.

      5. Өндіруші мыналарға:

      1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттер жасауға;

      2) Уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғауға және:

      мемлекеттік билік органдарының заңдарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген актіні шығару нәтижесінде;

      уәкілетті органның осы Келісім бойынша міндеттемелерді бұзуы нәтижесінде келтірілген залалдарды толық өтеуді талап етуге;

      4) Келісімнің қолданылу кезеңінде осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес есептелетін оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі сәйкес келген кезде, Келісім шеңберінде талаптар мен міндеттемелердің орындалуы сақталған кезде заңды тұлға мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралдарын өндіруді жүзеге асыруға құқылы:

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалауды жүргізу;

      қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;

      артқы және (немесе) алдынғы аспаларды орнату;

      газ шығару жүйесін орнату;

      ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;

      орнату бұрыштарын реттеу арқылы жүру доңғалақтарын орнату;

      тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;

      тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;

      5) өнеркәсіптік құрастыру кезінде басқа қазақстандық заңды тұлғалармен жекелеген операцияларды бірлесіп жүргізуге құқылы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2024 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      6. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      7. Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.

      Бұзушылықтарды жоюды өндіруші хабарламаны алған күннен бастап үш ай мерзімде жүзеге асырады.

      8. Тараптар осы Келісімді:

      1) Тараптардың келісімі бойынша;

      2) өндіруші осы Қелісімнің 7-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда бір жақты тәртіппен уәкілетті органның бастамасы бойынша;

      3) еңсерілмейтін күш жағдайлардың болуы мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

      9. Уәкілетті орган өндірушіні келісімді бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен мынадай:

      1) өндіруші Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;

      2) өндірушінің келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған бұзушылықтар уәкілетті органның осындай бұзушылықтар туралы хабарламасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайларда бұзуға құқылы.

      10. Уәкілетті органның келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы кезінде Өндіруші Келісімді бұзу күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын уәкілетті органды жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      4-тарау. Еңсерілмейтін күш

      11. Егер келісім бойынша міндеттемелерді орындамау немесе орындауда кідіріс еңсерілмейтін күш жағдайында туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.

      12. Еңсерілмейтін күш жағдайларға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар жатады.

      13. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде, олардан зардап шеккен тарап форс-мажор туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа форс-мажордың басталу күнін және оның мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.

      14. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.

      5-тарау. Құпиялылық

      15. Тараптар Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.

      16. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай.

      1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;

      2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;

      3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;

      4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.

      6-тарау. Дауларды реттеу

      17. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.

      18. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

      7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

      19. Осы Келісім ұзарту мүмкіндігімен 20 (жиырма) жылға жасалды және ___________ жылға дейін қолданылады.

      20. ______ қаласында ______ "___" ____________ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

Уәкілетті орган
______________________

Өндіруші
___________________

_______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларымен көлік
құралдарын өнеркәсіптік
құрастыру туралы келісімнің
үлгілік нысанына қосымша

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі

ЕАЭО СЭҚ ТН* коды

ЕАЭО СЭҚ ТН коды бойынша көлік құралдарының атауы

Көлік құралдарын өндіру бойынша технологиялық операциялар

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5










      Ескертпе:

      * ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.

Уәкілетті орган
_______________________

Өндіруші
_____________________

_______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

_____________________
(қолы) (тегі, аты-жөні (бар болса)

      Күні 20__ жылғы "___" _______