БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидаларында:
1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Авиациялық персоналға жатқызылған қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді медициналық қарап-тексеру "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19372 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.";
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) келісімшарт бойынша қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді профилактикалық медициналық қарап-тексеруді;";
3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-параграф. Қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу тәртібі";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Қатардағы жауынгерлер, сержанттар және офицерлер құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер (бұдан әрі – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) жылына бір рет профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтеді.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |