"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 мамырда № 28065 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Әскерге шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.

      Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына бір жұмыс күні ішінде жолдайды.

      Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдыруды келіседі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және орындау үшін әскерге шақыру комиссиясының төрағасына беруді жүзеге асырады.

      Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішін комиссия мүшелерінің қарауына жолдайды.

      Комиссия мүшелері бір жұмыс күні ішінде құжаттардың электрондық көшірмелері қоса берілген өтінішті қарайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағына сәйкес әскери қызметке шақырудан босату туралы өтінішті келіседі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы бір жұмыс күні ішінде комиссия мүшелерінің келісу нәтижелерін қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытынды шығарады не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз бар болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік корпорация жұмыскерлерінің қызмет көрсету кезіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым оның басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 289 бұйрығына
1-қосымша
"Әскерге шақыруды кейінге
қалдыру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде:
1 наурыздан 30 маусымға дейін;
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
әскерге шақырылушының асырауында мынадай отбасы мүшелерінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесі;
ата-анасы болмаған кезде бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
2) өзiнiң асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы болып танылған азаматтар үшін);
3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі;
4) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
әскерге шақырылушының әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылғандығы туралы аудандық (қалалық) медициналық комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
8) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
депутаттық қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушы туралы анықтау және алдын ала тергеу органдарынан алынған және оған қатысты сот қылмыстық істерін қарап жатқан әскерге шақырылушы туралы соттардан алынған, сондай-ақ оған қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оқып жатқанын растайтын құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан алынған анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, баланың (балаларының) туу туралы, зайыбының қайтыс болуы туралы, некеге тұруы туралы құжатының деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің болмауы

10

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет
көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі – 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 289 бұйрығына
2-қосымша
"Азаматтарды әскери қызметке
шақырудан босату" мемлекеттік
қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша

"Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақырудан босату туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

2) ЖАО-да – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде:
1 наурыздан 30 маусымға дейін;
1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы www.egov.kz порталында орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі, әскерге шақырылушыны бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды деп тану туралы облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскерге шақыру комиссиясының шешімінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
2) заңды негiздер, жиырма жеті жасқа толуы бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмағандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе бiрiншi немесе екінші топтағы мүгедек болып қалғандарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жақын туыстарының әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқаны немесе мүгедектік алғандығы туралы әскери бөлім (мекеме) басшысының бұйрығынан немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан үзінділердің электрондық көшірмесі.
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергендерге;
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткергені туралы анықтаманың немесе белгісі бар әскери билеттің электрондық көшірмесі (мемлекеттік және орыс тіліндегі аудармасын нотариат растаған);
5) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ғылыми дәрежесi барларға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
ғылыми дәрежесін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
7) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
діни бірлестік берген дін қызметкері мәртебесін растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің болмауы.

10

Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет
көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін.