Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 мамырда № 27856 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 3, 4, 5 және 7 жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 43 және 44-жолдармен толықтырылсын:

      "

43

"РЗА-Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысы, Қазалы кенті, Әйтеке би кенті, Ғ.Мұратбаев
көшесі, № 1 е

Қызылорда облысы, Қазалы кенті, Әйтеке би кенті, Ғ.Мұратбаев
көшесі, № 1 е

44

"OtarBioPharm" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, Гвардейский кенті, Бауыржан Момышұлы көшесі, 17 үй, 2 пәтер

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округі, 014 есептік орам, № 5 жер учаскесі

      ".

      2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
_____________________
2022 жылғы "___" ________