"Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27571 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына, 167-бабының 6-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін айқындайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көрсетілетін қызметті беруші бақылау-касса машинасын тіркеу есебіне қоюды фискалдық деректер операторының мәліметтерін не Салық кодексінің 167-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Фискалдық деректер операторы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді ұсынған кезде мәліметтерді өңдеу электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған деректерді бермей бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.";

      33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес автоматтандырылған тәсілмен ресімделген пайдаланылмаған теміржол, автобус, әуе билеттері үшін ақшалай есеп айырысуларды қайтару операцияларына қолданылмайды.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күнінен бастап 5 (екі) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге негіз бар. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      44-тармақ алып тасталсын;

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 170-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" уірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібін айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 167-бабының 2-тармағына және 171-бабына сәйкес әзірленген.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 167-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. МКК АЖ мен ФДО АЖ арасындағы ақпараттық алмасудың техникалық талаптары "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЭҮСШ, ЭҮШ арқылы МКК АЖ-ның ФДО АЖ-мен интеграциясы бойынша жеке Келісіммен айқындалған.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 411 бұйрығына
қосымша
Бақылау-касса машиналарын
қолдану қағидаларына
1-қосымша

"Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет көрсетушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету орталығы арқылы;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

1) БКМ есепке қою – 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
2) БКМ тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
3) БКМ есептен шығаруды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Қағаз, электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес тіркеу карточкасын беру (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) аппараттық-бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ БКМ қою кезінде мыналар ұсынылады:
"Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №160 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16425 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БКМ салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – БКМ есепке қою туралы салықтық өтініш);
фискалдық режимді орнатусыз енгізілуі мүмкін көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді қамтитын БКМ;
нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектері кітабы.
Деректерді беру функциясы жоқ аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын БКМ есепке қою кезінде көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттар ұсынылады:
БКМ есепке қою туралы салықтық өтініш;
аппараттық-бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаттамасы;
Мемлекеттік кірістер органында есепке қою үшін мәлімделген аппараттық-бағдарламалық кешен моделінің "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ қою кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
2) Аппараттық-бағдарламалық кешенді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ БКМ инасын есептен шығару үшін көрсетілетін қызметті берушіге оны пайдалану орны бойынша ұсынылады:
Бұйрықпен бекітілген 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – БКМ есептен шығару туралы салықтық өтініш);
көрсетілетін қызметті берушінің пломбасы орнатылған фискалдық жады блогы бар БКМ;
нөмірленген, тігілген, көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының қолымен және мөрімен куәландырылған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектері кітабы;
БКМ тіркеу карточкасы.
Аппараттық–бағдарламалық кешен болып табылатын деректерді беру функциясы жоқ БКМ есептен шығару үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге БКМ есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады және "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының тіркеу мәліметтерін және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесінде алу әдістері бар:
1) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі –ЭЦҚ) болған жағдайда және SMS – хабарландыру арқылы алынған бір реттік парольді пайдалану арқылы фискалдық деректер операторларының интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады;
2) ЭЦҚ болған жағдайда "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы және фискалдық деректер операторларының интернет-ресурстарында SMS-хабарландыру арқылы алынған бір реттік парольді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
"Электрондық үкімет" веб-порталында іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.