"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 22-42-3.3.2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 наурызда № 27147 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 7 қазандағы № 19-42-3.3.17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19491 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген 1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесінің бастығы
Н. Онжанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 22-42-3.3.2 бұйрығына
1-Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
1-Қосымша

"Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А2

1

Қызмет басшысы, бас бухгалтер

2

Бас инженер

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер, аға сарапшы

5

Сарапшы

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты архивист

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты архивист

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты архивист

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ архивист

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: инженер, жүйелік әкімші, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, заңгер, кадр бойынша маман, құжат жүргізуші, жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, дизайнер

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: техник, механик

D блогы (қосалқы персонал)

D


Техникалық орындаушылар: кезекші әкімші

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 22-42-3.3.2 бұйрығына
2-Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
2-Қосымша

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1-1

Басшының орынбасары

А2

1

Өкілдік, зертхана, бөлім басшысы; ғалым хатшы; бас бухгалтер

1-1

Бөлім басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер

2

Жетекші ғылыми қызметкер, бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер, жетекші сарапшы

4

Ғылыми қызметкер, аға сарапшы, кеңесші

5

Сарапшы

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары: қорларды сақтаушы

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, инженер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, жүйелік әкімші, кадр бойынша маман, аудармашы, дизайнер, заңгер

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2022 жылғы 15 наурыздағы
№ 22-42-3.3.2 бұйрығына
3-Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 19-42-3.3.17 бұйрығына
4-Қосымша

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ

Буын

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1-1

Басшының орынбасары

А2

1

Қызмет басшысы, бас бухгалтер

1-1

Қызмет басшысының орынбасары, бас бухгалтердің орынбасары, бас экономист

В блогы (негізгі персонал)

В1

2

Бас сарапшы

3

Жетекші сарапшы

4

Кеңесші

С блогы (әкімшілік персонал)

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын, біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: кадр бойынша маман, заңгер, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бухгалтер