Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру нарығына және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептілікті ұсынуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Төрағасы |
Г. Пирматов |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі |
|
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
| 2022 жылғы 28 ақпандағы № 15 қаулыға қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру нарығына және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептілікті ұсынуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыратын лицензиаттар, бірыңғай оператор есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
25-қосымшаның әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірменің 2-тарауында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 6-бағанда бағалы қағаздардың түпкілікті меншік иесі-номиналды ұстаушы болып табылатын брокердің және (немесе) дилердің, бірыңғай оператордың, кастодианның клиенті (жеке тұлға үшін – тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), заңды тұлға үшін – атауы) көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. 7-бағанда бағалы қағаздардың саны данамен көрсетіледі. Борыштық бағалы қағаздар шығарылым валютасында номиналдық құны бойынша көрсетіледі.";
26-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру нарығына және бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың есептілікті ұсынуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректердің нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: К1_BD-UIP
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20 __ жылғы "_____" _______________ жағдай бойынша
Есепті ұсынатын тұлғалар тобы: инвестициялық портфельді басқарушылар, брокерлер және (немесе) дилерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
Кесте. Инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындаы туралы мәліметтер
(мың теңгемен)
№ | Көрсеткіштің атауы | Баланс бойынша сома | Есепке алынатын көлем (пайызбен) | Есептеу сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақша және салымдар - барлығы, оның ішінде: | |||
1.1 | инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – Ұйымның) балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада кассадағы ақша | 100 | ||
1.2 | осы Қосымшаның 1.9 және 1.10-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша | 100 | ||
1.3 | осы Қосымшаның 1.11-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша | 90 | ||
1.4 | орталық депозитарийдегі шоттардағы ақша | 100 | ||
1.5 | клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарна, маржа салымдары, ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз ету болып табылатын Ұйымның ақшасы | 100 | ||
1.6 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша | 100 | ||
1.7 |
Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының | 100 | ||
1.8 | Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы шоттардағы ақша | 100 | ||
1.9 | Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген эмитенттер немесе акциялары қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болатын эмитенттер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар | 100 | ||
1.10 |
Мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: | 100 | ||
1.11 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-ден "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар | 90 | ||
1.12 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар | 100 | ||
1.13 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар | 100 | ||
2 | Борыштық бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде | |||
2.1 | Басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары | 100 | ||
2.2 | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар | 100 | ||
2.3 | акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар | 100 | ||
2.4 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар | 100 | ||
2.5 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 90 | ||
2.6 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген, қор биржасының ресми тізімінің "Баламалы" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 60 | ||
2.7 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары | 100 | ||
2.8 | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентте) Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар немесе Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 85 | ||
2.9 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген бағалы қағаздар | 100 | ||
2.10 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары | 100 | ||
2.11 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары | 90 | ||
2.12 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары | 80 | ||
2.13 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 100 | ||
2.14 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 85 | ||
2.15 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары | 70 | ||
3 | Акциялар және депозитарлық қолхаттар - барлығы, оның ішінде: | |||
3.1 | негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 100 | ||
3.2 | қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 100 | ||
3.3 | қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары, немесе қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағынд жұмыс істейтін, ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары, және осы қосымшаның 3.4-жолында көрсетілген осы акциялар базалық активі болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды қоспағанда базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 80 | ||
3.4 | қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары, немесе жария сауда-саттыққа жіберілген, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Өңірлік акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары, және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 60 | ||
3.5 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 100 | ||
3.6 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 80 | ||
3.7 | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар | 60 | ||
4 | Өзге бағалы қағаздар - барлығы, оның ішінде: | |||
4.1 | қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары | 70 | ||
4.2 | активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Эксчейндж Трэйдэд Фандс (Exchange Traded Funds) пайлары | 90 | ||
4.3 | Морнинстар (Morningstar) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыз" төмен емес рейтингтік бағасы бар, Эксчейндж Трэйдэд Фандс (Exchange Traded Funds), Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис (Exchange Traded Commodities), Эксчейндж Трэйдэд Ноутс (Exchange Traded Notes) пайлары | 80 | ||
4.4 | орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар | 100 | ||
5 | Өзге активтер - барлығы, оның ішінде: | |||
5.1 | аффинирленген бағалы металдар және металл шоттар | 100 | ||
5.2 | бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде есептелген, бірақ төленбеген комиссиялық сыйақы бойынша (шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген) дебиторлық берешек (Ұйымның үлестес тұлғаларының дебиторлық берешегін қоспағанда) – Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 10 (он) пайызынан аспайтын сомада | 100 | ||
5.3 | бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде қарастырылған бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің шарттары бойынша мерзімі өтпеген) | 100 | ||
5.4 | Ұйымның балансы бойынша активтер сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі Ұйымның негізгі құрал-жабдықтары | 100 | ||
6 | Өтімді активтердің (ӨА) жиынтығы | |||
7 | Баланс бойынша міндеттемелер | |||
8 | Меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері (МКТМ) | |||
9 |
Меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті | |||
10 | Өтімділік коэффициенті (Кл) |
Атауы_______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________
Орындаушы_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
________________________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме "Инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп" (индекс – К1_BD-UIP, кезеңділігі – ай сайын)"
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Инвестициялық портфельді басқаруды және (немесе) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес әзірленген.
3. Нысанды инвестициялық портфельді басқарушы, брокер және (немесе) дилер ай сайын есепті кезеңнің соңында толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1 000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанды толтыру мақсаттары үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына сәйкес Мудис Инвесторс Сервис (Moody's Investors Service) және Фитч (Fitch) агенттіктерінің бағалары басқа рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағалары деп танылады.
6. Қаржы құралы Нысанда белгіленген екі немесе одан да көп өлшемшартқа сәйкес келген кезде қаржы құралының санатын Ұйым дербес анықтайды.
7. 5.4-жолда көрсетілген Ұйымның жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтары пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде баланстық құны мен нарықтық құнының ең аз шамасының 100 (бір жүз) пайызы көлемінде ескеріледі.
Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін негізгі құрал-жабдықтардың нарықтық құнын анықтау үшін Ұйым олардың құнын жылына бір реттен сиретпей бағалаушы арқылы бағалайды.
8. 3-бағанда есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы деректер толтырылады.
9. 5-бағанда 3 және 4-бағандарда көрсетілген деректердің көбейтіндісі ретінде есептелген, есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күнінің соңында есептелетін сома толтырылады.
10. 9-жолда баланс бойынша өтімді активтер мен міндеттемелер арасындағы айырмашылықтың меншікті капиталдың ең аз мөлшеріне қатынасы ретінде есептелген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні толтырылады.
11. 10-жолда өтімді активтердің баланс бойынша міндеттемелерге қатынасы ретінде есептелген өтімділік коэффициентінің мәні толтырылады. Бұл жолды ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры толтырмайды.
12. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.