Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27114 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 11 наурыздағы
№ 136-НҚ
бұйрығымен бекітілген

Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданы жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ сауда қызметінің субъектілері өз қызметінде Заңды, сауда қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының арнайы заңнамалық актілерімен реттелетін тауарлардың жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлшек сауданың басқа тәсілдері - телекоммуникация құралдары, электронды байланыс, оның ішінде интернет электрондық желісі және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдер арқылы сауда орындарынан тыс бөлшек сауда;

      2) тапсырыс - белгілі бір тауарды (қызметті) сатып алуға нақты ниет білдірілген, сатып алуды жүргізу үшін қажетті талаптар (тауар саны мен сапасы, бағасы, жеткізу мерзімі және тағы басқа) жазылған, сатушы жауабының шектеулі мерзімі көрсетілген, тапсырыс берушінің сатушыға жіберген құжаты, осы мерзім ішінде сатушының өтінімді сөзсіз растауын алған кезде шарт жасалған болып саналады және екі тарап үшін де міндетті болады;

      3) қоғамдық таратушылар - үйде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда, көлікте тауарларды ұсыну арқылы ықтимал сатып алушылармен тікелей жұмыс істейтін, кірісі тек сату көлеміне тәуелді сатушылар немесе агенттер;

      4) маркетинг желісі - тауарды өз бетінше немесе басқа агенттерді тарту арқылы тарататын тәуелсіз сатушылар әрекет ететін, сауда орындарынан тыс бөлшек сауданың бір түрі, олардың кірісі дербес сатудан және олар желіге тартқан басқа агенттердің сатуынан түскен комиссиялық кірістен тұрады.

2-тарау. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданы жүзеге асыру тәртібі

      5. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсілдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауданың көмегімен сатылатын тауарлардың түр-түрін сатушы айқындайды.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе шартпен өзгеше белгіленбесе, не тауардың табиғи орамы болмаса, тауардың әр бірлігі оралады, өлшеніп салынады.

      Сатушы сатып алушымен келісім бойынша тауарды арнайы ыдысқа (себеттер, қораптар, полиэтилен сөмкелер және басқалар) орап салу, тапсырыстарды сыйлық ретінде әсемдеп орау жөнiнде қосымша қызметтер, тауарларды жеткізу жөнiнде қызметтер көрсетеді.

      Тапсырысты жинақтау үшін төлем, тауарды сатып алушыға жеткізу жөніндегі, сондай-ақ басқа да қосымша қызметтер көрсеткені үшін шығыстар тапсырыстың құнына қосылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.07.2022 № 279-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қандай да бір тауарларды сату кезінде тұтынушының жасы бойынша шектеу белгіленсе, егер тұтынушы жасын растайтын құжаттарды ұсынбаса, онда сатушы сатудан бас тартады.

      8. Егер сатушы тауардың кемшіліктерін айтпаған болса, сапасы төмен тауар сатып алған сатып алушы өз таңдауы бойынша сапасыз тауарды тиісті сапалы тауарға айырбастауға, тауардың сатып алу құнын мөлшерлес төмендетуді, тауардың кемшіліктерін Қазақстан Республикасының заңнамада белгіліенген мерзімде жоюды, тауардың кемшіліктерін жою жөніндегі шығыстарды өтеуді немесе шартты орындаудан бас тартуды және тауарға төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етеді.

      9. Тапсырыстарды қабылдау, беру және жеткізу сатып алушымен келісілген уақытта жүргізіледі.

      10. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта арқылы сатып алынатын тапсырысты ресiмдеу тапсырыстың peттiк нөмiрi, сатушының атауы немесе тегi (бар болған жағдайда), аты, әкесiнiң аты, тауардың атауы, бағасы, саны, жалпы құны, қосымша ұсынылатын қызметтердiң құны, тапсырысты қабылдаудың және орындаудың күні мен уақыты, сатып алушының тегi (бар болған жағдайда), аты, әкесiнiң аты, қолы және мекенжайы, сондай-ақ өзге де келісілген шарттар көрсетiлетiн бланкіде екі данада жасалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.07.2022 № 279-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сатушы қабылдаған тапсырысты жиынтықтау кезінде тауарлардың түр-түріне сатып алушымен келісусіз өзгеріс енгізбейді. Тапсырыс берілген тауарлардың қандай да бірінің болмауы туралы сатушы сатып алушыға ескертеді және оған тиісінше ауыстыруды ұсынады.

      12. Тапсырысты беру кезінде сатып алушыға тауар төлемін растайтын кассалық (тауарлық) чек не өзге төлем құжаты беріледі.

      13. Тапсырысқа алдын ала төлем жасаған, бірақ оны белгіленген мерзімде алмаған сатып алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол төлеген ақша қайтарылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тауарды уақтылы жеткізбеуден болған шығын өтеледі.

      14. Төлем жасалған немесе алдын-ала төлем жүргізілген жағдайларда тапсырысты тиісті орындау тапсырыс бойынша жіберілген тауарды алудан (сатып алудан) бас тартқан жағдайда сатып алушы сатушының тауарды почта арқылы жіберуге кеткен шығыстарын өтейді.

      15. Қоғамдық таратушылар жасайтын бөлшек сауда үйде, мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда және көлікте тауарларды ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

      16. Бөлшек сауданы сауда орындарынан тыс басқа тәсілдермен жүзеге асыру кезінде тауардың қандайда бір түрін сатып алуға тапсырыс ресімделеді, жеткізу уақыты мен орны, сондай-ақ сатып алынатын тауарға төлем тәсілі анықталады.

      17. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 01.07.2022 № 279-НҚ (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Сатушы қабылданған тапсырысты жиынтықтау кезінде тауарлардың түр-түріне сатып алушымен келісусіз өзгерістер енгізбейді. Тапсырыс берілген тауарлардың қандай да біреуінің болмауы туралы сатушы сатып алушыға ескертеді және оған тиісінше ауыстыруды ұсынады.

      19. Тапсырысты беру кезінде сатып алушыға тауар төлемін растайтын кассалық (тауарлық) чек не өзге төлем құжаты беріледі.