Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27113 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағы бірінші бөлігінің үшінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ішкі құжаттаманы осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп (А.С. Касенов) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
Төрағасы
Г. Пирматов
     
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
Қаулымен
бекітілді

Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң) сәйкес әзірленді және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.

      2. Егер Талаптармен өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті зерделенуге жататын операция (мәміле);

      2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:

      клиенттің – заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;

      клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;

      оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;

      3) бөлінген байланыс арнасы – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның платформасында тіркеу арқылы ұйымның электрондық өзара іс-қимыл тәсілі;

      4) біржолғы операция (мәміле) – клиенттің айырбастау пункті арқылы қолма-қол шетелдік валютаны сатып алуы, сатуы немесе айырбастауы түрінде ұйымның қызметтерді ұсынуы жөніндегі қарым-қатынастар;

      5) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – ұйымды қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық қызметке қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      6) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – ұйымның қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) тәуекелдерін анықтау, бағалау, оларға мониторинг жасау, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылдайтын шараларының жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жасайтын операцияларға қатысты);

      7) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      8) шекті операция – ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабына сәйкес қаржы мониторингі жүргізілуге жататын және КЖ/ТҚҚ туралы заңмен белгіленген шекті сомаға тең не одан асатын операция;

      9) іскерлік қарым-қатынастар – клиенттің айырбастау пункті арқылы шетелдік қолма-қол валютаны сатып алуы, сатуы немесе айырбастауы жөніндегі қызметтерді қоспағанда, жазбаша нысанда жасалған шарт негізінде ұйымның клиентке қызметтерді (өнімдерді) ұсынуы бойынша қарым-қатынастар.

      3. Ұйым қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) мақсатында ішкі бақылауды:

      1) ұйымның КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын орындауын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды, оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      4. Ұйымда КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар қамтылатын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламаларды қамтиды, оларды ұйым Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және олар ұйымның ішкі құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-тарау. КЖ/ТҚҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұйымда ішкі бақылау қағидаларын сақтауға мониторингті жүзеге асыру үшін жауапты лауазымды адам (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындалады, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның қызметкерлері не бөлімшесі (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындалады.

      6. Мыналар жауапты қызметкерге қойылатын талаптар болып табылады:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) қаржы ұйымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы (техникалық немесе көмекші қызметкер қызметтеріндегі жұмыс тәжірибесін қоспағанда);

      3) мінсіз іскерлік беделінің болуы.

      7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшенің функцияларын, оның ішінде КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және қызметкерлерімен, филиалдарымен өзара әрекет ету тәртібін, сондай-ақ жауапты қызметкердің функцияларын, өкілеттіктерін, жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара әрекет ету тәртібін сипаттауды;

      2) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру және бөлінген байланыс арналары бойынша қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламаларды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтерді, оның ішінде оларды әзірлеушілер туралы мәліметтерді;

      3) оларды сотта дәлел ретінде пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, олар қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға, сондай-ақ өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға уақтылы қол жетімді болуы үшін мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін;

      4) ұйым қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің ұйымның уәкілетті органдарын және лауазымды тұлғаларын өздеріне белгілі болған ұйым қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібін;

      5) ұйымды бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сипаттауды (бар болса);

      6) ұйымның ішкі аудит қызметінің не ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті өзге органның КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және ұйымның уәкілетті органдарына және лауазымды тұлғаларына ұсыну тәртібін;

      7) жауапты қызметкердің, ұйымның уәкілетті органдарының және (немесе) лауазымды тұлғаларының клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы, КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымдардың ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау тәртібін;

      8) КЖ/ТҚ заңдастыру тәуекелдерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және бағалау нәтижелерін жаңарту тәртібін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      8. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функцияларына:

      1) ұйымда әзірленген және ұйымның атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымда олардың сақталуына мониторингтің болуын қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды ұйымдастыру және олардың ұсынылуына бақылау жасау;

      3) клиенттерге және өзге тұлғаларға хабарламай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес клиенттер туралы және олар жасайтын операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруді қамтамасыз ету;

      4) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген жағдайларда және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдау не қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органмен немесе ұйымның лауазымды тұлғасымен келісу;

      6) ұйымның атқарушы органына КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберу;

      7) ұйымның уәкілетті органдарын немесе лауазымды тұлғаларын анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар ету;

      8) ұйымның уәкілетті органдарына есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымның атқарушы органымен келісу кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      9. Жауапты қызметкерге және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлеріне жүктелген функцияларды орындау үшін мынадай:

      1) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттар мен файлдарға кіруге рұқсат алу;

      2) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      3) ұйымның бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз ету өкілеттіктері беріледі, бірақ олармен шектелмейді.

      10. Ұйымның филиалдарында Талаптардың 8 және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толығымен немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған кезде осындай қызметкерлердің қызметін үйлестіруді жауапты қызметкер жүзеге асырады.

      11. Жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйымның Талаптардың 8-тармағында көзделген функциялар жүктелген қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің не ішкі аудит жүргізуге уәкілетті өзге органның функцияларымен, сондай-ақ ұйымның операциялық (ағымдағы) қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің функцияларымен қоса атқарылмайды.

3-тарау. КЖ/ТҚ тәуекелдерді басқару бағдарламасы

      12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерді бағалау) бағдарламасын әзірлейді.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасында мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның құрылымдық бөлімшелері бөлігінде КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру тәртібі;

      2) клиенттің тәуекел деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиент түрі, елдік тәуекел және қызметтер/өнімдер тәуекелі бойынша), сондай-ақ ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) алдын алу іс-шараларының тізбесі, оларды жүргізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылау көзделетін клиенттердің тәуекелдерін және ұйым өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін тұрақты мониторингтеуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

      4) клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін беру тәртібі, қайта қарау мерзімдері мен негіздері.

      13. Ұйым кем дегенде тәуекелдердің мынадай ерекше санаттарын: клиенттердің типі бойынша тәуекелді, елдік (географиялық) тәуекелді, қызмет (өнім) және (немесе) оны беру тәсілінің тәуекелін ескере отырып, ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалауды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.

      Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және оларға мониторинг жүргізу рәсімдерін өзгертуді, операциялар жүргізуге лимиттер белгілеуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсыну талаптарын өзгертуді, қызметтерді (өнімдерді) ұсынудан бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларды сипаттаумен қатар жүреді.

      14. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіне ұшырағыш клиенттердің типтеріне:

      1) шетелдіктер;

      2) жария лауазымды тұлғалар, олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары, сондай-ақ олардың өкілдері;

      3) Талаптардың 16-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін төмендететін контрагенттердің типтеріне:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері – екінші деңгейдегі банктер кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      16. Ұйым осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерден клиенттерге қызметтерді (өнімдерді) көрсетуге және осындай шет мемлекеттердің қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға байланысты елдік (географиялық) тәуекелді басқаруды жүзеге асырады.

      Жасалған операциялары КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын шет мемлекеттер мыналар болып табылады:

      1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) оларға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) мынадай оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттер және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктері:

      Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);

      Андорра Князьдігі;

      Антигуа және Барбуда мемлекеті;

      Багам аралдары Достастығы;

      Барбадос мемлекеті;

      Белиз мемлекеті;

      Бруней Даруссалам мемлекеті;

      Біріккен Танзания Республикасы;

      Вануату Республикасы;

      Гватемала Республикасы;

      Гренада мемлекеті;

      Джибути Республикасы;

      Доминика Достастығы;

      Доминикан Республикасы;

      Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);

      Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;

      Гайана Кооперативтік Республикасы;

      Коста-Рика Республикасы;

      Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);

      Либерия Республикасы;

      Ливан Республикасы;

      Лихтенштейн Князьдігі;

      Мавритания Ислам Республикасы;

      Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);

      Мальдив Республикасы;

      Мальта Республикасы;

      Мариан аралдары;

      Маршалл Аралдары Республикасы;

      Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);

      Мьянма Одағы;

      Науру Республикасы;

      Нигерия Федеративтік Республикасы;

      Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);

      Палау Республикасы;

      Панама Республикасы;

      Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);

      Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;

      Сейшел Аралдары Республикасы;

      Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;

      Сент-Китс және Невис Федерациясы;

      Сент-Люсия мемлекеті;

      Суринам Республикасы;

      Тонга Корольдігі;

      Тринидад және Тобаго Республикасы;

      Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралы аумақтары бөлігінде ғана);

      Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;

      Филиппин Республикасы;

      Француз Республикасы (Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);

      Черногория Республикасы;

      Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;

      Ямайка;

      4) ұйым басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      17. Ұйымның қызметтеріне (өнімдеріне), сондай-ақ КЖ/ТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған оларды ұсыну тәсілдеріне:

      1) қолма-қол шетелдік валюталарды айырбастау пунктері арқылы 2 000 000 теңгеден асатын сомада не 2 000 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы соманы сатып алу, сату, айырбастау бойынша операциялар;

      2) Талаптардың 23-тармағының 2) тармақшасында көрсетілмеген заңды тұлғаларға ұсынылатын банкноттар, монеталар және құндылықтарды инкассациялау қызметтері кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

      18. Ұйым қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін Талаптардың 14, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген тәуекелдердің санаттарына және факторларына сәйкес бағалау кезінде ұйым тәуекелдің жиынтық дәрежесіне ықпал ететін мыналар кіретін, бірақ олармен шектелмейтін қосымша мәліметтерді ескереді:

      1) ұйым қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің күдікті операциялары туралы жіберген хабарларының саны;

      2) ұйымның қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға клиенттердің қолма-қол ақшамен шекті операциялары туралы жіберген хабарларының саны.

      19. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару (тәуекелдерін бағалау) бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйым Талаптардың 14, 16 және 17-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қолданады.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін клиенттердің операцияларын сәйкестендіру және мониторингтеу бойынша іс-шаралар шеңберінде алынған клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді талдаудың нәтижелері бойынша белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағаланады.

      Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

4-тарау. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      20. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Ұйымның клиент (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу және дәйектілігін тексеру, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қарым-қатынастардың немесе бір жолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Талаптарда көзделген клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы өзге де мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру болып табылады.

      Клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты ұйым жүргізетін іс-шаралардың дәрежесі Талаптарға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жүргізілетін клиентті, бенефициарлық меншік иесін стандартты, жеңілдетілген не тереңдетілген сәйкестендіруде көрсетіледі.

      21. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйым клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, сондай-ақ мынадай:

      1) клиентпен іскерлік қарым-қатынастар орнатқан;

      2) клиент 500 000 теңгеден асатын сомаға не 500 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы сомаға, оның ішінде күнтізбелік бір күнде қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункті арқылы сатып алу, сату немесе айырбастау түрінде бірнеше операциялар (мәмілелер) жасау жолымен бір жолғы операция (мәміле) жасаған;

      3) клиент шекті операцияны (мәмілені) жасаған;

      4) клиенттің күдікті операциясы (мәмілесі) анықталған;

      5) жеке және заңды тұлғалар туралы бұрын алынған деректердің дәйектілігіне күмән туғызатын негіздемелер болған жағдайларда іскерлік қарым-қатынастардың немесе бір жолғы операцияның (мәміленің) болжанатын мақсатын белгілейді.

      Клиент орнатылған іскерлік қарым-қатынастар шегінде операциялар жүргізген кезде, егер ол, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, осындай іскерлік қарым-қатынастар орнатылған, сондай-ақ бұрын алынған мәліметтерді жаңарту не клиенттің тәуекелі деңгейіне және Талаптарға сәйкес қосымша мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      22. Талаптардың 21-тармағына сәйкес алынған мәліметтерді ұйым клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және олар аяқталғаннан күннен бастап не бір жолғы операцияны (мәмілені) жасағаннан кейін кем дегенде бес жыл ұйымда сақталады.

      Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ұйым жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ клиенттердің өзге топтары бойынша досьелер жүргізеді.

      23. Ұйым жеңілдетілген сәйкестендіруді мынадай:

      1) клиент-жеке тұлға қолма-қол шетел валютасын айырбастау пункті арқылы сатып алуды, сатуды немесе айырбастауды жүргізген кезде, егер мұндай операция сомасы 500 000 теңгеден не 500 000 теңгеге балама шетел валютасындағы сомадан асатын болса;

      2) мынадай:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      акциялары Қазақстан Республикасының қор биржасының және (немесе) шет мемлекеттің қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар сияқты клиенттермен іскерлік қарым-қатынастарды орнатқан жағдайларда жүргізеді.

      24. Ұйым мынадай:

      1) клиентке жоғары тәуекел деңгейі тағайындалған;

      2) тереңдетілген сәйкестендіру қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға осындай операция туралы хабарламаның жіберілуі туралы оның абайсызда хабардар болуына апаратын жағдайларды қоспағанда, мониторинг жүргізу және клиенттің операцияларын зерделеу барысында күдікті операцияны (мәмілені) не оны жасау әрекетін анықтаған;

      3) клиент ұсынған мәліметтердің дәйектілігінде күмән болған;

      4) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген жағдайларда, оның ішінде жауапты қызметкердің шешімі бойынша;

      5) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингпен не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалармен іскерлік қатынастар орнату кезінде тереңдетілген сәйкестендіруді жүргізеді.

      25. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) процесінде ұйым КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес алынатын терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-1-бабына сәйкес алынатын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.

      Шетелдіктерге, ұйымда шет мемлекеті азаматтығының болуы туралы мәліметтер болған өзге де адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ұйым клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) жария лауазымды тұлғаға жататынын тексереді.

      26. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тексеріледі.

      27. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар:

      1) іскерлік қарым-қатынастар белгілеуге және (немесе) операциялар жүргізуге, сондай-ақ іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатуға арналған тәртіпті және негіздемелерді қоса алғанда, қызмет көрсетуге клиенттер қабылдау тәртібі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру тәртібі, оның ішінде жеңілдетілген және тереңдетілген сәйкестендіру рәсімдерінің ерекшеліктері;

      3) қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын жеке тұлғалардың арасынан жария лауазымды тұлғаларды қоса алғанда шетелдіктерді анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру тәртібі;

      5) іскерлік қарым-қатынастарды қашықтықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      6) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін ұйымды (бар болса) бақылайтын заңды тұлға белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды орындау аясында сәйкестендіру барысында алынған мәліметтер алмасудың ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың сипаттамасы;

      8) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің шынайы болуын тексеру тәртібі;

      9) клиенттің досьесін жүргізудің, мәліметтерді жаңарту кезеңділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартудың нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптар;

      10) ұйым қызметкерлерінің сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған ақпаратқа рұқсат беруін қамтамасыз ету тәртібі;

      11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау тәртібі, осындай тәуекелді бағалау негіздері кіреді, бірақ олармен шектелмейді.

5-тарау. Клиенттер операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы

      28. КЖ/ТҚҚ туралы заңның клиентті тиісінше тексеру жөніндегі, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды анықтау және оларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу талаптарын іске асыру мақсатында ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасын әзірлейді.

      29. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы шеңберінде ұйым клиенттер (олардың өкілдері) және бенефициарлық меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) алу бойынша, сондай-ақ клиенттердің операцияларын зерделеу және шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Ұйым клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу нәтижелерін ұйым қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау, сондай-ақ клиенттердің тәуекелдерінің деңгейін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 22-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі және (немесе) ұйымда клиентпен іскерлік қарым-қатынастардың барлық кезеңі ішінде және олар аяқталған не бір жолғы операция (мәміле) жасалған күннен бастап кемінде бес жыл бойы сақталады.

      30. Ұйым клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым қызметінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңарту кезеңділігін және (немесе) алу қажеттілігін белгілейді.

      Талаптардың 24-тармағында көзделген жағдайларда, ұйым клиентке тереңдетілген сәйкестендіруді жүргізеді.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі бар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру (ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне қосу) клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және ТҚ тізбесі мен ЖҚҚТҚ тізбесіне (ТҚ тізбесін және ЖҚҚТҚ тізбесін жаңарту) өзгерістер енгізілуіне қарай жүзеге асырылады.

      31. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу мен зерделеу бағдарламасы:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген белгілердің негізінде жасалатын әдеттегіден тыс және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      3) ұйым бөлімшелері (қызметкерлері) арасында шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      4) ұйым бөлімшелерінің шекті, әдеттегіден тыс және күдікті операцияларды анықтаған кезде өзара әрекет ету тетіктерін сипаттауды;

      5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының түрі туралы шешімді қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;

      6) бөлімшелердің (қызметкерлердің) клиент операциясын жүргізуден бас тарту жөніндегі (клиент, бенефициарлық меншік иесі ТҚ тізбесінде және ЖҚҚТҚ тізбесінде тұруына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату жөніндегі шешімді қабылдау бойынша өзара әрекет ету тәртібін;

      7) ТҚ тізбесіндегі және ЖҚҚТҚ тізбесіндегі клиенттерді және бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ осындай клиенттерге қызмет көрсету операциялар жүргізуден бас тарту не олармен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтату бойынша өзара әрекет ету тәртібін;

      8) әдеттегіден тыс операцияларды зерделеу нәтижелері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ шекті және күдікті операциялар жөніндегі мәліметтерді (оның ішінде операция сомасы) тіркеу (оның ішінде тіркеу әдістері) және сақтау тәртібін;

      9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарламаларды ұсыну тәртібін;

      10) ұйымның уәкілетті органдарын және лауазымды тұлғаларын шекті және күдікті операциялар анықталғаны жөнінде хабарлау (қажеттілігіне қарай) тәртібін;

      11) клиент әдеттегіден тыс және (немесе) күдікті операцияларды жүйелі және (немесе) елеулі көлемде жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операцияларына қатысты қабылданатын шараларды қабылдау тәртібін және сипаттауды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      32. Шекті, әдеттегіден тыс немесе күдікті операция анықталған кезде, көрсетілген операцияны анықтаған ұйым қызметкері осындай операция туралы хабарламаны жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операция туралы ақпараттың болуына жол беріледі.

      Ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін клиентпен іскерлік қарым-қатынастарды тоқтатқан не бір жолғы операцияны (мәмілені) жасаған күннен бастап кемінде бес жыл сақтайды.

6-тарау. Ұйым қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      33. КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша ұйым қызметкерлерін даярлау және оқыту бағдарламасы КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабының 8-тармағына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қызметкерлерді даярлау және оқыту жөніндегі талаптарға сәйкес әзірленеді.

  2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 20 Қаулыға
1-қосымша
Қызметін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларына
арналған лицензиясы негізінде
тек қана айырбастау пункттері
арқылы жүзеге асыратын
заңды тұлғаларға және
банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жасау мақсатында
ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптарға
1-қосымша

Жеке тұлға - клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мәліметтер

Сәйкестендіру түрі

Стандартты

Жеңілдетілген

Тереңдетілген

1. Жеке тұлға туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жұмыс орны, лауазымы


Электрондық пошта мекенжайы (ол бар болса)


2. Жеке тұлға - дара кәсіпкер туралы қосымша мәліметтер

Дара кәсіпкер ретінде, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының басшысы ретінде жеке тұлғаның тіркелуін растайтын құжат нөмірі, берілген күні


Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓


✓✓

Кәсіпкерлік қызметінің түрі


Лицензияның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)


✓✓

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру жерінің мекенжайы (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)


✓✓

3. Жеке тұлға шетелдік туралы қосымша мәліметтер

Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтары үшін)

✓✓

✓✓

✓✓

Жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбайлары, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)

4. Жеке тұлғаның өкілі туралы жалпы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі


✓✓

Жеке тұлғаның атынан заңдық мәні бар іс-әрекеттер (оның ішінде шот ашу, шотты басқару) жасауға құжаттың (сенімхаттың, шарттың, қорғаншының (қамқоршының) жеке куәлігінің, өзге де құжаттың) нөмірі, берілген (қол қойылған) күні, қолданылу мерзімі (ол бар болса) не заң бойынша өкілдікті жүзеге асыру туралы белгі

✓✓


✓✓

Клиент өкіліне берілген сенімхатқа клиенттің қолын куәландыратын нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), нотариалдық қызметті жүзеге асыруға лицензияның нөмірі және берілген күні не құжатты берген органның атауы


Визаның нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда) (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

✓✓

5. Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер

Мүддесі үшін іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын (операциялар жасалатын) жеке тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), не іскерлік қарым-қатынастар орнатқан (операциялар жасайтын) жеке тұлға өз атынан өзінің мүддесі үшін әрекет ететіні туралы белгі


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы (бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


✓✓

Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Бенефициарлық меншік иесінің байланыс телефонының нөмірі (бар болса)


Шетелдік-бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбайлары, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)


6. Жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер

Жеке тұлға кірістерінің, жасалатын операциялардың қаржыландыру көздері (жалақы, дивидендтер, кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер және өзгелер)


✓✓

Басқа да банктерде/қаржы ұйымдарындағы шоттар (бар болса) (шоты бар банктің / қаржы ұйымының атауы)


Қаржылық жай-күйінің сипаттамасы (жылжымайтын мүлік, құндылықтар, капиталдағы үлесі/басқа да заңды тұлғаның акциялар пайызы)



7. Операциялар мониторингінің нәтижелері және қызметтік ақпарат

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесінде болуы туралы белгі

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуы туралы белгі

Жеке тұлғаның ұйымда пайдаланатын қызметтері (жасалған шарттар)


Операциялардың, оның ішінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзінің шынайылығын тексеру шараларының соңғы мониторингінің нәтижелері


Тәуекел деңгейі

Клиент туралы мәліметтерді алу (жаңарту) күні

       Ескертпе:

      ✓ - тиісті мәліметтерді белгілеу қажеттілігі;

      ✓✓- тиісті мәліметтерді белгілеу және олардың шынайылығын тексеру қажеттілігі

Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар:

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға негіз болатын жеке басты куәландыратын құжаттардың тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының және нотариалды куәландырылған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, рұқсат етілген дереккөздермен (дерекқормен) салыстыру, мекенжайы бойынша шығуды қосқанда басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын сәйкестендіру бойынша дәйектілігін тексеру шеңберінде, клиентпен (клиенттің өкілімен) жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған суретті көзбен салыстыру жүргізіледі.

      3. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.

  Қаулыға
2-қосымша
Қызметін Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің
қолма-қол шетел валютасымен
айырбастау операцияларына
арналған лицензиясы негізінде
тек қана айырбастау пункттері
арқылы жүзеге асыратын заңды
тұлғаларға және банкноттарды,
монеталарды және
құндылықтарды инкассациялау
айрықша қызметі болып
табылатын заңды тұлғаларға
қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға)
және терроризмді
қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл жасау
мақсатында
ішкі бақылау қағидаларына
қойылатын талаптарға
2-қосымша

Заңды тұлға клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мәліметтер

Сәйкестендіру түрі

Стандартты

Жеңілдетілген

Тереңдетілген

1. Заңды тұлға туралы жалпы мәліметтер

Ұйымдық-құқықтық нысанды қоса алғанда, толық және бар болса қысқарған атауы

✓✓

✓✓

✓✓

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓ ✓

✓✓

✓✓

Тіркелгенін растайтын құжат түрі, оның берілген күні, нөмірі (бар болса)

Тіркеуші органның атауы, тіркеу (қайта тіркеу) күні мен орны

Жүзеге асыратын қызмет түрі (түрлері) және экономикалық қызметтің түрлерін жалпы жіктегіш (ЭҚЖК) коды (бар болса)

Лицензиялардың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)

✓✓

✓✓

Лицензияны берген органның атауы

Тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес тұрғылықты жерінің мекенжайы (елі, пошта индексі, елдімекені, көшесі/ауданы, үй нөмірі)

✓✓

Атқарушы органның нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы (елі, пошта индексі, елдімекені, көшесі/ауданы, үй нөмірі)

✓✓

✓✓

Байланыс телефон нөмірі

✓✓

Электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

✓✓

2. Шетелдік заңды тұлға туралы қосымша мәліметтер

Тіркелген мемлекеттегі уәкілетті орган берген тіркеу нөмірі (коды)

✓✓

3. Меншік және басқару құрылымы туралы мәліметтер

Құрылтай құжаттарына сәйкес органдардың құрылымы мен атауы (жоғары орган, атқарушы орган, өзге органдар)

✓✓

✓✓

Заңды тұлға органдарының құрылымы белгіленген құрылтай құжаттарының соңғы редакциясының күні

✓✓

✓✓

3.1. Жоғары органның дербес құрамы туралы мәліметтер

Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса) және (немесе) заңды тұлғалардың толық атауы


Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың азаматтығы (бар болса) және (немесе) заңды тұлғаларды тіркеген мемлекет


Жоғары органның құрамына кіретін жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірлері (бар болса) не жеке басын куәландыратын құжаттарының нөмірлері, сериялары (бар болса), берілген күндері және қолданылу мерзімдері

✓✓


✓✓

Жоғары органның құрамына кіретін заңды тұлғалар үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірлері (бар болса) не тіркелген мемлекеттегі уәкілетті орган берген тіркеу нөмірлері (кодтары)

✓✓


✓✓

Құрылтай құжаттарының соңғы редакциясының күні не акционерлер (қатысушылар) тізілімінен алынатын үзінді көшірменің не жоғары органның құрамы белгіленген өзге құжаттың күні

✓✓


✓✓

3.2. Атқарушы органның дербес құрамы туралы мәліметтер

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

✓✓

✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің туған күні және туылған жері

✓✓


✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің азаматтығы (бар болса)

✓✓


✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓✓


✓✓

Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)


Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы және (немесе) келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)


Жеке дара атқарушы органның функциясын жүзеге асыратын тұлғаның не алқалық атқарушы орган басшысының және мүшелерінің байланыс телефонының нөмірі


Соның негізінде тұлға жеке дара атқарушы органның не алқалық атқарушы орган басшысының немесе мүшесінің функциясын жүзеге асыратын құжаттың (бұйрықтың, жалпы жиналыс хаттамасының, директорлар кеңесі хаттамасының, жалғыз акционер (құрылтайшы) шешімінің немесе басқа осыған ұқсас құжаттың) нөмірі мен күні


✓✓

3.3. Өзге басқару органдарының дербес құрамы туралы мәліметтер (олар бар болса)

Басқару органы басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса)


Басқару органы басшысының және мүшелерінің туған күні және туылған жері


Басқару органы басшысының және мүшелерінің азаматтығы (бар болса)


Басқару органы басшысының және мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса)


Басқару органы басшысының және мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)



Басқару органы басшысының және (немесе) мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі



Соның негізінде тұлға басқару органы басшысының немесе мүшесінің функциясын жүзеге асыратын құжаттың (жалпы жиналыс хаттамасының, жалғыз акционер (құрылтайшы) шешімінің немесе басқа осыған ұқсас құжаттың) нөмірі мен күні



4. Заңды тұлғаның өкілі туралы мәліметтер

Заңды тұлға өкілінің (заңды тұлға филиалының басшысын (өкілдігін) қоса алғанда) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Туған күні және туылған жері

✓✓

✓✓

✓✓

Азаматтығы (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)

Жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі

Тұрғылықты (тіркелген) жерінің мекенжайы немесе келген жері (мемлекеті/юрисдикциясы, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үйінің нөмірі және бар болса пәтерінің нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі

✓✓

Өкілге заңды тұлғаның атынан заңдық тұрғыдан маңызы бар іс-әрекеттерді (шот ашу, шотты басқару) жасауға құқық берген құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың) нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (бар болса

✓✓

✓✓

Өкілге заңды тұлғаның атынан заңдық тұрғыдан маңызы бар іс-әрекеттерді (шот ашу, шотты басқару) жасауға құқық берген құжатқа (бұйрыққа, сенімхатқа) қол қойған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)


Визаның нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіретін мемлекеттің азаматтарын қоспағанда) (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

✓✓

Миграциялық карточканың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі (жеке басын куәландыратын құжат ретінде шетелдік төлқұжатын ұсынған жағдайда)

✓✓

✓✓

5. Бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғанды шегергенде) акцияларының жиырма бес пайызынан көбі тікелей немесе жанама тиесілі жеке тұлғаның (тұлғалардың) болуы/ болмауы туралы белгі


✓✓

Заңды тұлғаны өзге де негіздер бойынша бақылауды жүзеге асыратын жеке тұлғаның (тұлғалардың) болуы/ болмауы туралы белгі


Мүддесі үшін заңды тұлғамен іскерлік қарым-қатынастар орнатылатын (операциялар жасалатын) жеке тұлғаның (тұлғалардың) болуы/ болмауы туралы белгі


Бенефициарлық меншік иесінің тегі, аты және бар болса - әкесінің аты


Бенефициарлық меншік иесінің азаматтығы (бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі, сериясы (ол бар болса)


Бенефициарлық меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы, оның берілген күні және қолданылу мерзімі


Бенефициарлық меншік иесінің байланыс телефонының нөмірі (бар болса)


✓✓

Шетелдік-бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды тұлғаларға немесе олармен байланысқан адамдарға тиесілігі (олардың жұбайлары, жақын туыстары, сондай-ақ өкілдері)


6. Заңды тұлғаның филиалы (өкілі) туралы қосымша мәліметтер

Филиалдың (өкілдіктің) атауы

✓✓

✓✓

✓✓

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

✓✓

✓✓

✓✓

Тіркелгенін растайтын құжат түрі, оның берілген күні, нөмірі (бар болса)

Тіркеуші органның атауы, тіркеу (қайта тіркеу) күні мен орны

Жүзеге асыратын қызмет түрі (түрлері) және экономикалық қызметтің түрлерін жалпы жіктегіш (ЭҚЖК) коды (бар болса)

Лицензиялардың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі (егер жүзеге асырылатын қызмет түрі лицензияланатын болып табылса)

✓✓

✓✓

Тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес филиалдың (өкілдің) тұрғылықты жерінің мекенжайы (елі, пошта индексі, елді мекені, көшесі/ауданы, үй нөмірі)

✓✓

Байланыс телефонының нөмірі

✓✓

Электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)

✓✓

7. Жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер

Заңды тұлғаның кірістер, жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері (кәсіпкерлік қызметінен түскен кірістер, дивидендтер, ерікті мүлік жарналары және қайрымдылық, өзгелер)


✓✓

Басқа да банктерде/қаржы ұйымдарындағы шоттар (бар болса) (банктің /шоты бар қаржы ұйымының атауы)


Қаржылық жай-күйінің сипаттамасы (жылжымайтын мүлік, құндылықтар, капиталдағы үлесі/басқа да заңды тұлғаның акциялар пайызы)



Бенефициарлық меншік иесінің қаржылық жай-күйінің сипаттамасы (жылжымайтын мүлік, құндылықтар, капиталдағы үлесі/басқа да заңды тұлғаның акциялар пайызы)



8. Операциялар мониторингінің нәтижелері және қызметтік ақпарат

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар тізбесінде болуы туралы белгі

Клиенттің, оның бенефициарлық меншік иесінің жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде болуы туралы белгі

Заңды тұлғаның ұйымда пайдаланатын қызметтері (жасалған шарттары)


Операциялардың, оның ішінде жасалатын операциялардың қаржыландыру көзінің шынайылығын тексеру шараларының соңғы мониторингінің нәтижелері


Тәуекел деңгейі

Мәліметтерді алу (жаңарту) күні

      Ескертпе:

      ✓ - тиісті мәліметтерді белгілеу қажеттілігі;

      ✓✓- тиісті мәліметтерді белгілеу және олардың шынайылығын тексеру қажеттілігі.

Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар:

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға негіз болатын жеке басты куәландыратын құжаттардың тізбесі "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес айқындалады.

      2. Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттар түпнұсқаларының және нотариалды куәландырылған көшірмелерінің деректерімен салыстыру, рұқсат етілген дерек көздермен (дерекқормен) салыстыру, мекенжайы бойынша шығуды қосқанда басқа да тәсілдермен мәліметтерді тексеру арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын сәйкестендіру бойынша дәйектілігін тексеру шеңберінде, клиентпен (клиенттің өкілімен) жеке басын куәландыратын құжатта орналастырылған суретті көзбен салыстыру жүргізіледі.

      3. Тіркеуге жататын мәліметтер және лицензияның болуы, сондай-ақ халықаралық ұйымға қатысты белгіленеді, егер осындай халықаралық ұйымның мекемесі туралы және (немесе) оның мемлекет (мемлекеттер) аумағында болатын жері талаптары туралы шарттармен тиісінше тіркеусіз және (немесе) лицензиясыз олардың қызметін жүзеге асыру көзделмесе.

      4. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.

      5. Коммерциялық ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін және коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерінің жиырма бес және одан көп пайызын иеленген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады. Жоғары органның құрамына кіретін және коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерінің жиырма бестен кем пайызын иеленген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты коммерциялық ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтерді алуға жол беріледі.

      Коммерциялық емес ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін не жоғары орган мүшелерінің саны не коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының саны бес жеке және (немесе) заңды тұлғалардан асқан жағдайларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады.