Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 № 179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16261 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 67-1-бабына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің қалыптастырылуы және атқарылуы туралы қоғамды хабардар ету мақсатында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Мемлекеттік органның даму жоспарының көрсеткіштерін орындау нәтижелерін, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларының орындалуы туралы есептерді, қайырымдылықтан түскен түсімдер мен ақша жұмсалуы туралы есептерді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау қорытындысы бойынша ақпаратты орналастыра отырып, "Бюджетті атқару сатысында" деген бөлімді жасайды.".
4. "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-1 бабына сәйкес әзірленді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының негізінде айқындалады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарлары әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен кезеңдегі бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары мен мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:
1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;
4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
7) мемлекеттік бағдарламалардың іс-шаралары;
8) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оны алдын ала бағалауы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер есепке алынады.
Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары есепке алынады.".
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.