"Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының м.а. 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 8-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қаңтарда № 26664 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      5-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) ағымдағы бағалар туралы ақпарат – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының анықтамалық басылымдары, өндірушілердің және (немесе) жеткізушілердің прайс-парақтары, коммерциялық ұсыныстары;";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтарында жобада қабылданған қажетті техникалық өлшемдермен және сипаттамалармен жекелеген құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған бағалардың болмауы жағдайында, олардың құнын осындай ресурстардың сметалық бағалары бойынша тапсырыс берушінің бекітілген шешімдеріне сәйкес айқындау керек. Осындай материалдық ресурстардың өлшем бірлігінің сметалық бағасы жобада қабылданған техникалық өлшемдер мен сипаттамаларды ескере отырып, неғұрлым тиімді нұсқа бойынша ағымдағы бағалар туралы ақпаратты пайдалана отырып, айқындалады.

      Тапсырыс беруші бекіткен материалдық ресурстардың сметалық бағалары бойынша шешімдер жобалау ұйымына бастапқы деректер ретінде (жобалау тапсырмасында не сметалық бөлімді әзірлеу басталғанға дейін жобалау процессінде) ұсынылады және сметалық құжаттаманы жасау кезінде оларды қолдану үшін негіз табылады сметалық құжаттамада материалдық ресурсты жеткізуші туралы мәліметтер келтірмейді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жинақтарда сметалық бағалардың болмауы кезінде инженерлік жабдықтың құны осындай жабдықтың сметалық бағалары бойынша тапсырыс берушінің қабылданған және бекітілген шешімдері негізінде айқындалады. Осындай инженерлік жабдықтың сметалық бағасы жобада қабылданған жабдықтың техникалық өлшемдер, сапалы және пайдалану сипаттамаларды ескере отырып, неғұрлым тиімді нұсқа бойынша ағымдағы бағалар туралы ақпаратты пайдалана отырып, айқындалады.

      Жобалық шешімдердің типі мен маркасы бойынша сәйкес келетін инженерлік жабдықтың сметалық бағалары бойынша тапсырыс берушінің бекітілген шешімдерін жобалау ұйымы шығыс деректері ретінде жобалау ұйымына ұсынады (жобалауға арналған тапсырмада немесе сметалық бөлімді әзірлеудің басталуына дейін жобалау процессінде) және сметалық құжаттаманы жасау кезінде оларды қолдану үшін негіздеме болып табылады.

      Сметалық құжаттамада инженерлік жабдықты жеткізуші туралы мәліметтер келтірілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:

      "67-1. Жобада қабылданған және ағымдағы деңгейде сметалық бағалардың жинақтарымен ескерілмеген жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың сметалық бағасын айқындау кезінде ағымдағы бағалар туралы ақпаратты пайдалануға рұқсат етіледі.

      Жабдықтың, жиһаздың және мүкәммалдың сметалық бағалары бойынша тапсырыс бекітуші бекіткен шешімдер сметалық құжаттаманы жасау кезінде оларды қолдану үшін негіздеме болып табылады.

      Сметалық құжаттамада жеткізушілер (өндірушілер) туралы мәліметтер келтірілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 69-1-тармақпен толықтырылсын:

      "69-1. Ағымдағы деңгейде сметалық бағалардың жинақтарымен ескерілмеген материалдық ресурстарға, жабдыққа, жиһазға және мүкәммалға арналған ағымдағы бағалар туралы ақпарат ИНКОТЕРМС ("франко" түрі) терминдерінде жеткізудің талаптары туралы мәліметтен тұруы тиіс. Егер, осындай талаптар көрсетілмесе, онда, баға құрылыс объектісіне дейін осындай материалдық ресурстарды, жабдықты, жиһазды және мүкәммалды жеткізуді ескере отырып, толық берілді деп саналады. Көрсетілген жағдайда 63 және 68-тармақтарға сәйкес көлік шығыстары ескерілмейді.

      Ағымдағы бағалар туралы ақпарат кешенді ведомстводан тыс сараптаманы жүргізу үшін сараптама ұйымына жобаны (жобалау-сметалық құжаттамасын) ұсыну күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде алынуы тиіс.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарда:

      Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатқа 1-қосымшаның "құрылыс құнының сметалық есебіне енгізілетін өзге де жұмыстар мен шығындар" деген кестенің 9.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.1

Құрылыстың температуралық аймағының климаттық жағдайларына байланысты құрылыс-монтаждау (жөндеу-құрылыс) жұмыстарын жүргізу кезіндегі қосымша шығындар

Құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстарына арналған элементтік сметалық нормаларды қолдану жөніндегі жалпы ережелерге сәйкес айқындалады (4 және 7-бағандарда ескеріледі).

      ;".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұлымдық
даму министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы
Б. Қашақов