Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2022 № 530 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. |
С. Шапкенов |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығына қосымша |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидалары "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 4-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпарттандыру объектісін білдіреді;
2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама (бұдан әрі – КӘТ) – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек;
3) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
4) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 05.08.2022 № 292 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу тәртібі
3. Уәкілетті орган өнім берушіге КӘТ-тің құнын өтеуді Заңның 2-бабы 7-тармағының бірінші абзацына сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдеріне кепілдік берілген сома шегінде жүзеге асырады.
4. Уәкілетті органның алушының осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтініші (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес өнім беруші порталда ұсынған және электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған растаушы сканерленген құжаттар негізінде жүзеге асырады.
5. Өнім беруші жеткізуді жүзеге асырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға:
1) "Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) 50-қосымшаға сәйкес Р-1 нысанына сай орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісін;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларына 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КӘТ алушылардың ведомосын;
3) "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) сәйкес электрондық шот-фактураны ұсынады.
6. Уәкілетті орган өнім беруші КӘТ-тің құнын өтеуге құжаттарды ұсынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және қабылдайды немесе осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, өнім берушіге пысықтауға қайтарады.
Порталдағы "Өнім берушінің жеке кабинеті" модуліне және өнім берушінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне қайтару себебін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы немесе пысықтауға қайтару туралы хабарлама жіберіледі.
7. Өнім беруші қайтару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жоя отырып, уәкілетті органға КӘТ-тің құнын өтеуге арналған құжаттарды қайта жібереді.
8. Уәкілетті органның өнім берушіге КӘТ-тің құнын өтеуге құжаттарды қайтару себептері мынадай:
осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау;
орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісінің және (немесе) КӘТ алушылар ведомосінің сканерленген көшірмелерін ұсынған кезде оларда қойылған қолдың болмауы;
ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі.
9. КӘТ-тің құнын өтеу уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген КӘТ-тің құнын өтеуге арналған құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
10. Табысы аз отбасы КӘТ-ті кепілдік берілген сомадан асатын бағамен порталы арқылы сатып алған кезде табысы аз отбасы кепілдік берілген сома мен нақты құн арасындағы айырманы өз қаражаты есебінен дербес төлейді.
Өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтініш
Мен, ____________________________________________
(Тегі, аты, жөні (болған жағдайда))
☐ "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына сәйкес өнім берушіге өтемақы төлеуді сұраймын:
өнім берушінің атауы______________________________________________
өнім берушінің ЖСН/БСН-сі _______________________________________
БСК ____________________________________________________________
ЖСК/IBAN (банктік шотының нөмірі) _____________________________
_______________________________________________________________
кепілдендірілген сома _____________________________________________
теңге, (сомасы)
әлеуметтік қызметтер портал арқылы сатып алғаны үшін
____________________________________________________________________
(тауардың немесе қызметтің атауы)
саны _________ _______________ тапсырыс № _______________ (саны, өлшем бірлігі)
өнім беруші кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын оларды әлеуметтік қызметтер
порталы арқылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өткізу кезінде
мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларының 6-тармағына сәйкес растайтын
құжаттарды ұсынған кезде
Күні "__" ____ 20__ ж. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы