"Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы бұйрығының қолданысын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қаңтарда № 26409 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 202 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 07.06.2022 № 202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес және Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру туралы 2022 жылғы 5 қаңтарда елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәселелері жөніндегі кеңестің № 20-04/07-1055 хаттамасының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газы сауда-саттығын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 481 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 17897 болып тіркелді) қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ және мұнай-газ-химия департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. М. Журебеков
     

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі