"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5475 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 18 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ" деген қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
С.А. Қалқаманов | |
М.И. Мырзалиев | |
А.С. Сәбитов | |
Ұ.Қ. Тәжібаев | |
А.А. Абдуллаев | |
А.Б. Тасыбаев |
"Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "___"_____________№_____ қаулысына
Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы "12" ақпандағы № 39 қаулысына қосымша |
|
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "12" наурыздағы № 57 қаулысына қосымша |
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
№ | Аудан, қала атауы | Карантинді обьектілер атауы | ||||||
Зиянкестер | Аурулар | Арамшөптер | ||||||
Шығыс жеміс жемірі, га | Калифорния қалқанша сымыры, га | Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі, га | Қауын шыбыны, га | Жемісті ағаштардың бактериялды күйігі, га | Жатаған у кекіре, га | Арамсояу, га | ||
1 | Арыс | - | - | - | 552 | - | 669 | 50 |
2 | Кентау | - | - | - | 177 | - | 0,26 | 0,44 |
3 | Бәйдібек | - | - | - | - | - | 85,96 | 5 |
4 | Қазығұрт | - | - | - | - | - | 245,65 | 36,86 |
5 | Жетісай | - | - | - | 569 | - | - | 2,4 |
6 | Мақтаарал | - | - | - | 821 | - | - | 0,4 |
7 | Ордабасы | - | - | 2 | - | - | 300 | 21 |
8 | Отырар | - | - | - | 322 | - | 40 | 5,65 |
9 | Сайрам | - | - | - | - | 2,8 | - | 10,03 |
10 | Сарыағаш | - | - | 8,29 | - | - | 228,7 | 34,25 |
11 | Созақ | - | - | - | - | - | 102 | - |
12 | Келес | - | - | 1,78 | 36 | - | 35 | 40,073 |
13 | Төлеби | 39 | 23 | 5 | - | 1 | 4,68 | 79,25 |
14 | Түлкібас | - | - | - | - | - | 91 | 3,5 |
15 | Шардара | - | - | - | 167 | - | 1920 | 60 |
Жиыны: | 39 | 23 | 17,07 | 2644 | 3,8 | 3722,25 | 348,853 |