Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 2/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 7256 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының сессия төрағасы К. Тусупбекова
      Май аудандық маслихатының хатшысы Г. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ 2/3 шешімімен
бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж
азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия - өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Май ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистика органдары есептейтін мөлшер бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – Павлодар облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Май ауданының ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      6) қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні;

      7) қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні;

      8) 1 казан – Қарттар күні;

      9) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттар қатарындағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, атап айтқанда:

      1-1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери - Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      1-2) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      1-3) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, атап айтқанда:

      2-1) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      2-2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      3) еңбек ардагерлері, атап айтқанда:

      3-1) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      3-2) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар, атап айтқанда:

      4-1) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      4-2) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

      4-3) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      5) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндердің құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      6) зейнеткерлік жасқа жеткен, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын адамдар, атап айтқанда:

      6-1) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

      6-2) 80 және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      7) мүгедектер, атап айтқанда:

      7-1) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      7-2) бірінші топ мүгедектері;

      7-3) екінші топ мүгедектері;

      7-4) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;

      7-5) арбадағы мүгедектер;

      7-6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      8) ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп және колледж түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда:

      8-1) жетім балалар;

      8-2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      8-3) жан басына шаққандағы орташа табысы ағымдағы жылдың екінші тоқсанында облыс бойынша белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасылар қатарындағы балалар;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      9-1) 12 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты медициналық мекемеге дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдер;

      9-2) атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан азаматтар (отбасылар);

      9-3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын азаматтар (отбасылар);

      10) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан көп балалы аналар;

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      12) пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар;

      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);

      14) әлеуметтік мағыналы аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      14-1) қатерлі ісіктерден зардап шегетін тұлғалар;

      14-2) туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      14-3) адамның иммун тапшылығы вирусының ауруынан зардап шегетін 16 жастан асқан тұлғалар;

      14-4) адамның иммун тапшылығы вирусының ауруынан зардап шегетін 16 жасқа дейінгі балалар;

      7. Уәкілетті орган табысты есепке алмай көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне бір рет:

      1-1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай;

      1-2) осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін Халықаралық әйелдер күніне орай;

      1-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 1-2), 1-3), 4-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін Отан қорғаушы күніне орай;

      1-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 2-1) 2-2), 3-1), 3-2), 4-2), 4-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін Жеңіс күніне орай;

      1-5) осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санат үшін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай;

      1-6) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін Отбасы күніне орай;

      1-7) осы Қағидалардың 6-тармағының 6-1), 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін Қарттар күніне орай;

      1-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне орай;

      2) бір рет:

      2-1) осы Қағидалардың 6-тармағының 2-2), 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде тұрғын үй-жайын жөндеуге және абаттандыруға осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, тұрғын үйге (пәтерге) меншік құқығын растайтын құжат қоса берілген өтініш негізінде (арнайы комиссия шешімі бойынша көмек үш жылда бір рет көрсетіледі);

      2-2) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 40 (қырық) АЕК мөлшерінде (еріп жүретін адамның жол жүруіне, тұруына және тамақтануына) осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, санаторлық-курортық сауықтыру көрсетілген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы, жеке көмекші мәртебесін растайтын құжат қоса берілген өтініш негізінде;

      2-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін коммуналдық қызметін төлеуге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      2-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-1), 7-2), 7-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін дәрі-дәрмекке 10 (он) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      2-5) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      2-6) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үйге пандус орнатуға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2-7) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-1), 8-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін жоғары оқу орнында оқу жылындағы оқудың нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты келісім-шартты қоса берілген өтініш негізінде;

      2-8) осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      2-9) осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде, осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы қоса берілген өтініш негізінде;

      2-10) осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде оқиға болған күнінен бастап үш айдың ішінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде (арнайы комиссияның шешімі бойынша);

      2-11) осы Қағидалардың 6-тармағының 14-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      2-12) осы Қағидалардың 6-тармағының 14-2), 14-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 7 (жеті) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      3) тоқсан сайын:

      3-1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1-1), 1-2), 2-1), 2-2), 3-1), 4-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметін төлеуге 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      3-2) осы Қағидалардың 6-тармағының 1-1), 1-2), 2-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін денсаулығын жақсартуға 2 (екі) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      4) ай сайын:

      4-1) осы Қағидалардың 6-тармағының 2-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін дәрі-дәрмекке 1 (бір) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      4-2) осы Қағидалардың 6-тармағының 7-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін ата-анасының біріне немесе қамқоршысына белгіленген пунктке дейін және тұрақты тұратын жеріне кері қайту жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, емделуден, тексеруден өткені немесе кеңес алғаны туралы анықтама, жол жүргенін растайтын құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      4-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-1), 8-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруға 10 (он) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты келісім-шартты қоса берілген өтініш негізінде;

      4-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 14-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне және тұрақты тұратын жеріне кері қайту жол жүру билеттерінің нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, онколог-дәрігер берген емдеу, тексеру немесе консультациядан өткені туралы анықтаманы, жол жүргенін растайтын құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      4-5) осы Қағидалардың 6-тармағының 14-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін амбулаториялық емделу кезеңінде тамақтануға және жол жүруге 15 (он бес) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      4-6) осы Қағидалардың 6-тармағының 14-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) есе мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      8. Уәкілетті орган табысты есепке алып көрсетеді:

      1) бір рет:

      1-1) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін жоғары оқу орнында оқу жылындағы оқудың нақты құны мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты келісім-шартты қоса берілген өтініш негізінде;

      1-2) осы Қағидалардың 6-тармағының 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      1-3) осы Қағидалардың 6-тармағының 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін улы газ датчиктерін және газталдағыштарды орнатуға 3 (үш) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      1-4) осы Қағидалардың 6-тармағының 9-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін қатты отынға 10 (он) АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтініш негізінде;

      2) ай сайын:

      2-1) осы Қағидалардың 6-тармағының 8-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұру, тамақтану және тұрғылықты жеріне баруға 10 АЕК мөлшерінде осы Қағидалардың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты келісім-шартты қоса берілген өтініш негізінде;

      2-2) Павлодар облысының тыс жерінде оқитын осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 5 (бес) АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      12. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      13. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      14. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Май ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      15. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Май ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      16. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      17. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Май аудандық мәслихатының
2021 жылғы 16 сәурдегі
№ 2/3 шешіміне
қосымша

Май аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 17/40 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4131 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" № 17/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4239 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 3/49 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4571 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) № 1/30 "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 6/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4898 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. Май аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 маусымдағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы (V сайланған XXX сессиясы) "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 5/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5170 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. Май аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 1/28 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5920 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Май аудандық мәслихатының 2019 жылғы 8 сәуірдегі "Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы "Май ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 1/30 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 3/46 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6301 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).