Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 12-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы | К. Абишев |
| Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Е. Айткенов |
| Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне 1-қосымша |
Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу
кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер,
медициналық бұйымдар
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Павлодар облыстық мәслихатының 08.07.2021 № 61/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Р/с | Аурудың атауы | Дәрілік заттың, арнайы емдік өнімнің, медициналық бұйымның атауы |
1 | Өкпелік гипертензия |
"Риоцигуат"; |
2 | Муковисцидоз |
"Тобрамицин" (Тоби, Бранитоб); |
3 | Бастапқы иммун тапшылығы | "Интерферон альфа 1 b (Ингарон)" |
4 | Туа біткен буллезді эпидермолиз |
"ATRAUMAN AG" - күміспен зарарсызданған жақпа майлы таңғыш; |
5 | Вегенера Гранулемотозы | "Ритуксимаб" (Мабтера) |
6 | Көмейдің (тарылуы) стенозы |
"Натрий колистиметаты"; |
7 | Целиакия (глютендік энтеропатия) |
"Глютенсіз ұн"; "Глютенсіз қоспа"; "Глютенсіз вафли"; "Глютенсіз печенье"; "Глютенсіз макарондар"; "Глютенсіз кекстер"; |
8 | Сигмотүрді ішектің стенозы (Қысқа ішек синдромы) |
Медициналық бұйымдар: инфузиялық желілер: |
9 | Менингоэнцефалиттен кейінгі салдары, екінші реттік гидроцефалия, Бұлшықет дистониясы синдромы, 1 дәрежелі гипотрофия, Қатты және жұмсақ таңдай жарасы, Балалар милық салдануы, Аноксикалық бас мидың зақымдануы |
"Бейімделген сүт алмастырғыштар" |
10 | Қояншықтық энцефалопатия, тубероздық склероз, симптомдық қояншық, нейроинфекциямен ауырғаннан кейінгі салдары, балалар милық салдануы, түйілу тетрапарезі, Веста синдромы, полиморфты талмасы бар құрылымдық қояншық, құрылымдық қояншық, микроцефалия; Ишемиялық түрі бойынша ми қан айналымының жіті жеткіліксіздігі |
"Вигабатрин" (Сабрил); |
11 | GIII бас мидың самайлық үлесінің анопластикалық олигодендроглиомасы |
"Ломустин"; |
12 | Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы | "Этеплирсен" (Экзондис 51) |
13 | Өкпе обыры |
"Алектиниб"; |
14 | Жұлын бұлшықетінің атрофиясы | "Нусинерсен" |
| Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне 2-қосымша |
Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізімі
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5997 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
2. Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" № 262/24 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6083 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
3. Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 15 наурыздағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 335/29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6273 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
4. Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 қарашадағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 416/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6605 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
5. Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" № 448/38 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6777 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
6. Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы "Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы" № 236/22 шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" № 495/42 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6940 болып тіркелген, 2020 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған).