Әкімнің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 "Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті әкімінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 наурызда № 9816 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 бірлескен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әкімнің "Приозерное ауылының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 14 қазандағы № 1 шешіміне (2011 жылғы 15 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-147 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Приозерное ауылының әкімі" сөз тіркесі "Тобыл кентінің әкімі" деп ауыстырылсын.

      2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тобыл кентінің әкімі А. Есмагамбетов