Мәслихаттың 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 33 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 9896 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 28 тамыздағы № 531, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9424 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Р. Кушекбаева
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Тюлюбаев