Мәслихаттың 2020 жылғы 19 тамыздағы № 426 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 29 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 4 мамырда № 9894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2023 жылғы 23 қарашадағы № 57 шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 23.11.2023 № 57 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 19 тамыздағы № 426, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9397 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрайымы Г. Шутаева
      Қалалық мәслихатының хатшысы С. Шалдыбаева