Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/21 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 4503 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы", 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы (әрі қарай - Қағида) бекітілсін.

      2. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      4. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А. Марат).

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Жұмабаев
      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Билялов

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/21 шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасы

Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірдегі қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Мұнайлы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша Маңғыстау облысындағы статистика департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      11) шекті шама-әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Осы Қағидада қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мазмұнында қолданылады.

      2. Осы Қағида Мұнайлы ауданына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын мұқтаж тұлғалардың жекелеген санаттарына қолданылады.

      3. Өмірде қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерге мұқтаж азаматтардың (бұдан әрі – әлеуметтік көмек алушылар) жекелеген санаттарына ақшалай түрде көрсетілетін көмек әлеуметтік көмек деп аталады.

      4. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 06 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындаужәне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімдерімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірде қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      6. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

      7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Маңғыстау облыстық жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі

      8. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң зейнеткерлер және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар алушылар бойынша орталықтандырылған деректер базасынан алынған тізімге сәйкес көрсетіледі.

      9. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және (немесе) құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      10. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      11. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.

      12. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қағиданың 1, 2 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      13. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      14. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      15. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      16. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      17. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы, қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағиданың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      18. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      20. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Мұнайлы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      21. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      22. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Қорытынды ереже

      23. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек
  көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
  және мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  Қағидасына 1 қосымша
  Нысан

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ ж. "___" _______

      _____________________

            (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      2. Тұратын мекен жайы

      ________________________________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай

      _______________________________________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде:

№ 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _____________________адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар

      ______ адам, оқу құны жылына ______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың,

      басқа мемлекеттің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт

      адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы

      (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      ___________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй,

      қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге – көрсету қажет):

      ____________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________

            Отбасының табысы:

Р/с № 

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына





































      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны

      пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын

      үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      7.Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      ____________________________

      9.Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      _______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ___________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      __________________

      Комиссия төрағасы

      ________________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________________

            (қолдары)                  (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым: ______________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартқан_________________________________

      өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы,

      ________________________________________________________________________________

            (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні____________

  Әлеуметтік көмек
  көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
  және мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  Қағидасына 2 қосымша
  Нысан

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. "___" ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың

      жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына сәйкес өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты

      әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      __________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған

      құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық

      жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      _________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы

      қорытынды шығарады

            Комиссия төрағасы: __________________      _______________________

            Комиссия мүшелері: __________________      _______________________

            __________________      _______________________

            __________________      _______________________

            __________________      _______________________

            (қолдары)            (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада

      20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы __________

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/21 шешіміне 1 қосымша

Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері

№р/с

Санаттар тізбесі

Өмірде қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме

Шекті мөлшерлер

Өтініш білдіру мерзімдері

Төлеу мерзімділігі

Табысы есептелмей өмірде қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

1

Өмірде қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар

Сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлгігіне зиян келтіру

50 АЕК артық емес

Өмірде қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей

Бір рет

2


Өтініш берушінің денсаулығына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алмайтын келесі әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы жұққан аурулар және қант диабеті ауруы

26 АЕК артық емес

Өмірде қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей

Жылына бір рет

3


Әлеуметтік көмек адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға

Қазақстан Республикасы бойынша кемінде 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде


Ай сайын

4

Облыс әкімінің гранты негізінде қабылданған күндізгі бөлімде оқитын студенттер

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса Ұлттық Біріңғай Тестілеу немесе Кешенді Тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;2) 5 АЕК

Жыл сайынАй сайын

Оқу ақысын төлеуТамақтану және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

Табысы есептеліп өмірде қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

5

Мүгедек студенттер

Өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың (резидентура) академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;2) 5 АЕК

Жыл сайынАй сайын

Оқу ақысын төлеуТамақтану және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

6

1) Тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері;2) келесі отбасыдан шыққан студенттер: егер ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата-анасының біреуі қайтыс болуы; төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғары оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар

Ауданның денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм мемлекеттік мекемелерінің сұранысы негізінде, өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу.

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;2) 5 АЕК

Жыл сайынАй сайын

Оқу ақысын төлеуТамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

7

Өмірде қиын жағдайда деп танылған тұлғалар (отбасылар).

Өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы

40 АЕК артық емес

Өтініш берген күннен бастап

Жылына бір рет

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/21 шешіміне 2 қосымша

Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі

Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі

Санаты

Әлеуметтік көмек мөлшері

Әлеуметтік көмек төлеу мерзімділігі

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар

1

22 наурыз – Наурыз мерекесі

"Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, Бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1, 2, 3 дәрежесі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежесі) медалімен марапатталған көп балалы аналар

2 АЕК

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі балалар

5 АЕК

Жылына бір рет

2

1986 жыл 26 сәуір –Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары

60 АЕК

Жылына бір рет

1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар

50 АЕК

Жылына бір рет

1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар

40 АЕК

Жылына бір рет

3

1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 АЕК

Жылына бір рет

4

9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;
Ұлы Отан соғысының мүгедектері, атап айтқанда Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы темiржол учаскелерінде, қорғаныс шептерiнің, әскери-теңiз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлер

1 000 000 теңге

Жылына бір рет



Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа)

60 АЕК

Жылына бір рет



Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 АЕК

Жылына бір рет



Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
4) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;
5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
6) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
7) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
8) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

50 АЕК

Жылына бір рет 2021 жылдан бастап



"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар

40 АЕК

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңының 4 бабаның 2) тармақшасында көрсетілген Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi

40 АЕК

Жылына бір рет

Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары

40 АЕК

Жылына бір рет

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы)

40 АЕК

Жылына бір рет

5

1 маусым– Балаларды қорғау күні

16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 АЕК

Жылына бір рет

6

29-тамыз Полигонның жабылуы

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар

10 АЕК

Жылына бір рет

7

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар

8 АЕК

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60 АЕК

Жылына бір рет

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 АЕК

Жылына бір рет

8

6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 АЕК

Жылына бір рет

9

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

5 АЕК

Жылына бір рет

Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің құрбандары

50 АЕК

Жылына бір рет

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты

11

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер

2 АЕК

Жылына бір рет

12

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар

36 АЕК

Жылына бір рет

      Ескерту:

      аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:

      КСР Одағы- Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

      АЕК-айлық есептік көрсеткіш

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 16 сәуірдегі
  № 3/21 шешіміне 3 қосымша

Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда "Мұнайлы" газетінде жарияланған).

      2. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 9 маусымдағы № 23/255 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2470 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 4 ақпандағы № 29/298 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2623 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 наурызда № 16-17(467-468) "Мұнайлы" газетінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/346 "Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2780 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 11/169 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3414 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 16/214 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3492 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 22/272 Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3603 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 40/393 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3879 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қазандағы № 45/437 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтажа заматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4000 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2781 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      11. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 42/458 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3009 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      12. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 4/74 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3186 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      13. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6/104 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3239 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 14/195 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3455 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 19/241 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3535 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      16. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 тамыздағы № 27/315 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      17. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 мамырдағы № 41/402 "Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 шілдедегі № 33/347 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3912 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).