Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 4926 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Қ. Мәдібекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

  Жамбыл облысының әкімі
2021 жылғы 19 наурыздағы
№ 73 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 26 тамызда № 2735 болып тіркелді, 2015 жылғы 12 қыркүйегінде облыстық "Ақ жол" газетінде жарияланған).

      2. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 19 ақпанда № 2946 болып тіркелді, 2016 жылдың 11 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 91 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 6 мамырда № 3058 болып тіркелген, 2016 жылдың 17 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 106 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3041 болып тіркелді, 2016 жылдың 11 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3042 болып тіркелді, 2016 жылдың 13 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 мамырдағы № 3052 болып тіркелді, 2016 жылдың 17 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      7. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 271 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 қазанда № 3164 болып тіркелді, 2016 жылдың 10 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 91 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 272 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 4 қазанда № 3165 болып тіркелді, 2016 жылдың 11 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 3388 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірінде жарияланған).

      10. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы №110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 28 маусымда № 3476 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған).

      11. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 91 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 кыркүйектегі № 193 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 3534 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 қазанында жарияланған).

      12. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы №106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 194 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 3535 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 қазанда жарияланған).

      13. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі №158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 231 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 17 қарашада № 3587 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 23 қарашада жарияланған).

      14. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 292 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 18 қаңтарда №3682 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 29 қаңтарда жарияланған).

      15. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 17 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 20 ақпанда № 3712 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 наурызында жарияланған).

      16. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 33 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 5 наурызда № 4137 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 10 сәуірінде жарияланған).

      17. "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 наурыздағы № 39 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 18 наурызда № 4144 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 10 сәуірінде жарияланған).

      18. "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 7 маусымда № 4261 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 26 маусымында жарияланған).

      19. "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 91 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 182 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 4325 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 қыркүйегінде жарияланған).

      20. "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысының әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 29 қазанда № 4380 болып тіркелді, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 5 қарашада жарияланған).

      21. "Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 246 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 11 қарашада № 4397 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 19 қарашада жарияланған).

      22. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 247 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 11 қарашада № 4398 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 20 қарашада жарияланған).

      23. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 275 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 4441 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 11 желтоқсанда жарияланған).