Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-7/194 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23334 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бап 6 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бап 2 тармағына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № А-3/67 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7107 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл ауданының әкімі А.Каиржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясымен


  Ақмола облысы Ақкөл
ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ А-12/304 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 30.12.2022 № А-12/304 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Ақкөл қаласы

Талғат Бигелдинов көшесі, 8, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

Мир көшесі, 10, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы № 1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

Мәншүк Мәметова көшесі, 15, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 71, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ғимаратының алды.

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 174, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ақкөл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 144, "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны жанындағы "Ақкөл қаласындағы мәдени-демалыс орталығы" ғимаратының алды.

Привокзальная көшесі, 6, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл қаласының № 4 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

2

Ақкөл орман шаруашылығы

Мектеп көшесі, 22 "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ақкөл лесхоз ауылының "Мичурин атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

3

Радовка ауылы

Орталық көшесі, 10 "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Радовка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

4

Азат ауылы

Алаш көшесі, 4, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Азат ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

5

Қына ауылы

Болашақ көшесі, 11, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қына ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

6

Қарасай ауылы

Мағжан Жұмабаев көшесі, 6/1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қарасай ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

7

Сазды бұлақ ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 1/1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Сазды бұлақ ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

8

Домбыралы ауылы

Азат көшесі, 21, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Домбыралы ауылының Горький атындағы мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

9

Кеңес ауылы

Жеңіс көшесі, 27, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Кеңес ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

10

Малый Барап ауылы

Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі, 9, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Малый Барап ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

11

Наумовка ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 19, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Наумовка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды.

12

Кемеркөл ауылы

Мектеп көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Кемеркөл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

13

Өрнек ауылы

Дәулетбай Ахметжанов көшесі, 34, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Өрнек ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

14

Новорыбинка ауылы

Павел Савельевич Стрельцов атындағы көшесі, 12, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Новорыбинка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды.

15

Құрылыс ауылы

Болашақ көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Құрылыс ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

16

Қараөзек ауылы

Ардагерлер көшесі, 14, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Қараөзек ауылының Айтпай Құсайынов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

17

Жалғызқарағай ауылы

Орталық көшесі, 19, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқарағай ауылының Кирдищев атындағы мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

18

Тастыадыр ауылы

Әлия Молдағұлова көшесі, 13, дүкен ғимаратының алды.

19

Еңбек ауылы

Бейбітшілік көшесі, 37, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдени-спорттық кешені ғимаратының алды.

20

Рамадан ауылы

Бейбітшілік көшесі, 18, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Рамадан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

21

Табиғат ауылы

Жұмабек Тәшенов көшесі, 7, 2 пәтер, тұрғын үй ғимаратының алды.

22

Урюпинка ауылы

Кенесары көшесі, 66, Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Урюпинка ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды.

23

Ерофеевка ауылы

Мұхтар Әуезов көшесі, 19, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Ерофеевка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

24

Малоалександровка ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 10, ауылдық клуб ғимаратының алды.

25

Амангелді ауылы

Ыбырай Алтынсарин көшесі, 2, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Амангелді ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.

26

Талқара ауылы

Болашақ көшесі, 1, "Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Талқара ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды.