"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды осы шешімге қосымшаға сәйкес қосымша тегін берсін.
2. "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 500/66-VI шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1271 болып тіркелген).
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 66/9-VI шешіміне қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі
Р/с № | Аурудың атауы | Халықтың санаты | Дәрілік заттарды тағайындау көрсеткіші (дәрежесі, сатысы, ағым ауырлығы) | Дәрілік заттардың (шығару нысаны), мамандандырылған емдік өнімдердің және медициналық бұйымдардың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар | ||||
1) 1 | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Тобрамицин, ингаляцияға арналған ерітінді |
Натрий колистиметаты, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||||
Урсодезоксихол қышқылы, капсула | ||||
Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Вориконазол, ерітінді дайындауға арналған лиофилизат | |||
Амфотерицин В, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ | ||||
2) | Туа біткен жүрек ақауы кезіндегі басқа екіншілікті өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Бозентан, таблетка |
Силденафил, таблетка | ||||
Илопрост, ингаляцияға арналған ерітінді | ||||
3) | Алғашқы өкпе гипертензиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Риоцигуат, қабықпен қапталған таблеткалар |
4) | Драве синдромы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Стирипентол, капсула |
Клобазам, таблетка | ||||
5) | Қалқанша безінің медуллярлық ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Вандетаниб, таблетка |
6) | Шорбуындаушы спондилит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Инфликсимаб, инъекцияға арналған ұнтақ |
7) | Ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелік нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Тоцилизумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді жасауға арналған концентрат |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді | ||||
8) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Декспантенол, крем |
9) | Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхоөкпелік дисплазиясы | 1 жасқа дейінгі балалар | 1000 г дейінгі салмақпен өте шала туған нәрестелер | Паливизумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
10) | Бронх демікпесі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Серетид Эвохалер (салметерол және флутиказон), ингаляцияларға арналған аэрозоль |
11) | Артериялық гипертензия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Жеке көтералмаушылық жағдайында | Микардис (телмисартан) таблетка |
Микардис плюс (телмисартан және гидрохлортиазид) таблетка | ||||
12) | Контрацепция | Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер, жүктілікке қарсы көрсеткіштері бар әйелдер, бала туу жастағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Этинилэстрадиол және дроспиренон, таблетка, драже |
Дезогестрел, таблетка, драже | ||||
Этинилэстрадиол және левоноргестрел, таблетка, драже | ||||
13) | Криопиринмен байланысты мерзімді синдром | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Канакинумаб, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, инъекцияға арналған ерітінді |
14) | Созылмалы вирустық C гепатиті, бауыр циррозы сатысын қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін жағдайда | Глекапревир және пибрентасвир, таблетка |
15) | Қалқанша безінің қатерлі ісігі T3N0M0 | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Ленватиниб, капсула |
16) | Көпжақты миелома | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Даратумумаб, инфузияға арналған ерітінді жасауға концентрат |
17) | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ұлпалық трансг-лютаминазаға қарсы денелері бар, гистология-лық немесе генетикалық расталған, белсенді сатыда | Панкреатин, таблетка, капсула |
18) | Ихтиоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Декспантенол, сыртқы қолдануға арналған крем, жақпа май |
19) | Филадельфия хромосомасымен жедел лимфобластикалық лейкоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Понатиниб, таблетка |
20) | Жедел миелоидты лейкемия, M3 жасушаларының нұсқасы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Третиноин, капсула |
21) | Ауыр атопиялық дерматит | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Дупилумаб, инъекцияға арналған ерітінді |
22) | Сероздық эпителиальды аналық без қатерлі ісігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Олапариб, капсула |
23) | Туберкулез склерозы. Құрылымдық фокальды эпилепсия. Эпилептикалық энцефолапатия. Веста синдромы | Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Вигабатрин, таблетка |
Сультиам, таблетка | ||||
Зонисамид, таблетка | ||||
Клобазам, таблетка | ||||
24) | Ана мен ұрықтың қанының изосерологиялық үйлесімсіздігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Анти-Д иммуноглобулин, инъекция дайындау үшін ерітінді |
25) | Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Спленэктомия өткізуге қарсы көрсетілімдердің болуы | Ромиплостим, ерітінді дайындауға арналған ұнтақ |
26) | Дюшеннің прогрессивті бұлшықет дистрофиясы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Дефлазакорт, таблетка |
27) | Шашыраңқы склероз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Диметилфумарат, капсула |
28) | Құрысқан мойынқисаюы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | А-гемаглютинин үлгідегі ботулиндік упттық кешен, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
29) | Помпе ауруы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Алглюкозидаза альфа, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ |
30) | Тұқым қуалайтын ангионеврологиялық ісіну | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді сатыда | Адамның С1-эстераза ингибиторы, инъекция дайындау үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар | ||||
1) | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікше иеленушілері | Медициналық бұйымдар |
2) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Медициналық бұйымдар |
3) | Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Көмекші құралдарды имплантациялау, жасанды жүрек пен жүректі трансплантациялау | Медициналық бұйымдар |
4) | Контрацепция | Ауыр экстрагениталды аурулары бар әйелдер, жүктілікке қарсы көрсеткіштері бар әйелдер, бала туу жастағы барлық әйелдердің әлеуметтік осал топтары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Медициналық бұйымдар |
3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі мамандандырылған емдік өнімдер | ||||
1) | Целиакия | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ұлпалық трансг-лютаминазаға қарсы денелері бар, гистология-лық немесе генетикалық расталған, белсенді сатыда | Мамандандырылған емдік өнімдер |
2) | Көмей стенозы | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Трахеостомиялық түтікше иеленушілері | Мамандандырылған емдік өнімдер |
3) | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Мамандандырылған емдік өнімдер |
4) | Буллезді эпидермолиз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері | Мамандандырылған емдік өнімдер |