Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 640 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 желтоқсанда № 26009 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20865 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      8 және 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлы қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған дәлелді бас тартуды (бұдан әрі-дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы электрондық құжат нысанында жібереді.

      11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшелер), сондай-ақ – Көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - халықтың Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда сұрау салу жібереді.

      12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелер сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.

      13. Орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесінің жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады."

      2) "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 392 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20949 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      9, 10, 11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі - ЭЦҚ) дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жолдайды.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшелер), сондай-ақ Көрсетілетін қызметті алушының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық бөлімше) портал арқылы электрондық нысанда сұрау салу жібереді.

      12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық бөлімшелері сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының өнеркәсіптік қауіпсіздік және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.

      13. Орындаушы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы аумақтық бөлімшелерінің жауабын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі