"Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 171, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 144, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 474, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 121, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 132, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 93-ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 42, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 108 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № 586-НҚ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 8 қарашадағы № 539, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 579, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 11 қарашадағы № 461, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 355, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 428, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № ҚР ДСМ-121, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 751 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 368 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25723 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Химиялық өнімдерді түрлі көлік түрлерінде тасымалдау үшін орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 5 мамырдағы № 171, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 144, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 474, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 38-ө, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 121, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 132, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 93-ө, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 42, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 108 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5697 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________Е. Карашукеев

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________Е. Тургумбаев

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________А. Цой

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
__________С. Шапкенов

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________М. Мирзагалиев

Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрі
__________С. Брекешев

Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
__________Б. Атамкулов

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрінің Міндетін атқарушы
__________М. Күлдіков

Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
__________Е. Казанбаев