"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 1184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қарашада № 25177 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 171-3-тармақпен толықтырылсын:

      "171-3. Онкологиялық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау саласындағы объектілерді салу үшін 431 "Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелігі бойынша мердігерлік ұйым жасалған шартта көзделген авансты тиісті қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстарына ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 60 пайызы мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.";

      172-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "172. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.

      Қолдану мерзімі қаржы жылынан асатын шарттар бойынша өткен жылдардан ұсталмаған аванстық сомасы болған жағдайда, жаңа қаржы жылында төленуге жататын аванс, атқарылған жұмыстар көлемімен бұрын төленген аванс толық өтелгеннен кейін төленеді.

      Осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары онкологиялық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау саласындағы объектілерді салу үшін 431 "Жаңа объектілер салу және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау" ерекшелігі бойынша төленген аванстарға қолданылмайды.

      Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты жұмыстарға ақы төлеу тұтастай алғанда шарттың жалпы сомасының тоқсан бес пайызы шегінде жүргізіледі. Қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлінген жағдайда, сондай-ақ қаражат объектіні салуды бастауға бөлінгенде, ағымдағы қаржы жылына аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарттар бойынша бес пайызды ұстау жүргізілмейді. Бұл ретте көрсетілген жағдайларда объектілер бойынша ағымдағы қаржы жылына түпкілікті төлем аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеме ұсынған орындалған жұмыстардың актісі негізінде жүргізіледі.

      Егер шарттарда кепілді кезеңде ықтимал ақаулықтарды жоюға бес пайыз мөлшерінде кепілді ұстау туралы талаптар көзделсе, осы кепілді ұстау объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес орындалған жұмыстар үшін түпкілікті төлеуге жататын сомалардан жүргізіледі. Бұл ретте бес пайыз мөлшеріндегі кепілді ұстаудың түпкілікті сомасы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік мекеменің ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте, осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші, төртінші және сегізінші абзацтары 2023 жылғы 1 шілдеден бастап өз қолданасын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі