Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 12 қарашадағы № 591-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 қарашада № 25158 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің м.а.
Е. Казанбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің м.а.
2021 жылғы 12 қарашадағы
№ 591-НҚ бұйрыққа
қосымша

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 17.08.2023 № 319-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Көрсетілетін қызметтердің бағасы, тенге (қосылған құн салығын есептеусіз)

1

2

3

4

1.

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу

1 адам-күн

82 189

2.

Тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі

1 адам-күн

179 089