Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 қарашадағы № 587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25111 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) 719+000 километр (бұдан әрі – км) – 803+000 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Қазығұрт – Қызылқия – Ақжар – Дербісек – Дихан баба облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Қазығұрт – Тұрбат-Өндіріс облыстық маңызы бар автомобиль жолының Қазығұрт-Шарбұлақ учаскесі, Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр облыстық маңызы бар автомобиль жолының Шарапхана – Жаңабазар – 1 мамыр учаскесі, 1 мамыр – Сайрам – Шымкент учаскесі, Шымкент – Қасқасу – Көксәйек облыстық маңызы бар автомобиль жолы;

      3) ақылы жолдың бастапқы пункті –719 + 000 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 803 + 000 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 84 км;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2021 жылғы "___" _______
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
2021 жылғы "___" _______

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы
10 қарашадағы № 587
Бұйрыққа 1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Шымкент қаласы

714 км

Ақтас кенті

Төлеби ауданы

733 км

Монтайтас көлік айрығы

Қазығұрт ауданы

740 км

Қадыр Мамбет кенті

751 км

Жіңішке кенті

755 км

Сарапхана кенті

762 км

Қазығұрт кенті

764 км

Ащыбұлақ кенті

769 км

Тұрбат көлік айрығы

777 км

Қақпақ көлік айрығы

787 км

Ақжар кенті

Сарыағаш ауданы

791 км

Атамекен кенті

800 км

Дербісек кенті

  Бұйрыққа 2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) 719+000 км – 803+000 км учаскесі:

  теңге

Аймақ

Жеңіл көліктер

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - т) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 т-ға дейін жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т-ға дейін автопойыздар

Жүк көтергіштігі 10 т-дан жоғары 15 т-ға дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 т-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1
719 +000 км - 733+000 км
(14 км)

20

70

140

210

280

350

2

2
733+000 км - 762+900 км
(29 км 900 метр)

30

150

300

450

600

750

3

3
762+900 км - 803+000 км
(40 км 100 метр)

40

200

400

600

800

1 000

6

Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (84 км)

90

420

840

1 260

1 680

2 100

      Ескертпе:

      1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

      2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

      3) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.

  Бұйрыққа 3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

№ р\с

Елді мекеннің атауы

Қазығұрт ауданы

1

Жіңішке кенті