Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Тараз учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 қарашадағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25110 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) I-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Тараз 674+000 километр (бұдан әрі – км) – 534+700 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Шымкент – Шаян – Жаңатас – Саудакент – Тоғызкент – Ақкөл – Тараз автомобиль жолы;

      3) ақылы жолдың бастапқы пункті –674+000 км, ақылы жолдың соңғы пункті –534+700 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта да 2 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 89 км 300 метр;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы (учаске) жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы
10 қарашадағы № 585
Бұйрыққа
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Сайрам ауданы

674 км

көлік айырмасы Шымкент қ. айналып өту

670 км

Ынтымак кенті

665 км

Қарабұлақ көлік айырмасы

658 км

Манкент көлік айрығы

Түлкібас ауданы

652 км

Машат кенті

646 км

Састөбе
көлік айрығы

632 км

Майтөбе
көлік айрығы

587 км

Дүйсебай кенті

578 км

Қарасаз кенті

576 км

Бауыржан Момышұлы кенті

575 км

Ақ Бастау кенті

572 км

Аманбаев кенті

565 км

Нұрлыкент кенті

557 км

2 санатты "Алматы-Ташкент-Термез", автожолымен "Күйік" ескі асудан түсу

556 км

Теріс Ащыбұлақ кенті

555 км

"Күйік-Теріс-Ащыбұлақ", автожолынан шығу
3 санатты

537 км

Әулие көл кенті

Жамбыл ауданы

535 км

Айша-Бибі көлік айрығы

  Бұйрыққа 2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      І-б санатты учаскесі Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы өтетін Өзбекстан Республикасының шекарасы – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас (Қазақстан Республикасының шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарымен) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент – Тараз 674 +000 км - 534+700 км учаскесі:

  теңге

Аймақ

Жеңіл көліктер

16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - т) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т-ға дейін жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т-ға дейін автопойыздар

Жүк көтергіштігі 10 т-дан 15 т-ға дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 т-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1
674+000 - 653+150 км
(20 км 850 метр)

20

100

200

300

400

500

2

2
653+150 - 632+000 км
(21 км 150 метр)

20

100

210

310

420

520

3

3
593+000 - 557+000 км
(36 км)

40

180

360

540

720

900

4

4
546+000 - 534+000 км
(11 км 300 метр)

10

50

110

160

220

270

5

Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (89 км 300 метр)

90

430

880

1310

1 760

2 190

      Ескертпе:

      1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

      2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

      3) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін;

      4) ақылы учаскенің ұзақтығы және жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері 593+000 км-ден 632+000 км-ге дейін және 546+000 км-ден 557+000 км-ге дейін учаскені реконструкциялау бойынша жүргізілетін жұмыстарды ескере отырып көрсетілген.

  Бұйрыққа 3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

Жамбыл ауданы

1

Әулие көл кенті

2

Күйік-Теріс-Ащыбұлақ автожолынан шығу

3

Теріс Ащыбұлақ кенті

4

Нұрлыкент кенті

5

Аманбаева кенті

6

Ақ Бастау кенті

7

Бауыржан Момышұлы кенті

8

Қарасаз кенті

9

Шақпақ ата кенті

10

Дүйсебай кенті