"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I-б санатты Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қапшағай – Талдықорған 67+000 километр (бұдан әрі – км) – 253+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас республикалық маңызы бар автомобиль жолының Алматы – Көкпек – Көктал учаскесі, Сарыөзек – Көктал республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Көктал – Байғазы" учаскесі, Қоғалы – Көксу – Қарабұлақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының Байғазы – Қоғалы – Қарабұлақ – Талдықорған учаскесі;
3) ақылы жолдың бастапқы пункті – 67+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 253+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 2 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 186 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 586 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Қапшағай ауданы | |
69 км | Қапшағай қаласындағы көлік айрығы |
72 км | Қапшағай қаласы |
77 км | Қазақстан көлік айрығы |
83 км | Бақанас ауылындағы көлік айрығы |
99 км | Демалыс аймағындағы көлік айрығы |
110 км | Шеңгелді ауылы |
Кербұлақ ауданы | |
140 км | Жоламан ауылы |
147 км | Малайсары ауылы |
157 км | Қарашоқы ауылы |
167 км | Сарыөзек ауылы |
169 км | Сарыөзек ауылының көлік айрығы |
172 км | Сарыөзек ауылы |
175 км | Сарыбұлақ ауылы |
177 км | Желдіқара ауылы |
Көксу ауданы | |
200 км | Айнабұлақ ауылы |
204 км | Айнабұлақ ауылы |
210 км | Қызылтоған ауылы |
213 км | Алғабас ауылы |
235 км | Жамбыл ауылы |
235 км | Мұқры ауылы |
241 км | Ақшатоған ауылы |
242 км | Теректі ауылы |
242 км | Балпық би ауылы |
Ескелді ауданы | |
245 км | Алдабергенов ауылы |
246 км | Бақтыбай ауылы |
Талдықорған қаласы | |
251 км | аудан 3 бөлімше |
253 км | коттедж қалашығы |
254 км | Талдықорған қаласы |
Бұйрыққа 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
I-б санатты Алматы – Өскемен – Шемонайха – Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қапшағай – Талдықорған 67+000 км – 253+000 км учаскесі:
теңге |
№ | Аймақ | Жеңіл | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - т) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т-ға дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т-ға дейін автопойыздар | Жүк көтергіштігі 10 т-дан жоғары 15 т-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 т-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш, ершікті тартқыштар бар |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
1 | 20 | 100 | 190 | 280 | 380 | 470 |
2 |
2 | 50 | 230 | 460 | 690 | 920 | 1 150 |
3 |
3 | 60 | 330 | 660 | 980 | 1 310 | 1 640 |
4 |
4 | 40 | 190 | 380 | 580 | 770 | 960 |
5 |
5 | 20 | 90 | 170 | 260 | 350 | 440 |
6 | Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (186 км) | 190 | 940 | 1 860 | 2 790 | 3 730 | 4 660 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігіне және түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол кесіндісі;
2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
3) жергілікті жеңіл көлік үшін күнтізбелік 365 күнге екі бағытқа да барлық маршрут үшін 1 000 теңге мөлшерінде жол жүру үшін абоненттік төлемақы төлеу көзделген.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
---|---|
Қапшағай ауданы | |
1 | Қапшағай қаласындағы көлік айрығы |
2 | Қапшағай қаласы |
3 | Қазақстан көлік айрығы |
4 | Бақанас ауылындағы көлік айрығы |
5 | Демалыс аймағындағы көлік айрығы |
6 | Шеңгелді ауылы |
Кербұлақ ауданы | |
7 | Жоламан ауылы |
8 | Малайсары ауылы |
9 | Қарашоқы ауылы |
10 | Сарыөзек ауылы |
11 | Сарыөзек ауылының көлік айрығы |
12 | Сарыөзек ауылы |
13 | Сарыбұлақ ауылы |
14 | Желдіқара ауылы |
Көксу ауданы | |
15 | Айнабұлақ ауылы |
16 | Айнабұлақ ауылы |
17 | Қызылтоған ауылы |
18 | Алғабас ауылы |
19 | Жамбыл ауылы |
20 | Мұқры ауылы |
21 | Ақшатоған ауылы |
22 | Теректі ауылы |
23 | Балпық би ауылы |
Ескелді ауданы | |
24 | Алдабергенов ауылы |
25 | Бақтыбай ауылы |
Талдықорған қаласы | |
26 | аудан 3 бөлімше |
27 | коттедж қалашығы |
28 | Талдықорған қаласы |