Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Нұр-Сұлтан – Павлодар учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 қарашадағы № 584 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25108 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) І-а санатты Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Нұр-Сұлтан – Павлодар 16+000 километр (бұдан әрі – км) – 1367+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Бастау – Ақтау – Теміртау автомобиль жолының Теміртау – Ақтау учаскесі, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автомобиль жолының Ақтау – Ульяновск учаскесі, республикалық маңызы бар Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ульяновск автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Беловка – Қалқама автомобиль жолы, республикалық маңызы бар Ленинский – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов автомобиль жолының Беловка-Ленинский учаскесі, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі республикалық маңызы бар автомобиль жолы;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 16+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1367+000 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 375 км;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы
10 қарашадағы № 584
Бұйрыққа
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

239 км

Бозшакөл станциясы

214 км

Төрт-Құдық ауылы

197 км

Бозтал ауылы

195 км

Қойтас ауылы

180 км

Сарадыр ауылы

173 км

Сайдалы ауылы

158 км

Малтабар ауылы

126 км

Балықты ауылы

122 км

Стаханово ауылы

1356 км

Спутник ауылы

1340 км

Пограничник ауылы

1303 км

Қалқаман ауылы

1260 км

Екібастұз қаласы

1240 км

Байет ауылы

1206 км

Шідерті ауылы

  Бұйрыққа 2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері

      І-а санатты Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын, І-а санатты Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Нұр-Сұлтан - Павлодар 16+000 км – 1367+000 км учаскесі:

      теңге

Аймақ

Жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орыннан асатын автобустар және автопоездардың жүк көтергіштігі 10 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 10 тн-дан 15 тн-ға дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқышта

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1
16+000 км – 35+440
(19 км 440 метров)

20

90

180

280

370

470

2

2
35+440 км – 73+275
(37 км 835 метр)

40

190

380

570

760

950

3

3
73+275 км – 160+050
(86 км 775 метр)

90

430

870

1 300

1 740

2 170

4

4
160+050 км – 198+436
(38 км 386 метр)

40

190

380

570

760

950

5

5
198+436 км – 230+000
(31 км 564 метр)

30

160

320

480

640

800

6

6
259+000 км – 1262+410
(56 км 410 метр)

60

280

560

840

1 120

1 400

7

7
1262+410 км – 1306+200
(43 км 790 метр)

40

220

440

660

880

1 100

8

8
1306+200 км – 1367+000
(60 км 800 метр)

60

300

600

900

1 200

1 500

9

Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (375 км)

380

1 860

3 730

5 600

7 470

9 340

      Ескертпе:

      1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;

      2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпыға ортақ пайдалынылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;

      3) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін;

      4) жол жүру ақысының мөлшерлемелері 593 км-ден 632 км-ге дейін қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуде ескере отырып көрсетілген.

  Бұйрыққа 3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

Р/с №

Елді мекеннің атауы

1

Қоянды ауылы

2

Софиевка ауылы

3

Жабай ауылы

4

Приречное ауылы

5

Кенеткөл ауылы

6

Қаражар ауылы

7

Новомарковка ауылы

8

Балықты ауылы

9

Ақмырза ауылы

10

Торғай ауылы

11

Малтабар ауылы

12

Сайдалы ауылы

13

Ерейментау қаласы

14

Өлеңті ауылы

15

Қойтас ауылы

16

Бозтал ауылы

17

Төрт Құдық ауылы

18

Екібастұз қаласы

19

Ленинский ауылы

20

Спутник ауылы

21

Пограничник ауылы

22

Қалқаман ауылы

23

Байет ауылы

24

Шідерті ауылы

25

Достық ауылы