"Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 9 қарашадағы № 558 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25107 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 465 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17380 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесінде:

      4-тармақта:

      тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 процентінен асатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада реконструкция жасаған жағдайда - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 92 еселенген мөлшерін;";

      3) тармақша мына редакцияда жазылсын:

      "3) өзге елді мекендерде реконструкция жасаған жағдайда - республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерін құрайды;";

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов