Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 298-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрдің м.а. |
А. Примкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрдің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № 455 Бұйрығымен бекітілген |
Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 298-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және көміртегі офсетін қарау, мақұлдау және есепке алу, сондай-ақ офсеттік бірліктерді беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ағып кету – жоба бойынша қызметке негізделген, бірақ оның шекарасына енгізілмеген, жоба іске асырылатын жерден тыс парниктік газдар шығарындыларына немесе сіңірулеріне әсер ету;
2) базалық сценарий – парниктік газдар шығарындыларының деңгейін және (немесе) парниктік газдар сіңірулерінің ұсынылған көміртегі офсеті болмаған жағдайда сіңірілу деңгейін көрсететін сценарий, онымен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын азайтудың немесе сіңірудің қол жеткізілген көлемі бағаланады;
3) жобалау кезеңі – көміртегі офсетін өткізу жөніндегі жоспарланып отырған қызмет парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуды қамтамасыз ететін кезең;
4) жобаға өтініш беруші – көміртегі офсеті жобасын уәкілетті органның қарауына және мақұлдауына ұсынатын жеке тұлға, заңды тұлға немесе заңды тұлғалар тобы;
5) көміртегі бірліктерімен сауда жүйесінің операторы – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы, ол парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеуді және халықаралық ынтымақтастықты техникалық және сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
6) валидация және верификация жөніндегі орган (бұдан әрі – аккредиттелген орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген, валидацияның және/немесе верификацияның келісілген критерийлеріне сәйкестігіне валидацияны және/немесе верификацияны орындайтын орган;
7) көміртекті офсет – Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған экономиканың кез келген секторларында қызметті немесе қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілген парниктік газдар шығарындыларын қысқарту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту;
8) көміртекті офсет жобасы (жоба) – көміртекті офсетті іске асыру бойынша жоспарланатын қызмет;
9) маңыздылық деңгейі – көміртегі офсетін өткізу туралы есепті верификациялау туралы қорытынды дайындау үшін пайдаланылатын сандық шекті мән;
10) мониторинг – көміртегі офсеттері бойынша жүргізілетін парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін немесе парниктік газдар шығарындыларына және (немесе) сіңірулеріне байланысты қызмет бойынша басқа да ілеспе деректерді үздіксіз немесе мерзімді бағалау;
11) офсеттік бірлік – көміртегі офсетін есептеу мақсатында қолданылатын көміртегі бірлігі;
12) парниктік газдарды сіңірудің базалық деңгейі – парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуға бағытталған көміртегі офсетін іске асырусыз пайдаланудың қазіргі жағдайлары кезінде белгілі бір кезең үшін парниктік газдарды сіңірудің көміртегі диоксиді эквивалентінің тоннасымен көрсетілген шамасы;
13) парниктік газдардың сіңірілуінің ұлғаюы-базалық сценарийге қатысты парниктік газдардың сіңірілуінің есептік ұлғаюы;
14) парниктік газдар шығарындыларын азайту – базалық сценарийге қатысты парниктік газдар шығарындыларын есептік төмендету;
15) парниктік газдар шығарындыларының базалық деңгейі – осы объектіде бар технологияларды, жабдықтарды пайдалану шартымен және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған көміртегі офсетін іске асырусыз орын алуы мүмкін басқа да неғұрлым ықтимал жағдайлар кезінде белгілі бір кезең ішінде осы газдар шығарындылары объектісі өндірген парниктік газдар шығарындыларының көміртегі диоксиді эквивалентінің тоннасымен көрсетілген шамасы;
16) уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган;
17) шағын ауқымды жоба-қуаты 15 мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерімен байланысты жоба.
3. Қазақстан Республикасында көміртекті офсеттер негізінде қызметті іске асыруды оларға қатысушылар ерікті негізде жүзеге асырады және оны мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру үшін негіз болып табылмайды.
4. Көміртекті офсеттік жобалар қарапайым жобаларға, шағын жобаларға және парниктік газдардың сіңуін арттыруға бағытталған жобаларға бөлінеді.
5. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың қосарланған есебін болдырмау немесе әрбір жеке қондырғы бойынша парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту мақсатында парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтуға бағытталған бір мезгілде біреуден артық көміртегі офсеті жүзеге асырылмайды.
2-тарау. Көміртегі офсеттерін қарау, мақұлдау және есепке алу тәртібі
6. Көміртегі офсетін іске асыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін жобаның өтініш берушісі уәкілетті органға дәйекті түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидалардың 15-тармағында көзделген жағдайдан басқа, жоба тұжырымдамасы (жоба идеясы);
2) жобалық құжаттама;
3) мониторинг жоспары.
7. Жоба тұжырымдамасы (жоба идеясы) (бұдан әрі – жоба тұжырымдамасы) уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
8. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту жөніндегі көміртегі офсетіне арналған жобалау құжаттамасы осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тиісті нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынылады.
9. Жобалық құжаттама және жоба мониторингінің жоспары экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 371 бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу жөніндегі әдістемелер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24383 болып тіркелген) немесе "Париж келісімін ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықаралық әдістемелер негізінде әзірленеді.
10. Жобаға өтініш беруші парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) жобаның базалық сценарийіне қатысты олардың сіңірілуін ұлғайтуды сандық айқындау рәсімдерін әзірлейді.
11. Жобалау құжаттамасындағы көміртегі офсетінің базалық сценарийін бағалау:
1) көздерден парниктік газдардың нақты шығарындылары және (немесе) олардың сіңіргіштермен абсорбциясы туралы мәліметтер;
2) көміртегі офсетін сату шарттарына қатысты параметрлердің мүмкін болатын белгісіздіктері мен жорамалдарды есепке алу;
3) экономикалық қызметтің тиісті түрлері бойынша стратегиялық жоспарларды, бағдарламаларды және реттеуші нормалардың іс-қимылдарын есепке алу;
4) халықаралық немесе бекітілген Ұлттық әдістемелердің бірі.
Бір көміртегі офсетінде бірнеше бір типті көздерді және бірыңғай технологияларды пайдаланған жағдайда бір көз үшін базалық сценарий әзірлеуге және осы бастапқы шарттарды басқа көздерге таратуға жол беріледі.
12. Өтінім беруші әзірлеген немесе пайдаланған парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) жобаның және мониторингтің базалық сценарийіне қатысты олардың сіңірілуін ұлғайтуды сандық айқындау рәсімдерінің сипаттамасы мониторинг жоспарына енгізіледі.
13. Мониторинг жоспары уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
14. Көміртекті офсеттерді қарауды және мақұлдауды уәкілетті орган бір немесе екі сатыда жүргізеді.
15. Бір сатылы қарау рәсімі мынадай шағын ауқымды жобаларға қолданылады:
1) жел энергиясын пайдалану жобалары;
2) күн энергиясын пайдалану жобалары;
3) шағын су электр станцияларын қалпына келтіру және салу;
4) биогазды пайдалану жобалары;
16. Жобаны қараудың бір сатылы рәсімі кезінде жобаны мақұлдау туралы шешім қабылдау үшін жоба тұжырымдамасын ұсыну талап етілмейді.
17. Жобаны қараудың екі сатылы рәсімі кезінде жобаға өтініш беруші жоба тұжырымдамасын әзірлейді.
18. Уәкілетті орган өтінім беруші ұсынған жоба тұжырымдамасын көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторына сараптамаға жібереді.
19. Көміртегі офсеттерін мақұлдау сараптамасын көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы жүзеге асырады.
20. Жобаның тұжырымдамасын мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі операторының сараптамалық қорытындысы негізінде қабылдайды.
21. Қарауға ұсынылған жоба тұжырымдамасы бойынша шешімді уәкілетті орган оны алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қабылдайды.
22. Жобаның тұжырымдамасы мақұлданған жағдайда, жобаның өтініш берушісі кейіннен уәкілетті органның қарауына беру үшін жобалық құжаттаманы және мониторинг жоспарын әзірлейді.
23. Қарауға ұсынылған жобалау құжаттамасы және мониторинг жоспары бойынша шешімді уәкілетті орган оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды.
24. Жобалау құжаттамасы мен мониторинг жоспары уәкілетті органның қарауына берілгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жобаның өтініш берушісі мүдделі тараптардың жобаны талқылауына мүмкіндік беру мақсатында жобалау құжаттамасына, сондай-ақ мониторинг жоспарына қоғамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
25. Көміртегі офсетін қоғамдық талқылау нәтижелері жобалау құжаттамасында көрсетіледі.
26. Жобалық құжаттама мен мониторинг жоспары уәкілетті органға аккредиттелген орган валидациялағаннан кейін ұсынылады.
27. Көміртегі офсетін мақұлдау туралы шешімді уәкілетті орган көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі операторының сараптамалық қорытындысы негізінде қабылдайды.
28. Жоба бойынша теріс шешімді уәкілетті орган мынадай жағдайларда қабылдайды:
1) өтініш беруші ұсынған құжаттар Кодекстің және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейді не анық емес мәліметтерді қамтиды;
2) жобалау құжаттамасында көрсетілген орналасқан жері бойынша көміртекті офсетті өткізу үшін мүмкіндіктердің болмауы.
29. Уәкілетті органның көміртегі офсетін мақұлдауы жобаны кейіннен іске асыру және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен офсеттік бірліктерді алу үшін негіз болып табылады.
30. Көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде мақұлданған көміртегі офсеттерін есепке алуды жүзеге асырады. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі әрбір көміртегі офсетіне бірегей сериялық нөмір беріледі.
31. Мақұлданған көміртегі офсеттері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мәліметтерді көрсете отырып орналастырылады:
1) көміртегі офсетінің атауы;
2) жобаның өтініш берушісі туралы мәліметтер;
3) көміртегі офсетін өткізу болжанатын орналасу орны;
4) жоба бойынша мәлімделген парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту көлемі;
5) көміртегі офсетін өткізу туралы есептер негізінде ұсынылған офсеттік бірліктер саны.
3-тарау. Офсеттік бірліктерді ұсыну тәртібі
32. Уәкілетті орган бекіткен көміртегі офсетін өткізу туралы есеп өтінім берушіге мақұлданған көміртегі офсеттері бойынша офсеттік бірліктердің жобасын оларды іске асыру кезеңі ішінде ұсыну үшін негіз болып табылады.
33. Көміртегі офсетін іске асыру туралы есепті дайындау үшін жобаға өтініш беруші парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайту мониторингін жүргізеді.
34. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) олардың сіңірілуін ұлғайту мониторингі уәкілетті орган мақұлдаған мониторинг жоспарының негізінде Жоба бойынша офсеттік бірліктерді ұсынудың бүкіл кезеңі ішінде жүргізіледі.
35. Мониторинг жүргізу шеңберінде жоба жолданған парниктік газдардың әрқайсысы бойынша шығарындыларды қысқартуға немесе сіңіруді ұлғайтуға, кейіннен оларды тонна көміртегі диоксиді баламасына қайта есептей отырып, сандық бағалау жүргізіледі.
36. Өлшеу жабдығын және мониторинг жүргізу үшін жабдықты пайдаланған кезде жобаның өтініш берушісі Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес осы өлшеу жабдығын калибрлеуді қамтамасыз етеді.
37. Көміртегі офсетін іске асыру туралы есепті дайындауды және уәкілетті органға ұсынуды жобаның өтініш берушісі жүзеге асырады.
38. Көміртегі офсетін өткізу туралы есеп осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға ұсынылады.
39. Көміртекті офсетті сату туралы есеп беру ерікті болып табылады. Мұндай есепті ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау жобаны өтініш берушінің бұзуы ретінде қаралмайды.
40. Өтінім беруші уәкілетті органға ұсынған көміртегі офсетін іске асыру туралы есеп көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторына сараптамаға жіберіледі.
41. Көміртегі офсетін өткізу туралы есепті бекіту туралы шешімді уәкілетті орган көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі операторының сараптамалық қорытындысы негізінде қабылдайды.
42. Уәкілетті орган көміртегі офсетін өткізу туралы есепті алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оны бекіту не бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
43. Уәкілетті орган көміртегі офсетін өткізу туралы есепті бекітуден бас тарту туралы шешімді мынадай негіздер бойынша қабылдайды:
1) көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі операторының теріс қорытындысы;
2) жоба өтініш берушінің Кодексте және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген талаптарды сақтамауын анықтау;
3) тексерудің болмауы.
44. Көміртегі офсетін іске асыру туралы есеп бекітілген жағдайда, жобаның өтініш берушісі көміртегі офсетін іске асыру туралы бекітілген есепте мәлімделген мөлшерде офсеттік бірліктерді алу құқығына ие болады.
45. Офсеттік бірліктерді ұсынуды және айналымға енгізуді уәкілетті орган бекіткен көміртегі офсетін өткізу туралы есепке сәйкес парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңіруді ұлғайту көлемінде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде жобаға өтініш берушінің шотына орналастыру арқылы көміртегі бірліктерін сату жүйесінің операторы жүргізеді.
46. Офсеттік бірліктерді ерікті түрде жою олардың иесінің көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторына жіберген сұрау салуы бойынша жүргізіледі.
Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Жоба тұжырымдамасы (жоба идеясы)
1. Жобаның қысқаша сипаттамасы: Жобаның атауы, мақсаты, түрі, іске асырудың болжамды орны, жобаның қысқаша сипаттамасы және ұсынылатын шаралар.
2. Жобаның өтініш берушісі туралы ақпарат: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу деректері, жоба бойынша мекенжайы, байланыс тұлғасы, негізгі қызмет түрі.
3. Жобаның өтініш берушісі туралы ақпарат: жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу деректері, жоба бойынша мекенжайы, байланыс тұлғасы, негізгі қызмет түрі.
4. Парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) сіңірулерін ұлғайту тәсілдері және қаржыландыру: қызмет санатын көрсету, мысалы, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға көшу, энергия тиімділігі жөніндегі шаралар, ормандылықты ұлғайту, техникалық аспектілер мен жоспарланған технологиялардың қысқаша сипаттамасы; жобаны іске асыруға күтілетін шығындар.
5. Сіңірудің күтілетін қысқаруы немесе ұлғаюы: парниктік газдардың түрлері; шығарындылардың азайтылуының немесе сіңірудің артуының алдын ала бағаланатын көлемі; сіңірудің қысқаруына немесе ұлғаюына қол жеткізу үшін күтілетін кезең.
6. Жобаны іске асырумен байланысты, оның ішінде инвесторларды іздестіруге, жобаны жоспарланған іске асыру орны бойынша іске асыруға, жобаны оның шекарасынан тыс жүзеге асыру салдарынан орын алуы мүмкін шығарындылардың кемуіне қатысты тәуекелдер.
7. Жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары: жобаның ағымдағы мәртебесі, жобалық құжаттаманы дайындаудың күтілетін мерзімдері, жобаны іске асырудың басталуы, жобаның ұзақтығы.
Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі көміртегі офсетіне арналған жобалық құжаттама
1. Жобаға қатысушылар туралы мәліметтер |
1. Жобаға өтініш берушінің атауы. |
2. Жобаның жалпы сипаттамасы. |
1. Жобаның атауы. |
3. Базалық сценарий |
1. Негізгі сценарийдің сипаттамасы және негіздемесі. |
4. Жобаның ұзақтығы және офсеттік бірліктерді шығару кезеңі |
1. Жобаның басталу күні. |
5. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуды бағалау |
1. Жоба бойынша шығарындылардың бағаланатын көлемі |
6. Мүдделі тараптардың түсініктемелері |
Мүдделі тараптардың түсініктемелері және оларды жобаға қатысушылар қалай ескергені туралы ақпарат |
Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Парниктік газдардың сіңірілуін арттыру бойынша көміртекті офсетке арналған жобалық құжаттама
1. Жобаға қатысушылар туралы ақпарат |
1. Өтінім берушінің/жоба өтініш берушілерінің атауы. |
2. Жобаның жалпы сипаттамасы |
1. Жобаның атауы. |
3. Базалық сценарий |
1. Негізгі сценарийдің сипаттамасы және негіздемесі. |
4. Жобаның ұзақтығы және офсеттік бірліктерді шығару кезеңі |
1. Жобаның басталу күні |
5. Парниктік газдардың сіңірілуін бағалау |
1. Жоба бойынша сіңіргіштермен бағаланатын соңғы антропогендік абсорбция |
6. Мүдделі тараптардың түсініктемелері |
Мүдделі тараптардың түсініктемелері туралы ақпарат және оларды жобаға қатысушылар қалай есепке алды |
Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларына 4-қосымша |
нысан
Көміртекті офсетті бақылау жоспары
1. Жобаның атауы.
2. Мониторинг жоспарының жалпы сипаттамасы.
3. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуды немесе жобаның және мониторингтің базалық сценарийіне қатысты олардың сіңірілуін ұлғайтуды сандық айқындау рәсімдерінің сипаттамасы.
4. Жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын азайту және (немесе) парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту мониторингін (есебін) жүргізу үшін пайдаланылатын деректер.
Қызметтің немесе қондырғының реттік нөмірі, |
Қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі | Деректер көзі | Деректерді өлшеу бірлігі | Есептелген, өлшенген немесе бағаланған көлем | Деректерді бекіту жиілігі | Мониторингке жататын деректер үлесінің тиісті деректердің жалпы көлеміне арақатынасы |
5. Жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларының азаюын және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формуланың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін, көміртегі диоксиді эквивалентінің тоннасындағы шығарындылар).
6. Базалық сценарий бойынша парниктік газдар шығарындыларын және (немесе) сіңірулерін мониторингтеу (есептеу) үшін пайдаланылатын деректер
Мониторинг жүргізілетін қызметтің немесе қондырғының реттік нөмірі | Мониторинг жүргізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі | Деректер көзі | Деректерді өлшеу бірлігі | Есептелген, өлшенген немесе бағаланған көлем | Деректерді бекіту жиілігі | Мониторингке жататын деректер үлесінің тиісті деректердің жалпы көлеміне арақатынасы |
7. Базалық сценарий бойынша парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) парниктік газдардың сіңірілуін ұлғайтуды есептеу үшін пайдаланылатын формуланың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін, көміртегі диоксиді эквивалентінің тоннасындағы шығарындылар).
8. Егер қолданылатын болса, мониторинг жоспарында жобаны іске асырудан парниктік газдардың кемуін бағалау
Мониторинг жүргізілетін қызметтің немесе қондырғының реттік нөмірі | Мониторинг жүргізілетін қызмет бойынша ауыспалы деректер түрі | Деректер көзі | Деректерді өлшеу бірлігі | Есептелген, өлшенген немесе бағаланған көлем | Деректерді бекіту жиілігі | Мониторингке жататын деректер үлесінің тиісті деректердің жалпы көлеміне арақатынасы |
9. Ағып кетуді есептеу үшін қолданылатын формуланың сипаттамасы (әр газ, көз және т.б. үшін, көміртегі диоксидінің тонналық эквивалентіндегі шығарындылар).
10. Жобадан шығарындыларды азайтуды бағалау үшін пайдаланылатын формуланың сипаттамасы (әрбір газ, көз және т.б. үшін; көміртегі диоксидінің тонна эквивалентіндегі шығарындыларды азайту).
11. Мониторинг жоспары үшін қабылданған сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету рәсімдерінің сипаттамасы.
12. Мониторинг жоспарын жүзеге асыруда қолданылатын басқару жүйесі мен қызметтің сипаттамасы.
Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Көміртекті офсетті сату туралы есеп
1. Жобаның өтініш берушісі туралы деректер;
2. Жобаның атауы мен түрін, оның ауқымы мен шекарасын, өткізілетін орнын, офсеттік бірліктерді шығару кезеңінің ұзақтығын және жоба бойынша орындалатын жұмыстардың түрлерін қоса алғанда, жобаның қысқаша сипаттамасы;
3. Есепті кезеңді көрсету;
4. Жоба шеңберінде мониторинг жүргізілетін парниктік газдар шығарындылары және (немесе) сіңірулері туралы, есепті кезеңдегі көміртегі диоксиді тоннасының эквивалентіндегі олардың жалпы көлемін көрсете отырып деректер;
5. Есепті кезеңде жобаны іске асыру нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларының қол жеткізілген азаюы және (немесе) парниктік газдар сіңірілуінің ұлғаюы туралы деректер;
6. Парниктік газдар шығарындыларын азайтудың және (немесе) парниктік газдар сіңірулерін ұлғайтудың мәлімделген верификациясы туралы мәліметтер;
7. Жобаның негізгі сценарийінің сипаттамасы;
8. Жобаны іске асыру кезінде мақұлданған жобалық құжаттамадан және мониторинг жоспарынан кез келген елеулі ауытқулар туралы ақпарат;
9. Парниктік газдар шығарындыларын азайтуды және (немесе) олардың сіңірілуін ұлғайтуды есептеу үшін негіз ретінде пайдаланылған критерийлерді, рәсімдерді және құжаттарды сипаттау;
10. Жобаға өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы;
11. Аккредиттелген органның көміртегі офсетін өткізу туралы есепті верификациялауды растауы:
12. Верификацияны жүзеге асыратын аккредиттелген органның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
13. Аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі мен мерзімі немесе аккредиттеу туралы куәліктің күні, сериясы, нөмірі;
14. Аккредиттелген органның заңды мекенжайы;
15. Телефон;
16. Электрондық пошта;
17. Верификацияға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ;
18. Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірулерінің мынадай көлемде азаюын растау:
_____ тонна көміртегі диоксиді;
____ тонна көміртегі диоксиді эквивалентіндегі парниктік газдардың жалпы шығарындылары;
19. Аккредиттелген орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы.