Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. №
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр национальной экономики Республики Казахстан |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі – тұжырымдама), мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын (бұдан әрі – МЖЖ құжаттары) әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу, бағалау және бақылау жүргізу жөніндегі тәсілдерді ашады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) декомпозиция – МЖЖ жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері бөлу немесе дәйекті көшу жолымен тиісті мақсаттарда, МЖЖ төмен тұрған құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерінде көрсетілетін процесс;
2) жоспарлау кезеңі – елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуының мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын айқындау;
3) жоспарлы кезең – МЖЖ тиісті құжаты әзірленетін кезең;
4) міндет – МЖЖ жоғары тұрған құжаттарының мақсаттары мен міндеттерін орындау және қол жеткізу, сондай-ақ қызметтің саласында/аясында және жоспарлы кезеңнің соңында салада шешуші өзгерістерді қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі шарт;
5) нәтиже көрсеткіші – міндеттерді шешу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін көрсеткіш;
6) нысаналы индикатор – қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін мақсаттың сандық мәні;
7) әзірлеу – мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жолдарын талдау, модельдеу, пайымды қалыптастыру және айқындау, МЖЖ құжаттарын ресурстық қамтамасыз ету процесі;
8) әзірлеуші мемлекеттік орган – МЖЖ құжатын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;
9) бірлесіп орындаушы – қызметіне мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу байланысты болатын, өз өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері шегінде оларға қол жеткізу үшін жауапты болатын МЖЖ құжаттарын әзірлеу және іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдар;
10) талдау кезеңі – ағымдағы жағдайға, елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуының ықтимал сценарийлеріне себеп-салдарлық талдау жүргізу;
11) көрсеткіштер – нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері;
12) SWOT [свот] – талдау–елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) ішкі және сыртқы даму ортасының факторларын анықтауды және оларды төрт санатқа: Strengths [стрэнгс] (күшті жақтар), Weaknesses [викнэсес] (әлсіз жақтар), Opportunities [апартьюнитис] (мүмкіндіктер) және Threats [срэтс] (қауіптер) деп бөлуді қамтитын мемлекеттік жоспарлау әдісі.
2-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу
3. Әзірлеу процесі құжатқа бастамашылық етуден, ағымдағы жағдайды талдаудан, бірлесіп орындаушылардан ұсыныстар жинаудан, қойылған міндеттерді шешу бойынша пайымды қалыптастырудан, қол жеткізілетін нәтижелер мен қажетті ресурстарды айқындаудан, құжат жобасын қалыптастырудан, оны мүдделі тараптармен талқылаудан, МЖЖ-нің басқа да құжаттарымен байланыстырудан, белгіленген тәртіппен пысықтаудан, келісуден және бекітуден тұрады.
4. МЖЖ құжаттарын әзірлеу екі кезеңнен тұрады:
1) талдау кезеңі;
2) жоспарлау кезеңі.
5. Талдау кезеңінде:
ішкі және сыртқы ортадағы процестер мен үрдістер;
елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуының мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлерінің ауқымы;
елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) одан әрі дамуы үшін шешілуі қажет проблемалар анықталады.
6. Жоспарлау кезеңінде:
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары және Елдің аумақтық даму жоспары үшін – елдің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі дамуын айқындайтын көрсеткіштер;
тұжырымдама үшін – нысаналы индикаторлар/күтілетін нәтижелер;
мемлекеттік органның даму жоспары және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары үшін – мақсаттар, нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарына қосымшада бекітілген Стратегиялық көрсеткіштер картасының көрсеткіштері МЖЖ төмен тұрған құжаттарына декомпозицияланады:
Елдің аумақтық даму жоспары;
тұжырымдамалар;
ұлттық жобалар;
мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-параграф. Талдау кезеңі
7. Талдау жүргізу үшін елдегі жағдай (белгілі бір саладағы/қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) және ықтимал сыртқы тәуекелдер туралы қолжетімді ақпаратты жинау және құрылымдау жүзеге асырылады.
8. Талдауға арналған ақпарат көздері:
1) ресми статистикалық ақпарат және мемлекеттік органдардың әкімшілік деректері;
2) сыртқы көздерден ақпарат;
3) атқарушы және заң шығарушы билік өкілдерімен, кәсіпкерлік субъектілерімен, ғылыми жұртшылықпен, тәуелсіз сарапшылармен және жұртшылық өкілдерімен интерактивті семинарлар, сұхбаттар;
4) халыққа пікіртерім (сауалнама) жүргізу, халықтың, кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми жұртшылықтың, тәуелсіз сарапшылардың және жұртшылық өкілдерінің қалауын анықтау үшін интернет-технологияларды пайдалану;
5) МЖЖ құжаттарын іске асыру туралы есептер мен мониторингі бойынша тұжырымдар.
9. МЖЖ құжаттарын әзірлеу және түзету кезінде талдау үшін ағымдағы жылдың алдындағы соңғы үш жылдағы деректер пайдаланылады.
10. Мынадай факторлар топтары бар:
1) экономикалық және қаржылық;
2) демографиялық;
3) технологиялық;
4) әлеуметтік және мәдени;
5) кеңістіктік және экологиялық;
6) заңнамалық және реттеуші;
7) саяси және басқарушылық.
11. Елдегі жағдайдың (белгілі бір қызмет саласының/аясының, тиісті аумақтың) дамуын және ықтимал сыртқы тәуекелдерді негізге ала отырып, сондай-ақ өткен кезеңдегі МЖЖ құжаттарының іске асырылу қорытындыларын ескере отырып, талдау жүргізілетін елдің (белгілі бір қызмет саласының/аясының, тиісті аумақтың) дамуына ықпал ететін сыртқы және ішкі факторлардың тізбелері қалыптастырылады.
12. Дамудың сыртқы факторларына мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің іс-қимылдарына тәуелді емес және елдің дамуына елеулі ықпал ететін жағдайлар, сондай-ақ қазіргі уақытта және алдағы жоспарлы кезеңде Қазақстан үшін (белгілі бір қызмет саласы/аясы, тиісті аумақ) өзекті жаһандық үрдістер жатады.
13. Дамудың ішкі факторларына сыртқы факторлардың әртүрлі өзгерістерін ескере отырып, МЖЖ құжаты қалыптасатын ресурстар мен әлеует жатады.
14. Дамудың ішкі факторларын талдау елдегі (белгілі бір саладағы/қызмет аясындағы, тиісті аумақтағы) жағдай туралы тұтас түсінік береді.
15. Дамудың ықтимал үрдістерін қалыптастыру үшін ішкі факторларды бағалауды шет елдердің практикасымен салыстыру келтіріледі.
16. Сыртқы және ішкі факторларға, статистикалық ақпаратқа, жүргізілген сұхбаттарға, пікіртерімдерге, фокус-топтарға, мүдделі тараптармен консультацияларға жүргізілген талдау нәтижелері жинақталады және қорытылады.
17. Талдау жүргізу кезінде әдістердің бірі ретінде SWOT [свот] - талдау пайдаланылады.
18. SWOT-талдау деректеріне сәйкес артықшылықтар мен кемшіліктер, қолайлы мүмкіндіктер мен ықтимал қауіптер арасында байланыс орнатылады.
19. Елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуына ықпал ететін күшті жақтар және елдің (белгілі бір қызмет саласының/аясының, тиісті аумақтың) дамуын тежейтін және (немесе) оның дамуына теріс әсер ететін әлсіз жақтар ел дамуының ішкі аспектілері (белгілі бір қызмет саласының/аясының, тиісті аумақтың), яғни бақылауға жататын аспектілер болып табылады.
20. Елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) дамуына оң ықпал ететін мүмкіндіктер және сыртқы ортаның сипаттамаларына байланысты және елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) даму ықпалына бағынбайтын оның дамуына теріс ықпал ететін қатерлер сыртқы аспектілер болып табылады.
21. Талдау негізінде проблемаларды тұжырымдау және олардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау жүзеге асырылады.
22. Талдаудың осы кезеңінде проблемалар проблеманың туындау себептерін және оның салдарын анықтау үшін негізгі проблеманы анықтау, одан әрі проблеманы шешу бойынша іс-қимылдардың бірізділігін айқындау мақсатында талданады.
23. Негізгі проблемаларға шешімі басымды сипатқа ие және оларды шешуге әзірленіп жатқан МЖЖ құжатын іске асыру бағдарланатын проблемалар жатады.
24. Проблемалар мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:
1) МЖЖ құжаттарын әзірлеу сәтіндегі өзектілігі;
2) шынайылығы, яғни проблеманы тұжырымдау мүдделі тараптарға хабарлау мүмкіндігімен нақты баяндалатындығы;
3) қысқалығы және ыңғайлылығы, яғни проблема тұжырымдамасы артық ақпаратсыз баяндалады.
25. Проблемалар қайталанбайды. Егер бірнеше проблема мағынасы жағынан жақын болса, олар біріктіріледі не проблемалар арасындағы айқын айырмашылықты белгілеу мақсатында олардың тұжырымы нақтыланады.
26. Барлық ықтимал проблемалар анықталғаннан кейін проблемалардың иерархиялық орналасуы және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстар белгіленеді. Ол үшін нақтылау жүргізіледі: проблемалардың бір-бірімен қалай байланысатыны, яғни "проблемалар-себептер" және "проблемалар-салдарлар" белгіленеді.
27. Егер бір проблема екіншісіне себеп болса, онда ол төмен деңгейге түсіріледі, егер ол салдары болса, онда ол жоғары болады. Егер проблемалар бір-біріне қатысты себеп те, салдар да болмаса, онда олар бір деңгейде орналастырылады.
28. Ықтимал проблемалар анықталғаннан кейін алдағы жоспарлау кезеңіне негізгі проблемалар анықталады, оның шеңберінде МЖЖ құжаттарын іске асыру жоспарлануда.
Бұл үшін:
проблемалар МЖЖ құжаттарын іске асыру нәтижесінде қандай деңгейге дейін шешілетіндігі (проблемалар-себептер);
қандай проблемалар өздігінен немесе басқа проблемаларды (проблемалар-салдарлар) шешу салдарынан шешілетіндігі айқындалады.
2-параграф. Жоспарлау кезеңі
29. Әзірленіп жатқан МЖЖ құжаттары тиісті құжаттың мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру жолымен проблемаларды шешуге шоғырланады және мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) жеке құжатты әзірлеудің негізділігі, сондай-ақ таңдалған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, нәтижелер көрсеткіштерінің (аралық және түпкілікті) шынайылығы;
2) ұсынылатын жолдардың құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне, игілік алушылардың үміттеріне сәйкестігі;
3) құжаттың мақсаттарының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің (аралық және түпкілікті) оны іске асырудың жоспарланған мерзімдеріне, сондай-ақ іске асыру мақсатында құжат әзірленген жоғары деңгейдегі МЖЖ құжатында белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
4) құжатты іске асыру үшін қаржы-экономикалық, материалдық-техникалық, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;
5) құжаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін сыртқы және ішкі ықтимал тәуекелдер мен мән-жайларды есепке алу, сондай-ақ олардың туындауының алдын алу үшін, туындаған жағдайда оларды еңсеру үшін не құжатты түзету үшін қабылдануы тиіс шараларды айқындау.
30. Негізгі проблемаларда тиісті мақсаттар қалыптастырылады.
31. МЖЖ құжатындағы мақсат ретінде қол жеткізілуі тиісті МЖЖ құжатын іске асыруды қамтамасыз ететін жоспарлы кезеңнің соңына қарай елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) қалаулы болашақ жай-күйі болып айқындалады.
32. Мақсаттың тұжырымы қысқаша және анық жазылады және онда мыналар:
еркін немесе әртүрлі түсінуге жол беретін беретін терминдер, ұғымдар мен тіркестер;
мақсатқа жету жолдарын, құралдары мен әдістерін сипаттау қамтылмайды.
33. Дұрыс тұжырымдалған мақсаттар жоспарлы кезеңдегі елдің (белгілі бір саланың/қызмет аясының, тиісті аумақтың) өзекті қажеттіліктерінің жиынтығын көрсетеді.
34. Мақсаттарды айқындау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алған жөн:
1) өлшемділік: мақсатқа жету сандық шамасы бар нысаналы индикатордың көмегімен өлшенеді;
2) релеванттілігі: мақсаттардың иерархия бойынша жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының мақсаттарымен байланысының болуы;
3) қолжетімділік: мақсаттар жоспарлы кезеңде әлеуетті қолжетімді;
4) мақсаттың айқындылығы: мақсатқа қол жеткізудің индикаторларын оның тұжырымынан түсінуге болады.
35. Әрбір мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін оған нысаналы индикатор (аралық және соңғы мәндерімен) сәйкес келеді.
36. Нысаналы индикатордың сапалық жағы тиісті саладағы/мемлекеттік басқару аясындағы оң өзгерістердің мәнін, ал сандық жағы – олардың өлшенетін, абсолютті немесе салыстырмалы шамасын көрсетеді.
37. Нысаналы индикаторлар мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:
оларды жоспарланған кезеңдегі серпінде салыстыру мүмкіндігі;
пайдаланушылар үшін бірдей түсініктілігі;
оларға қол жеткізуді бағалау үшін ақпараттық және техникалық ресурстардың жеткіліктілігі;
тұтастай алғанда сипаттаманың толықтығы мен жеткіліктілігі;
қолжетімділік және өлшемділік;
мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндердің болуы;
аяның (саланың), оның ішінде Тұрақты даму мақсаттары ескерілген кешенді сипаттама.
38. Түйінді өзгерістерді қамтитын, анықталған проблемаларды шешуді барынша жақсы сипаттайтын нысаналы индикаторлар ғана таңдалады.
39. Әрбір нысаналы индикатор үшін ақпарат көздері және деректерді жинау құралдары айқындалады.
40. Тексерудің қолайлы көздері табылмаған немесе ақпарат жинау көп еңбекті қажет ететін шығынды нысаналы индикаторлар басқа нысаналы индикаторлармен ауыстырылады.
41. Өзге нысаналы индикаторларды айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, таңдалған нысаналы индикаторлар бойынша осы нысаналы индикатордың бағалау (болжамды) есебін көрсете отырып, есептеу әдістемесі (формуласы) әзірленеді.
42. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері айқындалады.
Бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады.
43. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторларын әзірлеу кезінде бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты болатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар деңгейіне декомпозициялау талап етілетіні ескеріледі.
44. Мақсатқа қол жеткізу әртүрлі, кейде балама міндеттерді шешумен қамтамасыз етіледі және әртүрлі ресурстар мен шығындарды талап етеді.
45. Ахуалды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңына қарай қызмет саласындағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін мақсатқа қол жеткізу үшін орындалатын негізгі шарттар міндеттер болып табылады.
46. Әрбір міндет мақсаттардың біреуіне ғана сәйкес келеді. Мақсаттардың әрқайсысы үшін жиынтығында тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қызметтің барлық бағыттарын қамтитын неғұрлым маңызды міндеттердің қажетті саны тұжырымдалады.
47. Әрбір мақсат бойынша міндеттер жиынтығы мынадай қағидаттарға сәйкес келеді:
1) қажеттілік – қойылған міндеттерге қол жеткізу МЖЖ құжаттарының табыстылығының қажетті шарты болып табылады;
2) жеткіліктілік – барлық міндеттерді шешу МЖЖ құжаттарын іске асырудың жеткілікті шарты болып табылады.
48. Міндеттердің әрқайсысын іске асыру мерзімдері тиісті мақсатқа қол жеткізу мерзімінен аспайды.
49. Әрбір міндет жобалардың міндеттерін шешу дәрежесін сипаттайтын нәтижелер көрсеткіштерінің аралық және түпкілікті мәндерін (сандық жағынан өлшенетін) қамтиды.
50. Нәтижелер көрсеткіштері мынадай өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады:
1) оларды жоспарланған кезеңдегі серпінде салыстыру мүмкіндігі;
2) пайдаланушылар үшін бірдей түсініктілігі;
3) оларға қол жеткізуді бағалау үшін ақпараттық және техникалық ресурстардың жеткіліктілігі;
4) тұтастай алғанда сипаттаманың толықтығы мен жеткіліктілігі;
5) қолжетімділік және өлшемділік;
6) мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндердің болуы;
7) жоғары тұрған нысаналы индикаторға қол жеткізу.
51. Анықталған проблемалардың шешімін жақсы сипаттайтын және міндеттерге қол жеткізуді бағалау үшін қажетті негізгі өзгерістерді қамтитын нәтижелер көрсеткіштері ғана таңдалады.
52. Нәтижелердің барлық келтірілген көрсеткіштері бойынша базалық (бастапқы) және жоспарланған мән (егер жоспарланған өзгерістер осындай нысанда тиімді көрсетілсе), сондай-ақ көрсеткіштің осы мәніне қол жеткізу үшін уақытша кезеңнің (жылдың) белгіленуі көрсетіледі.
53. Нәтижелердің әрбір көрсеткіші үшін ақпарат көздері және деректерді жинау құралдары айқындалады.
54. Тексерудің қолайлы көздері табылмаған немесе ақпарат жинау көп еңбекті қажет ететін және шығынды нәтижелер көрсеткіштері басқа нәтижелер көрсеткіштерімен ауыстырылады.
55. МЖЖ құжаттары нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері айқындалады.
Бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде айқындалады.
56. МЖЖ құжаттары нәтижелерінің көрсеткіштерін әзірлеу кезінде бұдан әрі оларға қол жеткізуге жауапты болатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, ведомстволық бағынысты ұйымдар деңгейіне декомпозициялау талап етілетіні ескеріледі.
57. Міндетті орындау әртүрлі, кейде балама шешімдерді шешумен қамтамасыз етіледі және әртүрлі ресурстар мен шығындарды талап етеді.
58. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесінің жобасы мен олардың жоспарлы мәндерінің есептеулерін әзірлеуші мемлекеттік орган мүдделі мемлекеттік органдарға МЖЖ құжатымен бір мезгілде енгізеді.
Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарлары бойынша нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесінің жобасы қосымша нысаналы индикаторлар бойынша ғана ұсынылады.
59. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша МЖЖ тиісті құжаты бекітілген күннен бастап бір айлық мерзімде әзірлейді. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі осы Әдістемеге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Мақсатты декомпозициялау кезінде МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері екі типке бөлінеді:
қол жеткізілуі бір мемлекеттік органның (оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоса алғанда) қызметімен толық байланысты.
Мысалы: "QS-WUR, ТОП-200 рейтингінде атап өтілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының саны". Бұл көрсеткішке қол жеткізуге негізінен білім беру саласындағы уәкілетті органның қызметі ықпал етеді;
қол жеткізу мемлекеттік органның және өзге де ұйымдардың қызметіне байланысты.
Мысалы: "Туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы". Осы көрсеткішке қол жеткізуге Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың қызметі әсер етеді.
61. Декомпозициялау кезінде құжаттар иерархиясының деңгейлері арасында өзара байланыс орнатылады, оған сәйкес құжаттарды іске асыру және мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бірлесіп орындаушыларға дейін дәйекті түрде төмен түсіріледі.
62. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапкершілікті бекіту негізінде бірлесіп орындаушылар МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен және нәтижелер көрсеткіштерімен келісілген жеке мақсаттарын, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін әзірлейді.
3-параграф. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын әзірлеу
63. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын және Жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру мақсатында әзірленеді және тиісті кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының негізгі бағыттары бойынша оларға қол жеткізудің негізгі басымдықтары мен тәсілдерін, сондай-ақ олардың көрсеткіштерін көрсете отырып, күтілетін нәтижелерді айқындайды.
64. МЖЖ-нің 35-тармағына сәйкес жоспарлы кезеңге арналған Ұлттық жоспардың жобасын әзірлеуді стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде алдыңғы Ұлттық жоспардың қолданылуы аяқталғанға дейін кемінде 1 жыл бұрын жүзеге асырады.
65. Ұлттық даму жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) кіріспе;
2) жаһандық үрдістерді талдау;
3) іске асырудың негізгі қағидаттары;
4) іске асыру тәсілдері және күтілетін нәтижелер;
5) Стратегиялық көрсеткіштер картасы (қосымша түрінде).
66. "Кіріспе" деген бөлімде алдағы кезеңге арналған Ұлттық жоспардың әзірлеу негіздемесі және қысқаша түйіндемесі көрсетіледі.
67. "Жаһандық үрдістерді талдау" деген бөлім Қазақстан үшін өзекті жаһандық трендтердің талдауын қамтиды.
68. "Іске асырудың негізгі қағидаттары" деген бөлім Ұлттық жоспардың мәнін және басымдықтар мен міндеттерді іске асыру негізделетін қағидаттарды, Ұлттық жоспарды іске асырудың соңына қарай елдің қалаулы болашақ жай-күйін айқындайтын, сондай-ақ Ұлттық жоспарды іске асыру мен мониторингтеудің негізгі қатысушыларын айқындайтын құжаттың мақсатын қамтиды.
69. "Іске асыру тәсілдері және күтілетін нәтижелер" бөлімі Ұлттық жоспарды іске асыру кезеңінің соңына дейін іске асырылатын жалпыұлттық басымдықтарды, міндеттер мен шараларды, сондай-ақ алдағы кезеңдегі түбегейлі өзгерістерді қамтиды.
70. "Стратегиялық көрсеткіштер картасы" деген бөлім іске асырудың әрбір жылы бойынша көрсеткіштердің аралық мәндеріне бөле отырып, тиісті басым бағыттар, салалар мен аялар бойынша, сондай-ақ өңірлік бөліністе стратегиялық көрсеткіштердің декомпозициясын қамтиды.
71. Стратегиялық көрсеткіштер картасының көрсеткіштері мәндері, жылдары, қол жеткізу мерзімдері бойынша теңдестірілген және өзара байланысты, аялар, салалар және өңірлер бойынша бөлуді (бөлу мүмкін болған кезде), сондай-ақ оларға қол жеткізуге салымды тиісті жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға бекітуді қамтиды.
72. Стратегиялық көрсеткіштер басым бағыттар бойынша Ұлттық жоспарды іске асырудың әрбір жылында елдің даму параметрлерін айқындайды және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында және Жалпыұлттық басымдықтарда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі жалпы елдік прогресті өлшеуге мүмкіндік береді.
73. Мемлекеттік органдар алдыңғы Ұлттық жоспарды іске асыру аяқталатын жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Ұлттық жоспардың жобасына ұсыныстарды жібереді.
74. Ұлттық жоспардың жобасы стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында және жария талқылау үшін ашық деректердің интернет-порталында орналастырылады және келіп түскен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталады.
75. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі органдармен келісілген Ұлттық жоспардың жобасын қалыптастырады, оны тиісті кезеңнің 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауына енгізеді.
4-параграф. Елдің аумақтық даму жоспарын әзірлеу
76. Тиісті кезеңге арналған Елдің аумақтық даму жоспары (бұдан әрі – Аумақтық даму жоспары) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленеді және елді ұтымды аумақтық ұйымдастыру жөніндегі пайымды, қағидаттар мен тәсілдерді, көші-қон процестерін ескере отырып, демографиялық ахуалдың болжамдарын, сондай-ақ ел дамуының негізгі параметрлерін сипаттайтын құжат болып табылады.
77. Аумақтық даму жоспарының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ пысықтауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен жүзеге асырады (қажет болған жағдайда).
78. Аумақтық даму жоспары мыналарды көздейді:
1) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру бойынша жағдайлар жасау;
2) экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру;
3) ел халқын қоныстандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыру;
4) бірыңғай ішкі экономикалық кеңістікті, экономиканың аумақтық құрылымының тірек қаңқасын қалыптастыру;
5) ұлттық және өңірлік инфрақұрылымдық желіні нығайту;
6) өңірлердің бәсекеге қабілетті экономикалық мамандандырылуын дамыту.
79. Аумақтық даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) кіріспе;
2) ағымдағы жағдайды талдау және бағалау;
3) халықаралық тәжірибеге шолу;
4) аумақтық дамудың пайымы, қағидаттары, тәсілдері мен бағыттары;
5) өңірлер дамуының негізгі параметрлері;
6) өңірлерді перспективалық дамыту схемалары;
7) Аумақтық даму жоспарын іске асыру тетіктері.
80. "Кіріспе" бөлімінде Аумақтық даму жоспарын әзірлеудің негіздемесі көрсетіледі.
81. "Ағымдағы жағдайды талдау және бағалау" бөлімі ел өңірлерінің ресурстық әлеуетін талдауды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу мәселелерін, экономикалық мамандану және қоныстандыру жүйесі бойынша өңірлерді жіктеуді және талдауды, елдің аумақтық-кеңістіктік даму ерекшеліктерін қамтиды.
Талдау осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының сыртқы факторлары ретінде қаралатын әлеуметтік-экономикалық дамудың жаһандық және өңірлік үрдістерін бағалауды да қамтиды.
82. "Халықаралық тәжірибеге шолу" бөлімінде аумақтық-кеңістіктік даму мәселелерін шешу бойынша әлемдік практика тәжірибесінің талдауы көрсетіледі.
83. "Аумақтық дамудың пайымы, қағидаттары, тәсілдері мен бағыттары" бөлімі елді аумақтық-кеңістікте дамытудың мақсатынан, қағидаттарынан, тәсілдерінен және бағыттарынан тұрады.
84. "Өңірлер дамуының негізгі параметрлері" бөлімі тиісті кезеңге арналған өңірлер дамуының негізгі көрсеткіштерін қамтиды.
85. "Өңірлерді перспективалық дамыту схемалары" бөлімі өңірлерді перспективалық экономикалық мамандандыру, перспективалық қоныстандыру, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды перспективалық дамыту схемаларын қамтиды.
86. "Аумақтық даму жоспарын іске асыру тетіктері" бөлімі МЖЖ-нің төмен тұрған құжаттарынан тұрады, олар арқылы аумақтық-кеңістіктік даму бағыттары іске асырылады.
87. Әзірленген Аумақтық даму жоспарының жобасы мынадай:
1) елдің перспективалық аумақтық ұйымдастырылуы және экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану мәселелерін ашу;
2) аумақтардың ағымдағы және перспективалық инфрақұрылымдық дамуы, белгіленген өңірлік стандарттарға қол жеткізу мәселелерін ашу;
3) өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді ашу;
4) Ұлттық жоспарда, МЖЖ өзге де құжаттарында бекітілген тәсілдер мен параметрлерге негізделу талаптарына сәйкес келеді.
5-параграф. Тұжырымдама әзірлеу
Ескерту. 5-параграфтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
88. Тұжырымдама нақты саланы / аяны дамыту пайымын (5-10 жыл кезеңге), сондай-ақ МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге, тәсілдерге және Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиісті саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін айқындайтын құжат болып табылады.
89. Тұжырымдаманың құрылымы мынадай:
1) паспорт (негізгі параметрлер);
2) ағымдағы ахуалды талдау;
3) халықаралық тәжірибеге шолу;
4) нақты саланың/аяның даму пайымы;
5) дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері (міндеттер/бағыттар бойынша);
6) нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер;
7) тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (Тұжырымдамаға қосымша) бөлімдерін қамтиды.
90. "Паспорт (негізгі параметрлер)" деген бөлімде мыналарды:
1) атауын;
2) әзірлеу үшін негіздемені (іске асыру үшін тұжырымдаманы, тапсырманы әзірлеу қамтамасыз етілетін МЖЖ жоғары тұрған құжаттары көрсетіледі);
3) тұжырымдаманы әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсетуді, сондай-ақ оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарды көрсетуді;
4) іске асыру мерзімдерін қамтитын негізгі параметрлер баяндалады.
91. "Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде саланың/аяның жай-күйінің ағымдағы жағдайын бағалау, сондай-ақ негізгі проблемалар, үрдістер сипатталады.
92. "Халықаралық тәжірибеге шолу" деген бөлімде Қазақстан жағдайларына бейімделуі мүмкін ұқсас мәселелерді шешу бойынша әлемдік практиканың оң тәжірибесінің талдауы көрсетіледі.
93. "Пайымдау" деген бөлімде нақты саланың/аяның пайымы сипатталады;
94. "Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері (міндеттер/бағыттар бойынша)" деген бөлімде нақты саланы/аяны дамытудың қағидаттары мен тәсілдері баяндалады.
95. "Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлімде Ұлттық жоспарда бекітілген стратегиялық көрсеткіштерге сәйкес келетін не олардан декомпозицияланған индикаторлар, сондай-ақ тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін белгілі бір саладағы/аядағы оң өзгерістерді сипаттайтын күтілетін нәтижелердің шектеулі саны (5-7-ден аспайтын) көрсетіледі.
Бұл ретте күтілетін нәтижелер тұжырымдаманы іске асырудың аяқталу мерзіміне сапалық және/немесе сандық мәнде тұжырымдалады.
Егер тұжырымдаманы іске асыру кезеңі қолданыстағы Ұлттық жоспарды іске асыру кезеңінен кейін аяқталған жағдайда, даму тұжырымдамасы индикаторларының және күтілетін нәтижелерінің мәндері келесі кезеңде өзінің жақсарғанын көрсетеді.
96. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі – Іс-қимылдар жоспары) тұжырымдаманың ажырамас бөлігі болып табылады және көрсеткіштерге уақтылы және толыққанды қол жеткізу және күтілетін нәтижелерді алу үшін тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.
Іс-қимылдар жоспары жетекшілік ететін аяда/салада нысаналы индикаторларға және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін аса маңызды түйінді реформалар/негізгі іс-шаралардың тізбесін, оларды аяқтау мерзімдерін және жауапты орындаушыларды қамтиды.
Іс-қимылдар жоспарының іс-шаралары тұжырымдамада көрсетілген тәсілдермен байланысты болуы тиіс.
Іс-қимыл жоспары оны іске асырудың барлық кезеңіне әзірленеді.
Саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары тұжырымдаманы іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
97. Тұжырымдамада пайдаланылған терминдер мен анықтамаларды нақтылау болған кезде олардың мағынасын түсіндіретін кіші бөлім көзделеді.
98. Тұжырымдама әзірлеу сатысында мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен, сондай-ақ барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
99. Тұжырымдама жобасын тұжырымдаманы әзірлеуші мемлекеттік орган жария талқылау үшін мемлекеттік органның интернет-ресурсында (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады және келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.
100. Тұжырымдаманы әзірлеу қажеттігі МЖЖ жоғары тұрған құжаттарынан туындайды.
101. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың тұжырымдаманы әзірлеуі үшін негіз болып табылады.
102. Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың тұжырымдаманы әзірлеуі үшін негіз болып табылады.
103. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілетін тұжырымдама жобасына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы міндетті түрде қоса беріледі.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-параграф. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларыy әзірлеу
104. Мемлекеттік органның даму жоспары (бұдан әрі – даму жоспары) Ұлттық жоспардың, Аумақтық даму жоспарының, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының, тұжырымдамалардың, ұлттық жобалардың, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әрбір үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді.
105. Даму жоспарын тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен келісіледі.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес даму жоспарын әзірлемейді.
106. Даму жоспары МЖЖ-нің 104-тармағының талаптарына сәйкес әзірленеді.
107. Даму жоспарының құрылымы МЖЖ-нің 105-тармағына сәйкес бөлімдерден тұрады.
108. "Миссия және пайымдау" деген бөлімде мемлекеттік органның миссиясы және пайымы баяндалады.
109. Мемлекеттік органның миссиясы мемлекеттік басқару субъектісі ретінде мемлекеттік органның тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы рөлін айқындаудан тұратын негізгі мақсаты болып табылады.
Мемлекеттік орган миссиясының тұжырымы пайдаланушылар үшін нақты және түсінікті болуы керек.
110. Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру нәтижесінде жетекшілік ететін салалардың немесе қызмет аясының перспективалық жай-күйі мемлекеттік органның пайымы болып табылады.
111. "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы" деген бөлімде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның қолданыстағы заңнамадан және МЖЖ жоғары тұрған құжаттарынан туындайтын, іске асырылуына мемлекеттік органға бекітілген индикаторларға қол жеткізу байланысты болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты мақсаттары көрсетіледі.
112. "Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар" деген бөлімде даму жоспарының стратегиялық бағыттары, мақсаттары, нысаналы индикаторлары баяндалады.
Стратегиялық бағыттар реттелетін салаларды немесе қызмет салаларын талдау негізінде қалыптастырылады, ондағы өзгерістер Ұлттық жоспарда белгіленген стратегиялық көрсеткіштерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының, тұжырымдаманың және ұлттық жобалардың мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін аса маңызды болып табылады.
Ескерту. 112-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.113. Мақсаттарды айқындауды е мемлекеттік орган мынадай талаптарға сәйкес жүзеге асырады:
1) мақсаттың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;
2) сандық көрсеткіштер арқылы мақсатқа қол жеткізуді білдіру мүмкіндігі;
3) Ұлттық жоспардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының, ұлттық жобалардың мақсаттарына сәйкестік;
4) тұжырымдау кезінде мыналарға:
еркін немесе екіұшты түсіндірудің терминдерін, ұғымдарын және тіркестерін пайдалануға;
мақсатқа қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейтін мақсаттардың қысқаша және нақты баяндалуы.
114. Әрбір мақсат үшін даму жоспарында жоғары тұрған деңгейдегі МЖЖ тиісті құжаттарында бекітілген индикаторлар мен көрсеткіштерден туындайтын нысаналы индикаторлар айқындалады.
Нысаналы индикаторларды қалыптастыру күтілетін нәтижелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Даму жоспарының нысаналы индикаторлары жетекшілік ететін салалардың/аялардың дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға және бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты және/немесе мемлекеттік органның қызметіне байланысты нысаналы индикаторларға бөле отырып көрсетіледі.
115. Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторларға мемлекеттік органның өзінің қызметіне байланысты мемлекеттік органдардың нысаналы индикаторлары жатады.
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар, оның ішінде МЖЖ жоғары тұрған құжаттарында көзделген міндеттердің шешімін де көрсетеді.
Даму жоспарында Стратегиялық көрсеткіштер картасы шеңберінде оған бекітілген барлық көрсеткіштер ескеріледі.
Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бес жылдық кезеңдердің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәндерін айқындай отырып, оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.
116. Макроиндикаторларға өңірде саланы/аяны дамытудың кешенді сипаттамасын көрсететін және мемлекеттік органның өзінің және бірлесіп орындаушылардың қызметіне байланысты нысаналы индикаторлар жатады.
Макроиндикаторлар МЖЖ жоғары тұрған құжаттарынан көшіріледі. Мемлекеттік орган стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ жетекшілік ететін ая/сала бойынша саясатты іске асыру арқылы макроиндикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Саланың дамуын сипаттайтын макроиндикаторлар тиісті мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысты талап етпейді.
117. "Ресурстар" деген бөлімде есепті және жоспарлы кезең жылдары бөлінісінде бюджет шығыстарының жиынтығы мен даму жоспарын іске асыруға тартылған штат саны көрсетіле отырып, адами ресурстар келтіріледі.
118. Мемлекеттік органның даму жоспары осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
119. Мемлекеттік органның даму жоспарына осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың басымдығын көрсете отырып, мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілік қоса беріледі.
Түсіндірме жазба еркін нысанда жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:
1) мақсаттың, нысаналы индикатордың атауы;
2) соңғы 3 жылдағы әрбір нысаналы индикатордың нақты қаржыландырылуының және орындалуының қысқаша сипаттамасы;
3) әрбір жыл бойынша нысаналы индикатор мәнінің жоспарлы есебі;
4) мақсаттар мен нысаналы индикаторлар бойынша басымдығын көрсете отырып, қаржылық қажеттіліктің негіздемелері және есептері.
120. Мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың басымдығы қаржыландыру лимиттері үшін негіз болып табылады.
121. Даму жоспарлары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бекітіледі.
122. Даму жоспарын әзірлеуші мемлекеттік орган өзгерістер мен толықтырулар бекітілгеннен немесе енгізілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
123. Даму жоспары бекітілгеннен немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.
124. Даму жоспарында басқа мемлекеттік органдардың салаларымен/аяларымен байланысты мақсаттар болған кезде даму жоспары құзыреті бойынша уәкілетті органдарға да жіберіледі.
125. Даму жоспарына МЖЖ-нің 118 және 119-тармақтарына сәйкес жыл сайын операциялық жоспар әзірленеді.
126. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру кезінде тиісті саланың (аяның) мақсаттары мен нысаналы индикаторлары құқықтық мирасқор-мемлекеттік органның барлық жоспарлы кезеңге арналған даму жоспарында көрсетіледі.
7-параграф. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын әзірлеу
127. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Жалпыұлттық басымдықтар, Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Елдің аумақтық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, тұжырымдама мен ұлттық жобалар негізінде бесжылдық кезеңге әзірленеді.
Ескерту. 127-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.128. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланының, астананың даму жоспарын әзірлеу үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдерінен және мәслихат депутаттарынан тұратын жұмыс тобы құрылады, қажет болған кезде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, ғылыми ұйымдардың, ғалымдар мен түрлі білім салаларының мамандарының, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысады.
129. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
130. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) МЖЖ жоғары тұрған құжаттарында белгіленген бағыттармен өзара байланыста өңір дамуының басым бағыттарын айқындау;
2) нақты аумақта МЖЖ жоғары тұрған құжаттарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттерді шешу жолдарын баяндау;
3) аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін бағалауды баяндау;
4) нысаналы индикаторларды көрсете отырып, бесжылдық кезеңнің соңына қарай аумақты дамытудың түпкілікті мақсаттарын айқындау;
5) күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдауды ескере отырып, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің ықтимал жолдары мен тәсілдерін айқындау;
6) мақсаттар мен нысаналы индикаторлардың қисынды өзара байланысын сақтау;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумында айқындалған облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің түйінді индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету;
8) игілік алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өңірдің өз экономикалық әлеуетін дамытуға бағдарлану;
9) қаржыландыру көздері мен іске асыру кезеңдері бойынша бөліністе даму жоспарын іске асыруға арналған шығыстардың абсолютті мәндегі көлемі туралы ақпаратты қамту;
10) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар іс-шараларының келісімділігін, сондай-ақ мақсаттар мен ресурстар бойынша құжаттың теңгерімділігін сақтау;
11) тезистік форматта, қысқаша және нақты баяндау.
131. Мемлекеттік органдардың ведомствоішілік мәселелерін шешуге бағытталған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын әзірлеуге жол берілмейді.
132. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салыстырма кесте қоса беріледі.
133. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) паспорт (негізгі сипаттамалар);
2) аумақты дамытудың пайымы мен перспективасы;
3) ағымдағы ахуалды талдау;
4) негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары;
5) қажетті ресурстар.
134. "Паспорт (негізгі сипаттамалар)" бөлімінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының негізгі параметрлері баяндалады, онда:
1) атауы;
2) осы өңірдің негізгі сипаттамалары;
3) бағыттар, мақсаттар мен нысаналы индикаторлар;
4) қажетті ресурстар қамтылады.
135. "Аумақты дамытудың пайымы мен перспективасы" бөлімінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру нәтижесінде өңірдің перспективалы жай-күйі сипатталады.
136. "Ағымдағы ахуалды талдау" бөлімінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ағымдағы дамуы, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы, сондай-ақ өңірдің бәсекелік артықшылықтары мен мүмкіндіктері сипатталады.
Осы бөлімнің көлемі құжаттың жалпы көлемінің 25%-ынан аспайды.
137. "Ағымдағы жағдайды талдау" бөлімі осы Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфына сәйкес қалыптастырылады.
138. "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" бөлімінде:
1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары;
2) нысаналы индикаторларды көрсете отырып, жоғары тұрған МЖЖ құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір бағыты бойынша мақсаттар;
3) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары баяндалады.
139. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары жоспарлы кезеңнің соңына қарай өңірді дамытудың белгілі бір бағытының жай-күйінің пайымын, оны дамытудың сапалық бағдарларын білдіреді.
140. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының барлық мақсаттары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін аралық және түпкілікті маңызы бар нысаналы индикаторларды қамтиды.
141. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттары, іске асырудың нысаналы индикаторлары оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары тиісті өңірге бекітілген мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, МЖЖ жоғары тұрған құжаттарындағы міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары міндетті тәртіппен тиісті өңірге бекітілген Стратегиялық көрсеткіштер картасы мен ұлттық жобаларда көзделген көрсеткіштерді қамтиды.
142. Мақсаттар мен нысаналы индикаторлар осы Әдістеменің 2-тарауының 2-параграфына сәйкес әзірленеді.
143. Жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асырудың нысаналы индикаторлары ретінде МЖЖ жоғары тұрған құжаттарында өңірге бекітілген индикаторлардың 20%-ынан аспайтын мөлшерде өңірдің ерекшелігін ескеретін қосымша индикаторлар енгізіледі.
144. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторлары өңірдің дамуын сипаттайтын макроиндикаторларға және қаржы шығыстарымен өзара байланысты нысаналы индикаторларға бөліне отырып көрсетіледі.
Макроиндикаторларға өңірде саланы/аяны дамытудың кешенді сипаттамасын көрсететін және бюджеттік бағдарламалармен/кіші бағдарламалармен өзара байланысты талап етпейтін нысаналы индикаторлар жатады.
Қаржы шығыстарымен өзара байланысты нысаналы индикаторларға жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысты және/немесе жергілікті атқарушы органдардың қызметіне байланысты нысаналы индикаторлар жатады.
Нысаналы индикаторларды қаржы шығыстарымен өзара байланысты макроиндикаторлар мен индикаторларға бөлуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құзыреті бойынша тиісті орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.
145. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге байланысты емес бюджет шығыстарын (мемлекеттік қызметшілерді ұстауға, заңнамалық актілерде тікелей айқындалатын немесе Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған функциялар мен міндеттерді іске асыруға байланысты шығыстарды қоспағанда) жоспарлауға жол берілмейді.
146. Орталық мемлекеттік органдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жоспарына тиісті өңірге бекітілмеген индикаторларды енгізуге бастамашылық жасауына жол берілмейді.
147. Өңірдің ерекшелігін есепке алу үшін жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша ресми статистикалық ақпарат қалыптастырылмайтын нысаналы индикаторларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына енгізген жағдайда жергілікті атқарушы орган МЖЖ-нің 141-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді.
148. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларын бөлу осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
149. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бөлінісінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган қалыптастырмайтын нысаналы индикаторлар қосымшаға аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша бөлінбестен енгізіледі.
Даму жоспарына қосымшаға нысаналы индикаторларды және олардың мәндерін тұтастай облыс бойынша түзетусіз өзгерістер енгізілген жағдайда бұл өзгерістер мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілмейді.
150. "Қажетті ресурстар" бөлімінде мақсаттар бөлінісінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру үшін қаржылық ресурстарға қажеттілік баяндалады.
151. Тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлеген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.
152. МЖЖ-нің 146-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын жергілікті атқарушы орган ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына бекітуге ұсынады.
153. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарын әзірлеуші бекітілгеннен немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
154. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары бекітілгеннен немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) интернет-ресурсында орналастырылады.
155. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
156. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы тиісті аумақтың бірлесіп орындаушыларымен бірлесіп әзірлейді.
157. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары бойынша болжанатын шығыстар жиынтығы қоса беріледі.
Өзге көздердің болжамды шығыстары туралы ақпарат бұл кестеде көрсетілмейді.
3-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру
158. МЖЖ құжаттарында қойылған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне (аралық және түпкілікті) қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.
159. МЖЖ құжаттарын іске асыру кезінде мыналар:
ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісімділік;
ресурстардың ең аз шығынымен берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлану;
қаржылық және еңбек ресурстарының теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.
160. МЖЖ құжаттарын табысты іске асыру үшін қолданылатын негізгі құралдар:
1) төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру;
2) мақсаттарды, нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін декомпозициялау, каскадтау;
3) іс-қимыл жоспарларын (іс-шаралар) және операциялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
4) ресурстармен қамтамасыз ету;
5) ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
6) тәуекелдерді талдау және басқару;
7) МЖЖ құжаттарына мониторинг жүргізу;
8) МЖЖ құжаттарын түзету болып табылады.
1-параграф. Төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды іске асыру
161. МЖЖ құжаттары төмен тұрған деңгейдегі құжаттарды әзірлеу қажеттілігі мен заңдылығы жоғары деңгейде тұрған құжаттардан туындайтын тұтас жүйені білдіреді, ал жоғары деңгейде тұрған құжаттарды іске асыру, мониторингтеу төмен тұрған деңгейдегі құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
162. Ұлттық жоспарды іске асыру:
1) тұжырымдаманы, ұлттық жобаларды;
2) мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
163. Елдің аумақтық даму жоспарын іске асыру:
Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды;
мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын іске асыру арқылы да жүзеге асырылады.
164. Тұжырымдамаларды іске асыру:
оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын;
ұлттық жобаларды;
мемлекеттік органдардың даму жоспарын;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын;
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын;
заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
165. Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру операциялық жоспарды және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
166. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
2-параграф. Мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды айқындау
167. МЖЖ құжаттарын табысты іске асыру үшін мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу мақсатында оларды орындау үшін іс-қимылдар (іс-шаралар) тізбесі айқындалады.
168. Мемлекеттік органдардың іс-қимыл жоспарлары, іс-шаралар жоспарлары және операциялық жоспарлары тактикалық және операциялық деңгейлерде әзірленеді.
169. Тактикалық деңгейде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму тұжырымдамаларын, жоспарларын іске асыруға қатысатын орган жүзеге асыратын іс-әрекеттер (іс-шаралар) бағаланады.
170. Тұжырымдамаларды іске асыру үшін іс-қимыл жоспарлары әзірленеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленеді.
171. МЖЖ құжаттарын іске асыру жөніндегі іс-қимылдар (іс-шаралар) жоспары – мерзімдерді, жауапты орындаушыларды, аяқтау нысанын айқындай отырып, тұжырымдамалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған нақты іс-қимылдар жиынтығы.
172. Операциялық деңгейде мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыруға қатысатын органдардың құрылымдық бөлімшелері үшін нақты іс-қимылдарды (іс-шараларды) және оларды орындау тиімділігінің өлшемшартын айқындайтын операциялық жоспарлар әзірленеді.
173. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және іске асырылуын бақылау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20006 болып тіркелген) бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларында айқындалған.
3-параграф. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу
Ескерту. 3-параграфтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
174. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі – іс-қимылдар жоспары) тұжырымдамаға қосымша болып табылады және тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында оның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін әзірленеді.
Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.175. Іс-қимылдар жоспары оны іске асырудың барлық кезеңіне әзірленеді.
176. Іс-қимылдар жоспары тұжырымдамалардың қойылған мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, мерзімдері, орындаушылары бойынша келісілген іс-шаралар жүйесін қамтиды.
177. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары Тұжырымдаманы іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-параграф. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
178. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) – мерзімдерін, орындаушыларын, аяқталу нысанын, оны іске асыруға қажетті шығындарды айқындай отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар жиынтығы.
179. Іс-шаралар жоспары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына уақтылы және толық қол жеткізу және жоспарланатын нәтижелерге қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында әзірленеді.
180. Іс-шаралар жоспары Елдің аумақтық даму жоспарын ескере отырып, қойылған мақсаттарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келісілген іс-шаралар жүйесін қамтиды.
181. Іс-шаралар жоспары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын әзірлеумен бір мезгілде оны іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірленеді.
182. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
183. Іс-шаралар жоспарына осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес нысанға ұқсас бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары бойынша болжанатын шығыстар жиынтығы қоса беріледі.
5-параграф. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын ресурстармен қамтамасыз ету
184. МЖЖ құжаттарын уақтылы және сапалы іске асыру үшін оларды қажетті ресурстармен – қаржылық, еңбек, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету маңызды.
185. МЖЖ құжаттарын қаржыландыру көздері мыналар:
1) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты;
2) мемлекеттік қарыздар;
3) мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар;
4) тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;
5) халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары;
6) екінші деңгейдегі банктердің кредиттері;
7) ұйымдардың меншікті қаражаты;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер болып табылады.
186. МЖЖ құжаттарын қаржыландырудың болжамды көлемі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, жоспарлы кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің параметрлері, халықаралық шарттар мен құжаттар ескеріле отырып айқындалады.
187. Жоспарлы кезеңге арналған МЖЖ құжаттарының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бюджет қаражатын бөлу республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесінде жүзеге асырылады.
188. Орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттердің жобаларын әзірлеу барысында мемлекеттік кепілдікпен тартылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік қарыздардың, мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен МЖЖ құжаттарын қаржыландыру мүмкіндіктері нақтыланады.
189. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган өзінің бюджеттік бағдарламаларында қойылған мақсаттарға, міндеттерге және жоспарланған нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бюджет қаражатын көздейді.
190. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру есебінен қол жеткізу болжанып отырған МЖЖ құжаттарында көзделген мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері тиісті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының мақсаттары мен нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысты қамтамасыз етеді.
6-параграф. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
191. МЖЖ құжаттарын іске асыру сатысындағы маңызды міндет ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту болып табылады. МЖЖ құжаттарын іске асырудың табыстылығы мен нәтижелілігі көбінесе орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының келісілген іс-қимылдарына, олардың МЖЖ құжаттарын іске асыру процесіне мүдделілігі мен тартылуына байланысты.
192. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мемлекеттік құрылымдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары және МЖЖ құжаттарын іске асыруға қатысатын басқа да ұйымдар арасында сындарлы өзара іс-қимылды жолға қоюды қамтиды.
193. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) МЖЖ құжаттарын іске асыру процесінде орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар іс-қимылдарының келісілуі;
2) өзара іс-қимыл жасайтын әрбір тараптың проблемаларды шешу және нәтижелерге қол жеткізу жолдарын іздестіруге мүдделілігі;
3) жеке-дара шешуге тиімсіз маңызды проблемаларды еңсеруде әрбір тараптың күш-жігері мен мүмкіндіктерін біріктіру;
4) даулы мәселелерді шешуде МЖЖ құжаттарын іске асыруға қатысушылар арасындағы сындарлы ынтымақтастық;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауаптылығы.
194. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының және басқа да ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен МЖЖ құжаттарының жоспарланған мақсаттарына, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және маңызды әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге де проблемаларды шешеді.
195. МЖЖ құжаттарын іске асырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл:
МЖЖ құжаттарын іске асыруда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы;
МЖЖ құжаттарының мақсаттарын, міндеттерін, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін декомпозициялау және каскадтау;
МЖЖ құжаттарын іске асыру жөніндегі іс-қимылдар (іс-шаралар) жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
196. МЖЖ құжаттарын іске асыруға қатысатын мемлекеттік орган, ұйым тиісті салада (қызмет аясында) елеулі нәтижелерге қол жеткізуге арналған нақты іс-қимылдарға шоғырланады.
197. МЖЖ құжаттарын іске асыру кезінде МЖЖ-нің 27-тармағына сәйкес жобалық басқару әдістері мен тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Жобалық басқару Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7-параграф. Тәуекелдерді талдау және басқару
198. МЖЖ құжаттарын іске асыру кезінде тәуекелдерді анықтап, талдауға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.
199. МЖЖ құжаттарын әзірлеу барысында жиналған ақпараттың едәуір бөлігі сияқты тәуекелдер де іске асырылу шамасына қарай өзгереді және үнемі қадағаланады.
200. МЖЖ құжаттарын іске асыру барысында жаңа тәуекелдердің туындау ықтималдығы бар.
201. МЖЖ құжаттарын іске асыру кезінде оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері) өз өкілеттіктері шегінде мыналарды жүргізеді:
1) тәуекелдерді талдау – МЖЖ құжаттарының іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін ықтимал тәуекелдерді қадағалайды;
2) тәуекелдерді басқару – жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу ықтималдығы күшейген немесе тәуекелі басталған жағдайда қажетті іс-шараларды (оның ішінде бұрын жоспарланған) жүзеге асырады.
202. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаты – мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу, жалпы тәуекелдердің әсер ету дәрежесін қолайлы деңгейге дейін төмендету арқылы МЖЖ құжаттарын іске асыру ықтималдығын арттыру. Тәуекелдерді басқару процесі қажетті және уақтылы шешімдер қабылдаумен байланысты.
203. Тәуекелдерді талдау мен басқаруды құжаттарды әзірлеуші органдар, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушылар (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері) МЖЖ құжаттарын іске асырудың барлық жоспарлы кезеңі ішінде орындайды.
204. Тәуекелдерді басқару нақты процесс болып табылады және мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты орган қабылдайтын іс-қимылдарды қамтиды.
8-параграф. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын түзету
205. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің жекелеген тапсырмалары, МЖЖ құжаттарының іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері оларды түзету үшін негіз болып табылады.
206. Ұлттық жоспар, Елдің аумақтық даму жоспары, тұжырымдамалар МЖЖ сәйкес іске асыруды мониторингтеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қорытындысы негізінде түзетіледі.
207. Ұлттық жоспарға түзетулер енгізілген жағдайда Стратегиялық көрсеткіштер картасын түзетуге жол беріледі.
208. Стратегиялық көрсеткіштер картасы түзетілген жағдайда МЖЖ төмен тұрған құжаттарының нысаналы индикаторлары тиісті түрде түзетілуге тиіс.
209. МЖЖ 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, МЖЖ құжаттарын іске асырудың соңғы жылында мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, міндеттерді және нәтижелер көрсеткіштерін түзетуге жол берілмейді.
210. Бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органның даму жоспарын түзетуге жол беріледі.
Бюджет қаражатының күтілетін игерілмеуіне байланысты нысаналы индикаторлардың мәнін азайтуды көздейтін ағымдағы қаржы жылының үшінші тоқсанынан кеш мемлекеттік органның даму жоспарын түзетуге жол берілмейді.
211. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын мониторингтеудің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жылына бір рет түзетілуге жатады.
212. Нәтижесінде, құжаттарды түзету жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды қайта қарауға, ресурстарды қайта бөлуге немесе олардың көлемін өзгертуге, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің мәндерін өзгертуге, тиімсіз болып табылатын іс-әрекеттерді тоқтата тұруға, МЖЖ құжаттарын іске асыру процесінде анықталған проблемаларды еңсерудің және әлсіз тұстарын жоюдың жаңа тәсілдерін әзірлеуге әкеледі.
213. Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің сандық мәндерін іске асыру мерзімі өткеннен кейін өзгертуге жол берілмейді. Жоспарлы кезең іске асыру мерзімі өткеннен кейін жоспарлы кезең болып қала береді.
214. МЖЖ құжаттарын түзету әзірлеу үшін белгіленген талаптар ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
4-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторинг жүргізу
215. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Жалпыұлттық басымдықтарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қоспағанда, МЖЖ құжаттарының іске асырылу барысы туралы есептер мен басқа да ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту мониторингтеу болып табылады.
216. МЖЖ құжаттарын мониторингтеу мыналарды:
1) құжаттың іске асырылу барысы туралы ақпарат алудың жүйелілігін;
2) келіп түскен ақпаратты жедел талдауды жүзеге асыру, оның тиімсіз іске асырылу тәуекелдерін анықтау және басқарушылық шешімдерді оңтайландыру мүмкіндіктерін айқындау мүмкіндігін;
3) мемлекеттік органдардың тиісті құжатты іске асырудағы іс-қимылдарының келісілуін;
4) іске асыру шарттары елеулі өзгерген жағдайда құжатты түзету бойынша ұсыныстарды уақтылы әзірлеу мүмкіндігін;
5) қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттың іске асырылуына сапалы қорытынды жасауды қамтамасыз етеді.
217. Мониторинг:
ресурстарды пайдалануды;
жоспарланған қызметті орындауды;
жоспарланған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуді зерделеу және талдау үшін ақпаратты тұрақты жинау арқылы жүзеге асырылады.
218. Мониторингтің нысанасы қандай да бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкілікті нәтижелерді жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ осы қызметтің сапалы нәтижелері болып табылады.
219. МЖЖ құжаттарын мониторингтеудің негізгі нәтижесі мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
220. МЖЖ құжаттарына мониторинг жүргізу үшін ақпарат көздері мыналар:
1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты;
2) халықаралық рейтингтер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарының нәтижелері;
3) төмен тұрған деңгейдегі МЖЖ құжаттарын мониторингтеудің қорытындысы;
4) бюджеттердің атқарылуы туралы есептер;
5) тәуелсіз сарапшылардың есептеулері мен қорытындылары;
6) басқа көздер болып табылады.
221. МЖЖ құжаттарын мониторингтеу нәтижелері бойынша оларды МЖЖ-нің 24-тармағына сәйкес түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
222. МЖЖ құжаттарының іске асырылу барысын мониторингтеуді МЖЖ-нің 17-тармағына сәйкес уәкілетті органдар жүзеге асырады.
223. Мониторинг нәтижелері осы Әдістеменің 4-тарауында көзделген тәртіппен іске асыру туралы есеп түрінде ресімделеді.
МЖЖ қолданыстағы құжатының іске асырылуы туралы есеп жыл сайын осы Әдістемеде белгіленген мерзімде дайындалады.
224. МЖЖ құжаттарын мониторингтеу кезінде МЖЖ-нің 27-тармағына сәйкес жобалық басқарудың әдістері мен тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Жобалық басқару Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1-параграф. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру туралы есеп
225. Іске асыру туралы есепте:
1) құжаттың деректемелері:
құжаттың атауы, нөмірі, күні;
әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушылар;
іске асыру мерзімдері, оның ішінде кезең-кезеңмен іске асыру мерзімдері;
2) жоспарланған және іс жүзінде қол жеткізілген нысаналы индикаторлар, міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштері, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептері;
3) қаржыландыру көздері бойынша бөліністе есепті кезеңде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, орындалған жоспарланған іс-шаралар, орындалмаған немесе ішінара орындалған іс-шаралар (құжат іске асырылған кезден бастап бүкіл кезең ішінде), сондай-ақ (іс-шаралар орындалмаған немесе ішінара орындалған жағдайда) олардың орындалмау себептері және МЖЖ құжаттарында айқындалған белгіленген мақсаттарға, міндеттерге және тиісті нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпалы туралы түсініктемелер туралы ақпарат;
4) базалық кезеңмен салыстырғанда динамикада игілік алушылардың қанағаттану деңгейі туралы ақпарат (құжат іске асырылғанға дейінгі сәтте тиісті көрсеткіштердің мәні туралы ақпарат болған кезде, ол болмаған жағдайда – құжатты іске асырудың бірінші жылы базалық болып танылады);
5) жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдамалық іс-шаралар туралы мәліметтер және бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша орындалған ұсынымдар туралы ақпарат қамтылады.
Құжатты іске асыру бюджеттік инвестицияларды іске асырумен байланысты жағдайларда әзірлеуші мемлекеттік орган іске асыру туралы есепте құжатты іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді көрсетеді.
6) шешуге құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы ақпаратты көрсете отырып, құжаттың іске асырылу барысын, сондай-ақ тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгерістеріне сәйкес МЖЖ құжаттарын түзетуге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстарды қорытып талдау қамтылады.
226. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын іске асыру туралы есеп осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы осы Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
227. Тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Ескерту. 227-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.228. Мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру туралы есеп осы Әдістемеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
229. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру туралы есеп осы Әдістемеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
230. Құжатты іске асыру мерзімі аяқталғаннан кейін құжаттың іске асырылуы туралы қорытынды есеп дайындалады, оған құжаттың соңғы қолданылу жылында іске асырылуы жөніндегі ақпарат та, құжаттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін қорытындыланған ақпарат та кіреді.
231. Іске асыру туралы есеп МЖЖ құжатының түріне қарай электрондық түрде (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) ұсынылады және (немесе) іске асыру туралы есепті қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында бірінші басшының қолы қойылып (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырылады.
232. Құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қамтитын іске асыру туралы есеп қағаз жеткізгіште ұсынылады.
233. МЖЖ құжаттарын іске асыру туралы есептер мемлекеттік органның интернет-ресурсында құжатты іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде ұсталады.
2-параграф. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын іске асыру туралы есепті ұсыну
234. Ұлттық жоспарды мониторингтеу тоқсан сайын және жыл сайын жүргізіледі.
235. Ұлттық жоспарды тоқсан сайын (жедел) мониторингтеуді жобалық басқарудың әдістері мен тәсілдеріне сәйкес Ұлттық жобалық офис жүргізеді.
236. Орындаушылар жедел мониторингтің нәтижелерін стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға тоқсан сайынғы негізде есепті айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.
237. Жедел мониторингтеудің нәтижелері Ұлттық жоспарды іске асыру барысын талдау, уақтылы және/немесе сапасыз іске асыру тәуекелдерін анықтау және қажетті түзету іс-қимылдары бойынша тиісті уақтылы ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылады.
238. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жедел мониторингтеу деректерінің негізінде, сондай-ақ Реформаларды мониторингтеудің ұлттық талдамалық орталығының ақпаратын ескере отырып, тиісті ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.
239. МЖЖ-нің 44 және 45-тармақтарына сәйкес Ұлттық жоспарды жыл сайын мониторингтеуді Стратегиялық көрсеткіштер картасы бойынша бекітуге сәйкес стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар ұсынған ақпараттың негізінде стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдар жүргізеді.
240. Егер міндетті іске асыруға бірлесіп орындаушы қатысқан жағдайда, онда ол есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде стратегиялық көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органға осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру туралы есепті ұсынады.
241. Стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар өз құзыреті шегінде стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін осы мемлекеттік органның, ұйымның бірінші басшысының қолы қойылған Ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
242. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдардан және ұлттық басқарушы холдингтерден, ұлттық холдингтерден, ұлттық компаниялардан алынған Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру туралы есептің негізінде осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның осы Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру жөніндегі қорытындысын қалыптастырады.
243. Қорытынды жобасы осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес ақпаратты қамтиды.
244. МЖЖ-нің 45-тармағына сәйкес Ұлттық жоспардың іске асырылуының соңғы жылындағы есеп пен қорытынды жобасы оны іске асырудың бүкіл кезеңі үшін қалыптастырылады және енгізіледі.
245. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде қалыптастырылған есепті және Ұлттық жоспарды іске асыру туралы қорытындының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
246. Ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы есеп Жалпыұлттық басымдықтардың бағыттары, аялар, салалар мен өңірлер бөлінісінде стратегиялық көрсеткіштердің орындалуы жөніндегі ақпаратты қамтиды.
247. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бірінші басшысының қолы қойылған Ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы есеп мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпияларды қамтитын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қоспағанда).
248. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған Ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы есеп пен мониторинг жөніндегі қорытынды жобасы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі (қажет болған жағдайда) қорытындының жобасын пысықтайды және оны іске асыру туралы есеппен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
249. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Ұлттық даму жоспарының іске асырылу барысы туралы өз қорытындысын енгізеді.
250. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ұлттық жоспардың және ұлттық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндаманы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
251. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында есепті кезеңдегі Ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы қысқаша есепті кесте нысанында, "жоспар-факт-түсініктемелер" форматында орналастырады.
3-параграф. Тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті ұсыну
Ескерту. 3-параграфтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
252. Тұжырымдаманы мониторингтеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүргізіледі.
253. Тұжырымдаманы мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган ұсынған тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
254. Бірлесіп орындаушылар өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуіріне дейін бірінші басшының қолы қойылған тұжырымдаманы іске асыру барысы туралы есепті әзірлеуші мемлекеттік органға осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Ескерту. 254-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.255. Әзірлеуші мемлекеттік орган бірлесіп орындаушылардан алынған іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті қалыптастырады.
Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.256. Есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде әзірлеуші мемлекеттік орган бірінші басшының қолы қойылған тұжырымдаманың іске асырылуы туралы қалыптастырылған есепті стратегиялық және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынады, сондай-ақ оны интернет-ресурста орналастырады (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда).
257. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тұжырымдамаларды іске асыру туралы есептердің негізінде олардың әрқайсысы бойынша жиынтық есепті және іске асырылуы туралы қорытындының жобасын (әрбір тұжырымдама бөлінісінде) қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда).
Қорытынды осы Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысаны бойынша ұқсас қалыптастырылады.
258. Іске асырылуы туралы есептер мен тұжырымдамаларды мониторингтеу жөніндегі қорытындылардың жобаларын қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі (қажет болған жағдайда) қорытындылардың жобаларын пысықтайды және қорытындыларды іске асырылуы туралы есептермен бірге есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
259. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тұжырымдамалардың іске асырылу барысы туралы өз қорытындысын енгізеді.
260. Тұжырымдамаларды мониторингтеудің қорытындыларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ұлттық жоспардың және ұлттық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндаманы дайындау кезінде пайдаланады.
261. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында есепті кезеңдегі тұжырымдамалардың іске асырылуы туралы қысқаша есепті кесте нысанында "жоспар-нақты-түсіндірмелер" форматында орналастырады.
4-параграф. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті ұсыну
262. МЖЖ-нің 120-тармағына сәйкес мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган операциялық жоспардың іске асырылу барысын талдау негізінде есепті жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырады.
263. Мемлекеттік органдар даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қолымен (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты кеңінен хабардар етуді және халық тарапынан пікір білдіру және ұсыныстар енгізу мүмкіндігімен қамтамасыз етумен кемінде күнтізбелік он төрт кезеңіне интернет-ресурста орналастырады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей шоғырландыру және олар келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
5-параграф. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есепті ұсыну
264. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын мониторингтеуді тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы тиісті аумақтың бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарымен бірлесіп, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есептерді қалыптастыру жолымен жүргізеді.
265. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын мониторингтеу жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.
266. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына мониторинг жүргізу үшін, жылдың қорытындысы бойынша:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына іске асырылуы туралы ақпарат береді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы ақпараттың негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қалыптастырады және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде бірінші басшының қолымен (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырады.
267. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірілмей, шоғырландыру және ол келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастыру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
268. Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының іске асырылуы туралы қысқаша жиынтық есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жібереді.
269. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру мониторингінің нәтижелері бойынша МЖЖ 159-тармағына сәйкес ағымдағы жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірілмейтін мерзімде жылына бір рет түзетілуі мүмкін.
5-тарау. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау және бақылау
270. МЖЖ құжаттарын бағалау және бақылау олардың іске асырылу есептері негізінде жүзеге асырылады, олардың қорытындылары бойынша қорытынды дайындалады.
271. Мониторинг бойынша қорытынды:
1) деректемелерді (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер), іске асырылу мерзімдері, оның ішінде кезеңдер бойынша);
2) есепті кезеңге жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізудің қысқаша талдаудын, сондай-ақ нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге (құжатты іске асыру басталған кезден бастап бүкіл кезең үшін) және осындай қол жеткізбеуге әкеп соққан нақты іс-шаралардың орындалмауына негіздемелер ретінде жауапты мемлекеттік органдар келтіретін себептердің объективтілігіне қатысты ұстанымды;
3) құжатта қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған одан арғы шаралар, түзету іс-қимылдарын қабылдау жөніндегі тұжырымдар (бағалау) мен ұсыныстар, ал қорытынды есептер үшін құжаттың іске асырылуы шеңберінде қабылданған іс-шаралардың елдің әлеуметтік-экономикалық және/немесе қоғамдық-саяси дамуына әсері туралы тұжырымдар және тиісті бағыт/ая/сала бойынша одан арғы қызметті жетілдіру туралы ұсыныстарды қамтиды.
Тұжырымдар (бағалау) мынадай өлшемшарттарға сәйкес қалыптастырылады:
жоспарланған көрсеткіштердің қол жетімділігі және шаралардың орындалуы;
қаржы қаражатының игерілуі және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілуімен салыстырмалылығы;
құжатқа өзгерістер енгізудің жиілігі және олардың негізділігі;
ведомствоаралық өзара іс-қимылдың үйлестірілуі;
жауапты мемлекеттік органдар ұсынған ақпараттың толықтығы.
272. МЖЖ құжаттарының мониторингі нәтижелерінің толықтығын, сапасын, анықтығын және уақтылы ұсынылуын әзірлеушілердің мемлекеттік органдары және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде айқындалған тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (тұжырымдаманың атауы)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны | Аяқталу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-бағыт | ||||
1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||
… | ||||
n | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||
n-нысаналы индикаторы | ||||
n+1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||
… | ||||
N | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||
N-бағыт | ||||
Ескертпе: Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарлары осы Нысанға қосымшаға сәйкес Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Іс-қимыл жоспары жетекшілік ететін саланың/аяның нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін аса маңызды реформалардың/негізгі іс-шаралардың тізбесін, олардың аяқталу мерзімдерін қамтиды.
Іс-қимыл жоспарын толтыру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша қосымша |
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын толтыру бойынша түсіндірмелер
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары былайша толтырылады:
1) "Тұжырымдаманың атауы" деген жол бойынша тұжырымдаманың толық атауы көрсетіледі;
2) "№" деген 1-бағанда тұжырымдаманың реформаларының/негізгі іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
3) "Атауы" деген 2-бағанда міндеттер/бағыттар бөлінісіндегі реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы келтіріледі.
Ұлттық жоспарда бекітілген стратегиялық көрсеткіштерге сәйкес келетін не олардан декомпозицияланған нысаналы индикаторлар тұжырымдаманың "Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" бөлімінің бірізділігі негізге алына отырып жазылады. Нысаналы индикаторлардың мәндері жылдар бойынша көрсетіледі;
4) "Аяқтау нысаны" деген 3-бағанда реформаларды/негізгі іс-шараларды аяқтау нысаны көрсетіледі (реформаның/негізгі іс-шараның аяқталуын ашатын реформаның/негізгі іс-шараның сапалық сипаттамасы).
Егер көзделген реформалар/негізгі іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы реформалардың/негізгі іс-шаралардың орындалу мерзімдері бір-біріне сәйкес келеді және жалпы іс-қимыл жоспары бойынша жоғары тұрған органдарға хабарлау жылына екі реттен аспайды;
5) "Орындау мерзімі" деген 4-бағанда реформаның/негізгі іс-шараның жоспарланған орындау мерзімдері көрсетіледі;
6) "Жауапты орындаушылар" деген 5-бағанда тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге, жоспарланған реформалар мен негізгі іс-шараларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
Бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері нысаналы индикаторларға қол жеткізу және жоспарланған реформаларды/негізгі іс-шараларды іске асыру бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі.
Нысан
Нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі "МЖЖ құжатының атауы"
Ескерту. Әдістеме 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Есептеуге жататын нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің тізбесі
№ | Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің атауы | Өлшем бірлігі |
Деректердің түрлері |
1. | ... | ||
2. | ... | ||
3. | ... |
2. Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішін есептеу алгоритмі "нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің атауы" (әрбір нысаналы индикатор және нәтижелер көрсеткіші үшін жеке)
1. | Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішін айқындау (түсіндіру аппараты) | |
2. | Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткіші бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері | |
3. | Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткіші бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйенің сілтемесі және есептік деректерді орналастыру орны көрсетілген ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемесін көрсете отырып) | |
4. | Өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және айқын бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің алгоритмі | |
4.1 | республикалық деңгейде | |
4.2 | Жергілікті деңгейде (қажет болған жағдайда облыстық/ аудандық/қалалық деңгейін көрсету) | |
5. | Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау немесе декомпозициялау арқылы жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерімен өзара байланысы |
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің нысанына қосымша |
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесін толтыру жөніндегі түсіндірмелер
1. МЖЖ құжаттарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін есептеу әдістемесі мынадай тәртіппен толтырылады:
"МЖЖ құжатының атауы" жолы бойынша нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің есебі ұсынылатын МЖЖ құжатының атауы көрсетіледі;
2. 1-бөлім. "Есептеуге жататын нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің тізбесі":
1) "№" деген 1-бағанда нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері атауының реттік нөмірі көрсетіледі;
2) "Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің атауы" деген 2-бағанда есептеуге жататын нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
3) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірліктері көрсетіледі;
4) "Деректер түрлері (ресми статистикалық ақпарат (статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат), халықаралық статистика, ведомстволық деректер)" деген 4-бағанда деректер көзінің түрі көрсетіледі;
3. 2-бөлім. "Нысаналы индикаторды және нәтижелер көрсеткішін есептеу алгоритмі" мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің атауы" жолы бойынша нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің атауы көрсетіледі;
2) "Нысаналы индикаторды және нәтижелер көрсеткішін (ұғымдық аппаратты) айқындау" деген 1-бағанда нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішін түсіндіретін анықтама көрсетіледі.
Мысалы: ЖІӨ өсуі – бұл елдің экономикалық өсу деңгейінің көрсеткіші;
3) "Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткіші бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері" деген 2-бағанда нысаналы индикатор және нәтижелер көрсеткіші бойынша жедел, алдын ала және есептік деректерді қалыптастыру кезеңділігі мен мерзімдері көрсетіледі;
4) "Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткіші бойынша (болған жағдайда) ақпараттық жүйеге сілтемені және есептік деректерді орналастыру орнын көрсете отырып, ақпарат көздері (веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып)" деген 3-бағанда нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткіші бойынша есептік деректерді орналастыру орны болған кезде, веб-сайтқа және ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып, есептің/деректердің анықтығына көз жеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйеге сілтемені көрсете отырып, ақпарат көздері, сондай-ақ формула құратын көздері көрсетіледі;
5) "Нысаналы индикатор мен өлшем бірлігін көрсете отырып, есептеудің егжей-тегжейлі және анық бірізділігін көрсете отырып, нәтижелер көрсеткішінің алгоритмі" деген 4-бағанда өлшем бірлігін көрсете отырып, егжей-тегжейлі және анық бірізділігін көрсете отырып, нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішін есептеу формуласы көрсетіледі;
6) "Республикалық деңгейде" деген 4.1-бағанда бүкіл елді қамтитын нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің есебі көрсетіледі.
Мысалы: ЖІӨ өсуі (елдің экономикалық өсуінің жалпылама көрсеткіші);
7) "Жергілікті деңгейде (қажет болған жағдайда облыстық/ аудандық/қалалық деңгейде көрсету)" деген 4.2-бағанда аймақты қамтитын нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің есебі көрсетіледі.
Мысал: ЖӨӨ өсуі (өңірдің экономикалық өсуінің жалпылама көрсеткіші);
8) "Нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау немесе декомпозиция жолымен жоғары тұрған МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерімен өзара байланыс" деген 5-бағанда нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізудегі әрбір бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның салым үлесін айқындай отырып, каскадтау (ұсақтау) немесе декомпозиция жолымен нысаналы индикатор мен нәтижелер көрсеткішінің МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарының көрсеткіштерімен арақатынасы көрсетіледі.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тұжырымдама жобасына ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Қорытындыны ұсынған мемлекеттік орган | |
2. | Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы | |
3. | Тұжырымдама жобасының атауы | |
4. | Тұжырымдама жобасының мақсаты | |
5. | Тұжырымдамада ағымдағы жағдайға, сала/ая проблемаларына қатысты талдаудың болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы | |
6. | Халықаралық тәжірибеге шолудың болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы | |
7. | Саланы/аяны дамытудың негізгі қағидаттарының болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы | |
8. | Тұжырымдамада саланы/аяны дамыту үрдісінің, пайымы мен тәсілдерінің болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы | |
9. | Тұжырымдамада көзделген саланың / аяның белгіленген проблемаларын шешуге арналған тәсілдердің бағыттылығы | |
10. | Күтілетін нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың болуы, нысаналы индикаторлардың МЖЖ жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі | |
11. | Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының болуы (қосымша түрінде), тұжырымдама жобасының негізгі тәсілдеріне сәйкес келуі | |
12. | Өзге де ескертулер мен ұсыныстар | |
13. | Ұсынымдар |
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тұжырымдама жобасына берген қорытындысына қосымша |
Тұжырымдама жобасына қорытындыны толтыру бойынша түсіндірмелер
Тұжырымдама жобасына қорытынды мынадай түрде толтырылады:
1) "Қорытынды берген мемлекеттік орган" деген жолда стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның атауы көрсетіледі;
2) "Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы" жолы бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
3) "Тұжырымдама жобасының атауы" деген жолда тұжырымдама жобасының атауы көрсетіледі;
4) "Тұжырымдама жобасының мақсаты" деген жолда тұжырымдаманы әзірлеудің негіздемесі мен тұжырымдама жобасының мақсаты көрсетіледі;
5) "Ағымдағы жағдайға, сала/ая проблемаларына қатысты талдаудың болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы" деген жолда ағымдағы жағдайға, сала/ая проблемаларына қатысты талдаудың болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы туралы ақпарат көрсетіледі;
6) "Халықаралық тәжірибеге шолудың болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы" деген жолда тұжырымдама жобасында халықаралық тәжірибеге шолудың, халықаралық тәжірибені (олар Қазақстан үшін қолайлы болған жағдайда) есепке алудың болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы туралы ақпарат көрсетіледі;
7) "Саланы/аяны дамытудың негізгі қағидаттарының болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы" деген жолда саланы/аяны дамытудың негізгі қағидаттарының болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы туралы ақпарат көрсетіледі;
8) "Тұжырымдамада саланың/аяның даму үрдісінің, пайымы мен тәсілдерінің болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы" деген жолда саланы/аяны дамыту үрдістерінің, пайымы мен тәсілдерінің болуы, баяндаудың жеткіліктілігі мен сапасы туралы ақпарат көрсетіледі;
9) "Тұжырымдамада көзделетін саланың/аяның белгіленген проблемаларын шешуге арналған тәсілдердің бағыттылығы" жолы бойынша тұжырымдамада көзделетін саланың/аяның белгіленген проблемаларын шешуге арналған тәсілдердің бағыттылығы туралы ақпарат көрсетіледі;
10) "Күтілетін нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың болуы, нысаналы индикаторлардың МЖЖ жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі" деген жолда күтілетін нәтижелер мен нысаналы индикаторлардың болуы, нысаналы индикаторлардың МЖЖ жоғары тұрған құжаттарына сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі;
11) "Тұжырымдаманы (қосымша түрінде) іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының болуы, тұжырымдама жобасының негізгі тәсілдеріне сәйкес келуі" жолы бойынша тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының болуы (қосымша түрінде), тұжырымдама жобасының негізгі тәсілдеріне сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі;
12) "Өзге де ескертулер мен ұсыныстар" деген жолда болған жағдайда өзге де ескертулер мен ұсыныстар көрсетіледі;
13) "Стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тұжырымдары мен ұсыныстары" деген жолда осы түсіндірменің 1-12) тармақшалары бойынша түсініктемелер ескеріле отырып, стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тұжырымдама жобасына жиынтық қорытындысы көрсетіледі.
Ескерту. 3-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Мемлекеттік органының даму жоспары _________________жылдарға арналған (жоспарлы кезең) _________________________________ (мемлекеттік органның атауы) 1-бөлім. Миссиясы және пайымы
2-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы
2.1. Елдің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері | ||||||
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары | ||||||
Ұлттық жобалар, тұжырымдама | ||||||
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары | ||||||
1-стратегиялық бағыт. | n-стратегиялық бағыт. | |||||
Мемлекеттік органның мақсаттары | ||||||
1.1-мақсат | 1.n-мақсат | n.1-мақсат | n.n-мақсат | |||
Бюджеттік бағдарламалар | ||||||
Бюджеттік бағдарламалар | Бюджеттік бағдарламалар | Бюджеттік бағдарламалар | Бюджеттік бағдарламалар | |||
2.2. Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар | ||||||
Бюджеттік бағдарламалар |
3-бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен нысаналы индикаторлар
№ | Индикатор | Жауаптылар | Ақпарат көзі | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары (факт) | Жоспарлы кезең | ||||
1- жыл | 2- жыл | 3- жыл | 4- жыл | 5- жыл | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1-стратегиялық бағыт | |||||||||||
Макроиндикаторлар | |||||||||||
1 | 1-макроиндикатор | ||||||||||
n-макроиндикатор | |||||||||||
1.1-мақсат | |||||||||||
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар | |||||||||||
1 | 1-нысаналы индикатор | ||||||||||
n-нысаналы индикатор | |||||||||||
n-стратегиялық бағыт. | |||||||||||
1 -макроиндикатор | |||||||||||
n-макроиндикатор | |||||||||||
n-мақсат | |||||||||||
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар | |||||||||||
1 | 1-нысаналы индикатор | ||||||||||
n-нысаналы индикатор |
4-бөлім. Ресурстар
Ресурстар | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Ағымдағы кезеңнің жоспары | Жоспарлы кезең | ||||
1-жыл | 2-жыл | 3-жыл | 4-жыл | 5-жыл | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Қаржылық | ||||||||
оның ішінде ұлттық жобаны іске асыруға | ||||||||
Адами |
Мемлекеттік органның даму жоспарының форматын толтыру бойыншаі түсіндірмелер осы Форматқа қосымшада келтірілген.
Мемлекеттік органның даму жоспарының нысанына қосымша |
1. "Мемлекеттік органның атауы" жолында даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.
2. "Жоспарлы кезең" жолында даму жоспары әзірленетін кезекті бесжылдық кезең көрсетіледі.
3. "Миссиясы және пайымы" деген 1-бөлім:
Бөлімде мемлекеттік органның миссиясы мен пайымы жазылады.
Миссияны қалыптастыру кезінде мемлекеттік орган "Біз не істейміз және кім үшін?" деген сұрақтарды басшылыққа алады, осының нәтижесінде оның тиісті салада немесе қызмет аясында мемлекеттік саясатты іске асырудағы оның рөлін айқындаудан тұратын мемлекеттік басқару субъектісі ретіндегі негізгі мақсаты айқындалады.
Мемлекеттік органның пайымы мемлекеттік органның перспективада жетекшілік ететін салалар немесе қызмет аясы қандай болатынын көрсетеді.
4. "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы" деген 2-бөлім:
Бұл бөлімде схемалық түрде мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде іске асыруына елдің тиісті стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу байланысты болатын бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты мемлекеттік органның мақсаттары көрсетіледі.
2-бөлім. "Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы" кестесінде:
1) "2.1. Елдің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері" бағандарында бірінші деңгейдегі МЖЖ құжаттарында айқындалған орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде елдің дамуын айқындайтын стратегиялық көрсеткіштер көрсетіледі, оларға қол жеткізу, оның ішінде мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
2) "Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары" бағандарында МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік орган қызметінің бағыттары көрсетіледі.
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарында белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін өзгерістері неғұрлым маңызды болып табылатын реттелетін қызмет салаларын/аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.
3) "Мемлекеттік органның мақсаттары" бағандарында жоспарлы кезеңнің соңына қарай мемлекеттік орган қызметінің белгілі бір саласының қалаулы болашақ жай-күйін білдіретін мақсаттар көрсетіледі.
Қалыптастырылған мақсаттар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:
мемлекеттік органның мақсаттары Стратегиялық көрсеткіштер картасының көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған;
мақсаттарды тұжырымдау МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарының мақсаттарын тұжырымдауды қайталамайды. Қол жеткізу даму жоспарын әзірлеуші – қандай да бір салада уәкілеттік берілген мемлекеттік органның қызметіне ғана байланысты болатын мақсаттарда ғана ерекшелік болып табылады;
мақсаттарға ағымдағы жоспарлы кезеңде тұтастай жетекшілік ететін сала/ая бойынша қол жеткізуге болады, мақсаттарды тұжырымдау нақты баяндалады (қабылдауға қиын немесе бірнеше түрлі мақсаттарды қамтитын тұжырымдамаларға жол берілмейді);
мақсаттар мемлекеттік органның ағымдағы тұрақты қызметін қамтымайды.
4) "Бюджеттік бағдарламалар" бағандарында мемлекеттік органның мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалардың кодтары мен атаулары көрсетіледі.
Мыналарды:
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын, тұрақты сипаттағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларды;
әртүрлі бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін пайдалануға бағытталған бөлінетін бюджеттік бағдарламаны қоспағанда, бюджеттік бағдарламаны мемлекеттік органның бірнеше мақсаттарын іске асыруға жіберуге жол берілмейді.
"Мемлекеттік органның ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар" деген 2.2-жолда мемлекеттік органның ағымдағы қызметіне бағытталған және мақсатқа қол жеткізуге бағытталмаған тұрақты сипаттағы шығыстарды қамтитын бюджеттік бағдарламалар көрсетіледі.
5. "Стратегиялық бағыттар, макроиндикаторлар, мақсаттар мен нысаналы индикаторлар" деген 3-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Стратегиялық бағыт" жолында мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары көрсетіледі;
2) "Мақсаты" жолында мемлекеттік органның мақсаттары көрсетіледі;
3) "№" деген 1-бағанда өтпелі реттік нөмір көрсетіледі;
4) "Индикатор" деген 2-бағанда макроиндикаторлар, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар көрсетіледі.
Макроиндикаторларға тиісті саладағы/аядағы елдің экономикалық жағдайын сипаттайтын индикаторлар жатады, оған қол жеткізуде салалық министрлік жауапты болып табылады. Макроиндикаторлар МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарынан көшіріледі. Мемлекеттік орган стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ жетекшілік ететін сала/ая бойынша саясатты іске асыру арқылы макроиндикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Макроиндикаторлар мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларымен/кіші бағдарламаларымен өзара байланысты талап етпейді.
Бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар – мемлекеттік органның қызметіне байланысты мақсатқа қол жеткізуді ашатын индикаторлар. Нысаналы индикаторлар осы мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының/кіші бағдарламаларының шығыстарымен және түпкілікті нәтижелерімен өзара байланысты.
Нысаналы индикаторлар мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:
бюджеттік бағдарламаның іске асырылуының сапалы қорытындысын көрсетеді;
саны бойынша ең аз және мақсатқа жеткізуді ашады;
макроиндикаторларға қол жеткізуге бағытталған;
игілік алушылардың қажеттіліктеріне бағытталған (игілік алушылардың қандай да бір санаттарының жай-күйінің жақсаруын көрсетеді);
тұрақты сипаттағы ағымдағы қызметті көрсетпейді;
жоспарланған кезеңдегі серпінде салыстырылуы мүмкін;
пайдаланушылар үшін түсінікті;
оларға қол жеткізілгенін бағалау үшін жеткілікті ақпараттық және техникалық ресурстары бар;
қол жеткізуге және өлшеуге болады;
мониторинг жүргізу және оларға қол жеткізуді бағалау үшін аралық мәндері бар.
Қызметінің салалық бағыттылығы жоқ, басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге бағытталған немесе сыртқы факторларға тәуелділік дәрежесі жоғары (Қаржы мониторингі агенттігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік, Сыртқы істер министрлігі) мемлекеттік органдар бойынша нысаналы индикаторларды серпінсіз не мәндер диапазонында (мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін көрсететін мәндерді белгілеу үшін, мысалы, инфляцияны бір деңгейде ұстап тұру, шет елдермен дипломатиялық ынтымақтастық және тағы басқа).белгілеуге жол беріледі.
5) "Жауаптылар" деген 3-бағанда мемлекеттік орган басшысының орынбасары деңгейінде индикаторға қол жеткізуге жауапты адамның тегі, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі;
6) "Ақпарат көзі" деген 4-бағанда есепті кезеңде индикатордың мәндеріне көз жеткізуге мүмкіндік беретін ақпарат көздері көрсетіледі;
7) "Өлшем бірлігі" деген 5-бағанда индикатордың өлшем бірліктері көрсетіледі;
8) "Есепті жыл" деген 6 және "Ағымдағы жылдың жоспары (факт)" деген 7-бағандарда есепті кезеңде қол жеткізілген индикатордың мәндері көрсетіледі.
Бұл ретте даму жоспарын әзірлеу кезінде 6-бағанда есепті деректер, 7-бағанда –ағымдағы кезеңнің жоспарлы мәндері көрсетіледі.
9) 8-12-бағандарда жылдар бойынша бөліністе қол жеткізуге жоспарланған индикатордың болжамды мәндері көрсетіледі.
Осы бөлімнің 3-12-бағандары осы тармақтың 5)-9) тармақшаларына сәйкес толтырылады.
6. "Ресурстар" деген 4-бөлім.
Бұл бөлімде мемлекеттік органның даму жоспарын іске асыруға тартылған қаржылық және адами ресурстар бойынша деректер келтіріледі.
"Ресурстар" деген 4-бөлім мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Өлшем бірлігі" деген 2-бағанда ресурстардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
2) 3-9-бағандарда:
"Қаржылық, барлығы" жолында жылдар бойынша бөліністе мемлекеттік органның бюджет шығыстарының жалпы жиынтығы келтіріледі;
"оның ішінде ұлттық жобаны іске асыруға арналған" жолында ұлттық жобалар бойынша жылдар бойынша бөліністе мемлекеттік органның бюджеттік шығыстарының жалпы жиынтығы келтіріледі;
"Адами" жолында даму жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органның штат саны көрсетіледі.
Кезекті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлеу кезінде 3-бағанда қаржы ресурстарының нақты көлемі көрсетіледі, 4-бағанда қаржы ресурстарының нақтыланған жоспарлы көлемі көрсетіледі.
Даму жоспарының жобасына мемлекеттік органның даму жоспарының бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысты мақсаттарға, макроиндикаторлар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілетін негізгі шаралар туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба қоса беріледі.
Ескерту. 4-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілік
№ | Мақсаттың атауы | Нысаналы индикатордың атауы | Қаржыландыру қажеттілігі | Бюджеттік бағдарламаның (бюджеттік кіші бағдарламаның) атауы және коды | Қаржыландыру қажеттілігін қалыптастыру үшін негіздер (тапсырмалар) | Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер | Жалпы ішкі өнімнің (жалпы қосылған құнның) өсуіне үлес | Мақсаттың, нысаналы индикатордың басымдығы (1, 2,3)* | |||||
Барлығы | 1- жыл | 2- жыл | 3- жыл | 4- жыл | 5- жыл | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
1-мақсат | 1-нысаналы индикатор | ||||||||||||
n-нысаналы индикатор | |||||||||||||
2-мақсат | 1-нысаналы индикатор | ||||||||||||
n-нысаналы индикатор |
Ескертпе:
* Нысаналы индикаторлардың басымдығы мынадай санаттар бойынша бөлінеді:
бірінші басымдық – жоғары, күтілетін жоғары әлеуметтік-экономикалық әсерге, сондай-ақ қол жеткізудің мерзімділігіне негізделген;
екінші басымдық – орташа, күтілетін орташа әлеуметтік-экономикалық әсерге, сондай-ақ қол жеткізудің орта мерзімділігіне негізделген;
үшінші басымдық – 1,2-басымдықтарға жатпайты.
Қаржылық қажеттілікті толтыру бойынша қосымша |
Мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін қаржылық қажеттілікті толтыру бойынша түсіндірмелер
Қаржылық қажеттілік былайша толтырылады:
1) "№" деген 1-бағанда мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың реттік нөмірі көрсетіледі;
2) "Мақсаттың атауы" деген 2-бағанда мемлекеттік органның даму жоспарынан мақсаттың атауы көрсетіледі.
3) "Нысаналы индикатордың атауы" деген 3-бағанда мемлекеттік органның даму жоспарынан бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар көрсетіледі.
Макроиндикаторлар көрсетілмейді.
4) "Қаржыландыру қажеттілігі" деген 4, 5, 6, 7, 8, 9-бағандарда жылдар бойынша жоспарланған шығыстар көрсетіледі.
5) "Бюджеттік бағдарламаның (бюджеттік кіші бағдарламаның) атауы және коды" деген 10-бағанда әрбір нысаналы индикаторға қарама-қарсы бюджеттік бағдарламаның (бюджеттік кіші бағдарламаның) атауы мен коды көрсетіледі.
6) "Қаржыландыру қажеттілігін қалыптастыру үшін негіздер (тапсырмалар)" деген 11-бағанда қаржыландыру қажеттілігін қалыптастыру үшін негіздер көрсетіледі, барлық тапсырмалар көрсетіледі.
7) "Күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер" деген 12-бағанда жетекшілік ететін салада/аяда күтілетін елеулі оң өзгеріс көрсетіле отырып, сапалық және (немесе) сандық мәнде күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсер көрсетіледі.
8) "Жалпы ішкі өнімнің (жалпы қосылған құнның) өсуіне үлес" деген 13-бағанда саланың жетекшілік ететін саласы бойынша салалық мемлекеттік органдардың жоспарлы кезеңдегі жалпы ішкі өнімнің (жалпы қосылған құнның) өсуіне қосқан үлесі көрсетіледі.
Жалпы ішкі өнімнің (жалпы қосылған құнның) өсуіне әсер етпейтін мемлекеттік органдар өздерінің негіздемелерін көрсетеді.
9) "Мақсаттың, нысаналы индикатордың басымдығы" деген 14-бағанда қаржы қаражатын бөлу талап етілетін мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлеу кезеңіндегі мақсаттар мен нысаналы индикаторлар олардың басымдылығы атала отырып көрсетіледі.
Басымдық ескертпеге сәйкес санаттар бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 5-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары _________________ жылдарға арналған (жоспарлы кезең) _______________________________________________________________ (өңір атауы)
1-бөлім. Паспорт (негізгі сипаттамалары)
2-бөлім Аумақты дамытудың пайымы мен перспективасы
3-бөлім. Ағымдағы ахуалдың талдауы
4-бөлім. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары
n-бағыт:
n-мақсат:
р/c № | Атауы | Жауаптылар | Ақпарат көзі | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары (факт) | Жоспарлы кезең | ||||
1-жыл | 2-жыл | 3-жыл | 4-жыл | 5-жыл | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Макроиндикаторлар | |||||||||||
1. | n-нысаналы индикатор | ||||||||||
Қаржылық шығыстармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар | |||||||||||
2. | n-нысаналы индикатор |
Ескертпе: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторлары осы форматқа қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Жету жолдары.
…
5-бөлім. Қажетті ресурстар
Р/с№ | Бағыттың атауы | 1-жыл | 2-жыл | 3-жыл | 4-жыл | 5-жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | n-мақсат | |||||
республикалық бюджет | ||||||
жергілікті бюджет | ||||||
басқа да көздер | ||||||
2. | n мақсаты | |||||
республикалық бюджет | ||||||
жергілікті бюджет | ||||||
басқа да көздер | ||||||
БАРЛЫҒЫ | ||||||
республикалық бюджет | ||||||
жергілікті бюджет | ||||||
басқа да көздер |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысанын толтыруға қосымша |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер
1. "Өңірдің атауы" жолында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың толық атауы көрсетіледі.
2. "Жоспарлы кезең" жолында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары әзірленетін кезекті бесжылдық кезең көрсетіледі.
3. "Паспорт (негізгі сипаттамалары)" деген 1-бөлім:
Бөлімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мыналарды қамтитын негізгі параметрлері баяндалады:
1) атауы;
2) осы өңірдің негізгі сипаттамалары;
3) бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар;
4) қажетті ресурстар.
4. "Аумақты дамытудың пайымы мен перспективасы" деген 2-бөлім:
"Аумақты дамытудың пайымы мен перспективасы" бөлінісінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы нәтижесіндегі өңірдің перспективалық жай-күйі сипатталады.
5. "Ағымдағы ахуалдың талдауы" деген 3-бөлім.
"Ағымдағы ахуалдың талдау" бөлімінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ағымдағы дамуы, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы, сондай-ақ өңірдің бәсекелік артықшылықтары мен мүмкіндіктері сипатталады.
Бұл бөлімнің көлемі құжаттың жалпы көлемінің 25%-ынан аспайды.
6. "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" деген 4-бөлім.
"Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" бөлімінде:
1) "Бағыт" жолында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының атауы көрсетіледі;
2) "Мақсаттар" жолында нысаналы индикаторларды көрсете отырып, жоғары тұрған МЖЖ-нің құжаттарында тұжырымдалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің ұзақ мерзімді жүйесіне сәйкес өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының әрбір бағыты бойынша мақсаттың атауы көрсетіледі;
3) "Қол жеткізу жолдары" жолында әрбір мақсатқа қол жеткізуді толық көлемде және қажетті мерзімде қамтамасыз ететін негізгі іс-шаралар келтіріледі;
4) "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" бөлімінің кестесінде:
4.1) "р/с №" деген 1-бағанда өтпелі реттік нөмір көрсетіледі.
4.2) "Атауы" деген 2-бағанда:
4.3) "Макроиндикаторлар" жолында өңірдегі саланы/аяны дамытудың кешенді сипаттамасын көрсететін және бюджеттік бағдарламалармен/кіші бағдарламалармен өзара байланысты талап етпейтін нысаналы индикаторлар көрсетіледі;
4.4) "Қаржылық шығыстармен өзара байланысты нысаналы индикаторлар" жолында жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларымен өзара байланысты және/немесе жергілікті атқарушы органдардың қызметіне байланысты нысаналы индикаторлар көрсетіледі.
Осы жолда Стратегиялық көрсеткіштер картасында және ұлттық жобаларда көзделген, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында өңірге бекітілген индикаторлардан 20 % аспайтын көлемде жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша мақсатты индикаторлар көрсетіледі.
4.5) "Жауаптылар" деген 3-бағанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі орынбасарының тегі, аты-жөні, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер көрсетіледі.
4.6) "Ақпарат көзі" деген 4-бағанда есепті кезеңде индикатордың мәндеріне көз жеткізуге мүмкіндік беретін ақпарат көздері көрсетіледі.
4.7) "Өлшем бірлігі" деген 5-бағанда нысаналы индикатордың өлшем бірлігі көрсетіледі.
4.8) "Есепті жыл" деген 6-бағанда есепті кезеңде қол жеткізілген нысаналы индикатордың мәндері көрсетіледі.
4.9) "Ағымдағы жылдың жоспары (факт)" деген 7-бағанда Стратегиялық көрсеткіштер картасына, МЖЖ құжаттарына сәйкес ағымдағы жылы қол жеткізуге жоспарланған нысаналы индикатордың мәні көрсетіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын түзету кезінде оны іске асырудың бірінші жылында 7-бағанда нысаналы индикатордың жоспарлы мәні нысаналы индикатордың нақты мәніне өзгереді.
5) 8-12-бағандарда жылдар бойынша бөліністе қол жеткізуге жоспарланған нысаналы индикатордың болжамды мәндері көрсетіледі.
5.1) 5-бөлім. "Қажетті ресурстар"
"Қажетті ресурстар" бөлімінде қаржыландыру мақсаттары мен көздері бөлінісінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру үшін қаржылық ресурстарға қажеттілік баяндалады.
Ескерту. 6-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша салыстырма кесте _________жылдарға арналған (жоспарлы кезең) _______________________ (өңірдің атауы)
№ | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме |
Ескертпе: салыстырма кесте осы Нысанға қосымшаға сәйкес салыстырма кесте нысанын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес қалыптастырылады.
Салыстырма кесте нысанын толтыру бойынша қосымша |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша салыстырма кестенің нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер
1. "Өңірдің атауы" жолында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті даму жоспарына сәйкес өңірдің атауы көрсетіледі.
2. "Жоспарлы кезең" жолында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру мерзімдері көрсетіледі.
3. "№" деген 1-бағанда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың реттік нөмірі көрсетіледі.
4. "Құрылымдық элемент" деген 2-бағанда өзгеріс немесе толықтыру енгізілетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары бөлімінің, кіші бөлімінің, абзацының нөмірленуі көрсетіледі.
Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары жаңа құрылымдық элементпен толықтырылған жағдайда, жаңа бөлімнің, кіші бөлімнің, абзацтың нөмірленуі көрсетіледі.
5. "Қолданыстағы редакция" деген 3-бағанда өзгерту немесе толықтыру енгізілетін "Құрылымдық элемент" бағанында көрсетілген тиісті құрылымдық элементтің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарынан қолданыстағы редакциясы баяндалады.
Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары жаңа құрылымдық элементпен толықтырылса, онда бұл бағанда "Жоқ" деп көрсетіледі.
6. "Ұсынылып отырған редакция" деген 4-бағанда енгізілетін өзгерістер немесе толықтырулар ескеріле отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарынан "Құрылымдық элемент" бағанында көрсетілген тиісті құрылымдық элементтің редакциясы жазылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарынан құрылымдық элементтердің бірі алып тасталған жағдайда, осы бағанда "алып тасталсын" деп көрсетіледі.
"Қолданыстағы редакция" және "Ұсынылып отырған редакция" бағандарының өзгертілетін немесе толықтырылатын бөлігі қалың қаріппен көрсетіледі.
7. "Негіздеме" деген 5-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негіздемесі көрсетіледі.
Ескерту. 7-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларын бөлу
р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті жыл | Ағымдағы жылдың жоспары (нақты) | Жоспарлы кезең | ||||
1- жыл | 2- жыл | 3- жыл | 4- жыл | 5- жыл | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | 1-нысаналы индикатор | ||||||||
1.1. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) | ||||||||
1.n. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) | ||||||||
n | n-нысаналы индикатор | ||||||||
n.1. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) | ||||||||
n.n. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) |
Ескертпе: Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторлары осы нысанға қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларының нысанын толтыру қосымшасы қосымша |
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларын бөлу нысанын толтыру бойынша түсіндірмелер
1. "р/с №" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.
2. "Атауы" деген 2-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолында облыстың даму жоспарына сәйкес нысаналы индикатордың атауы көрсетіледі.
Статистикалық ақпараты бар нысаналы индикаторлар аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде көрсетіледі;
"Аудан (облыстық маңызы бар қала)" деген жолында статистикалық ақпараты бар нысаналы индикаторлар үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы көрсетіледі.
3. "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикатордың өлшем бірлігі көрсетіледі.
4. "Есепті жыл" деген 4-бағанда есепті кезеңде қол жеткізілген нысаналы индикатордың мәні көрсетіледі.
5. "Ағымдағы жылдың жоспары (нақты)" деген 5-бағанда облыстың даму жоспарына сәйкес ағымдағы жылы қол жеткізуге жоспарланатын нысаналы индикатордың мәні көрсетіледі.
Облыстың даму жоспарын іске асырудың бірінші жылында түзету кезінде 5-бағанда нысаналы индикатордың жоспарлы мәні нысаналы индикатордың нақты мәніне өзгереді.
6. 6-10-бағандарда жылдар бөлінісінде қол жеткізуге жоспарланған нысаналы индикатордың болжамды мәндері көрсетіледі.
Ескерту. 8-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
__________________________іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының атауы)
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері | Орындалуына жауаптылар | Оның ішінде жылдар бойынша | Қаржыландыру көздері | Бюджеттік бағдарламаның коды | ||||
1- жыл | 2- жыл | ... | n- жыл | Барлығы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Мақсаты | ||||||||||||
1-нысаналы индикатор | * | * | * | * | * | |||||||
n-нысаналы индикатор | * | * | * | * | * | |||||||
1-іс-шара | * | |||||||||||
n-іс-шара | * |
Ескертпе: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы іс-шаралар жоспарына қосымшаға сәйкес Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толтыру қосымшасы қосымша |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толтыру бойынша түсіндірмелер
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мынадай түрде толтырылады:
1) "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының атауы" деген жолда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының толық атауы көрсетіледі;
2) "№" деген 1-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары мақсатының, нысаналы индикаторларының және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;
3) "Атауы" деген 2-бағанда баяндау бірізділігі "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" бөлімін баяндау бірізділігінен шығатын мақсаттар бөлінісінде нысаналы индикаторлар келтіріледі;
4) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
5) "Аяқтау нысаны" деген 4-бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны көрсетіледі (іс-шараның аяқталуы неден көрінетінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы).
Мысалы, "Темекі шегудің зияны туралы халықты хабардар ету" іс-шарасы "лекцияның" немесе "постерлер мен буклеттердің" немесе "темекіге қарсы жарнаманың" аяқталу нысаны көрсетіледі);
6) "Орындау мерзімдері" деген 5-бағанда іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімдері көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны жоғары тұрған органдарға хабарлау болып табылған жағдайда, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімі бір-бірімен байланыстырылады және жалпы іс-шаралар жоспары бойынша жоғары тұрған органдарды хабардар ету жылына екі реттен аспайды;
7) "Орындауға жауаптылар" деген 6-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және жоспарланған іс-шараларға қол жеткізуге жауапты әкімдер орынбасарлары деңгейіндегі лауазымды адамдар, ұйымның мемлекеттік органына ведомстволық бағынысты, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
Бұл ретте, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі;
8) 7-10-бағандарда:
"Нысаналы индикаторлар" деген жолда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының "Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары" бөлімінің нысаналы индикаторларының сандық мәндері келтіріледі;
"Іс-шара" деген жолында:
қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде болжанатын сома миллион теңгемен;
заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін – олардың сандық мәндері көрсетіледі;
9) 11-13-бағандар қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар бойынша толтырылады:
"Барлығы" 11-бағанында қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша "Іс-шаралар" деген жолда болжанатын қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
"Қаржыландыру көздері" деген 12-бағанда қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша "Іс-шаралар" деген жолда болжамды сомаларды қаржыландыру көздері (республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік кепілдікпен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған ұйымдардың меншікті қаражаты ) көрсетіледі;
"Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 13-бағанда қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша "Іс-шаралар" деген жолында Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.
"*" белгісі бар кестенің ұяшықтары толтырылмайды.
Ескерту. 9-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде болжанатын шығыстар жиынтығы _____________________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының атауы)
№ | Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы | Болжамды шығыстар (млн. теңге) | ||||
1-жыл | 2-жыл | … | n-жыл | Барлығы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
(Бюджет деңгейі) | ||||||
(Бюджет деңгейі) | ||||||
Барлығы |
Ескертпе: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының болжанатын шығыстар жиынтығы осы нысанға қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары бойынша болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру жөніндегі түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Болжамды шығыстар жиынтығына қосымша |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде болжанатын шығыстар жиынтығын толтыру бойынша түсіндірмелер
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары бойынша болжамды шығыстар жиынтығы мынадай түрде толтырылады:
1) "Бюджет деңгейі" деген жолында есебінен жоспарды қаржыландыру жоспарланатын бюджет деңгейі көрсетіледі.
2) "№" деген 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
3) "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы" деген 2-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы көрсетіледі;
4) 3-6-бағандарда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде болжамды сомалар миллион теңгемен көрсетіледі;
5) "Барлығы" деген 7-бағанда болжамды қаражаттың жалпы сомасы миллион теңгемен көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру туралы есеп
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бекітілген __________________________________________________
Есепті кезең______________________________________________
1-бөлім. Ақпараттық бөлім
1.1-кіші бөлім, стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізу
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Негізгі (бастапқы) мән | Орындалуы туралы ақпарат | Орындалмау себептері | ||
жоспар | факт | ауытқу | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Жалпыұлттық басымдық: | ||||||
1.1 | 1- стратегиялық көрсеткіш | ||||||
1.1.1. | Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіші іске асырылатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 1 (тұжырымдама) төмен тұрған құжатының көрсеткіші | ||||||
1.1.2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіші іске асырылатын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжатының (ұлттық жобаның) 2-көрсеткіші | ||||||
1.1.3. | Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіші іске асырылатын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжатының (мемлекеттік органның даму жоспарының) 3-көрсеткіші | ||||||
1.1.4. | Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіші іске асырылатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжатының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының) 4-көрсеткіші | ||||||
1.1.5. | Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіші іске асырылатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжатының (ұлттық холдингтің/ ұлттық компаниялардың даму жоспарының) 5-көрсеткіші | ||||||
2 | Жалпыұлттық басымдық: | ||||||
2.1 | n-стратегиялық көрсеткіш | ||||||
2.2.1. | Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының стратегиялық көрсеткіші іске асырылатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен тұрған құжатының (тұжырымдама) n-көрсеткіші | ||||||
2.2.2 | …. | ||||||
2.2.3 | …. |
1.2-кіші бөлім: Мыналарда:
іс-қимыл жоспарында тұжырымдамасында;
ұлттық жобаның іс-шаралар жоспарында;
мемлекеттік органның даму жоспарының операциялық жоспарында;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іс-шаралар жоспарында;
ұлттық холдингтің/ұлттық компанияның даму жоспарының іс-шаралар жоспарында орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпарат (мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бойынша тікелей ақпарат (жоғарыдан-төменге)).
Стратегиялық көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ететін барлық іс-шаралар көрсетіледі.
Нысан
№ | Стратегиялық көрсеткіштің атауы | Стратегиялық көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоспарланған іс-шаралар | Орындалмау себептері |
1. | 1-жалпыұлттық басымдық | ||
1.2 | 1-стратегиялық көрсеткіш | Тұжырымдамадан 1 іс-шара | |
Ұлттық жоспардан 2 іс-шара | |||
Мемлекеттік органның операциялық даму жоспарынан 3 іс-шара | |||
Жоспардан 4 іс-шара – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананы даму жоспарынан іс-шаралар | |||
Ұлттық холдингтің/ұлттық компанияның даму жоспарының іс-шаралар жоспарынан 5 іс-шара | |||
1.3 | n-стратегиялық көрсеткіш | Тұжырымдамадан n іс-шара | |
Ұлттық жоспардан n іс-шара | |||
Мемлекеттік органның операциялық даму жоспарынан n іс-шара | |||
Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жоспарының іс-шаралар жоспарынан n іс-шара | |||
Ұлттық холдингтің/ұлттық компаниялардың даму жоспарының іс-шаралар жоспарынан n іс-шара | |||
2. | n-жалпыұлттық басымдық | ||
2.1 | n…. | n…. |
2-бөлім. Талдамалық жазба
3-бөлім. Қорытындылар мен ұсыныстар
Бірінші басшы______________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ескертпе: Ұлттық жоспарды іске асыру туралы есеп осы форматқа қосымшаға сәйкес Ұлттық жоспарды іске асыру туралы есепті толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Ұлттық жоспардың іске асырылуы туралы есепте салалар, аялар мен өңірлер бөлінісінде стратегиялық көрсеткіштердің орындалуы жөніндегі ақпарат қамтылады.
Ұлттық жоспарды іске асыру туралы есеп нысанына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойынша түсіндірмелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық жоспарын іске асыру туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Бекітілді" деген жолдаұлттық жоспар бекітілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
2) "Есепті кезең" жолы бойынша қорытындылары бойынша есеп берілетін кезең (жыл) көрсетіледі;
2. "Ақпараттық бөлім" 1-бөлімінің "стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізу"1.1-кіші бөлімі:
1) "Жалпыұлттық басымдық" деген жолда Ұлттық жоспарда көзделген жалпыұлттық басымдықтың атауы көрсетіледі;
2) "р/с №" деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
3) "Атауы" деген 2-бағанда:
4) "Стратегиялық көрсеткіш" деген жолда Ұлттық жоспардың стратегиялық көрсеткіштер картасында бекітілген стратегиялық көрсеткіштің атауы көрсетіледі;
5) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда стратегиялық көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;
6) "Базалық (бастапқы) мән" деген 4-бағанда стратегиялық көрсеткіштің базалық мәні (болған жағдайда) көрсетіледі;
7) "Жоспар" деген 5-бағанда:
"Стратегиялық көрсеткіш ол арқылы іске асырылатын МЖЖ-дан төмен тұрған құжатының көрсеткіші" деген жолда тұжырымдамада, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында, ұлттық компаниялардың түзету ескеріле отырып, даму жоспарларында бекітілген нысаналы индикатордың және (немесе) нәтиже көрсеткішінің жоспарлы мәндері көрсетіледі.
Ұлттық жоспардан кейінгі барлық төмен тұрған МЖЖ құжаттары көрсетіледі;
8) "Факт" деген 6-бағанда:
"Стратегиялық көрсеткіш іске асырылатын МЖЖ-дан төмен тұрған құжатының көрсеткіші" жолы бойынша тұжырымдамада, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында, ұлттық компаниялардың даму жоспарларында бекітілген нысаналы индикатордың және (немесе) нәтиже көрсеткішінің нақты мәндері көрсетіледі.
Ұлттық жоспарды іске асырудың барлық жылдарына (соңғы іске асырылатын жылы) мониторинг жүргізу барысында осы бөлім әрбір жыл бойынша 5 және 6-бағандарға ұқсас жаңа "жоспар" және "факт" бағандарымен толықтырылады;
9) "Ауытқу" деген 7-бағанда нақты мәндердің жоспарлы мәндерден ауытқуы көрсетіледі;
10) "Орындалмау себептері" деген 7-бағанда стратегиялық көрсеткіштің, оның ішінде нысаналы индикаторлар мен мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының төмен тұрған МЖЖ құжаттарының орындалмауына әкеп соққан факторлар көрсетіледі.
3. "Ақпараттық бөлім" 1-бөлімнің "Орындалмау себептерін көрсете отырып орындалған және орындалмаған іс-шаралар туралы ақпарат" 1.2-кіші бөлімде орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың елдегі әлеуметтік-экономикалық, елдегі қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат жалпыұлттық басымдықтар мен міндеттер тұрғысынан;
4. "Талдамалық жазба" деген 2-бөлім мыналарды қамтиды:
шешілуіне Ұлттық жоспар бағытталған проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі, Ұлттық жоспарды іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат (осы ақпарат құжатты іске асырудың барлық жылдары үшін мониторинг жүргізілген жылғы есепке);
бюджеттік инвестицияларды іске асыруға байланысты Ұлттық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау жөніндегі көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтер;
орындалмаған іс-шаралардың елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат;
игілік алушылардың қанағаттану деңгейі, оның ішінде жоспарланғандардан ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат (бұл ақпарат құжатты іске асырудың барлық жылдары үшін мониторинг жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);
мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер.
5. "Қорытындылар мен ұсыныстар" бөлімінде тұжырымдар мен ұсыныстар, Ұлттық жоспарды, оның ішінде қаржыландырудың көлемі мен көздері бойынша түзету, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар қамтылған.
Ескерту. 11-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Қазақстан Республикасы Ұлттық жоспарының іске асырылуы бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы
1. Құжаттың атауы:________________________________________________________
2. Құжат бекітілген актінің нөмірі, күні:_______________________________________
3. Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган:_______________________________________
4. Бірлесіп орындаушы-мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де
ұйымдар (ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік
қоғамдар және мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер):
_________________________________________________________________________
5. Іске асыру мерзімі:_______________________________________________________
6. Есепті кезеңге жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізуді қысқаша талдауды,
сондай-ақ нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге
(құжатты іске асыру басталған сәттен бастап бүкіл кезең үшін) және осындай қол
жеткізуге әкеп соққан нақты іс-шаралардың орындалмауына негіздемелер ретінде
жауапты мемлекеттік органдар келтіретін себептердің объективтілігіне қатысты
ұстаным:__________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Құжатта алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған одан
арғы шаралар, түзету іс-қимылдарын қабылдау жөніндегі тұжырымдар (бағалау) мен
ұсыныстар, ал қорытынды есептер үшін құжатты іске асыру шеңберінде қабылданған
іс-шаралардың елдің әлеуметтік-экономикалық және/немесе қоғамдық-саяси дамуына
әсері туралы тұжырымдар және тиісті бағыт/ая/сала бойынша одан арғы қызметті
жетілдіру туралы ұсыныстар қамтылуға тиіс.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп
Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Есепті кезең ________________________
Бекітілген _____________________________
Мемлекеттік орган _____________________________________
1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат
№ | Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы | Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі | Жауапты орындаушылар | Орындалуы туралы ақпарат | ||
жоспары | факт | Түсініктеме | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-нысаналы индикатор | ||||||
1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
… | ||||||
n | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
n-нысаналы индикатор | ||||||
n+1 | Реформалар/негізгі іс-шаралар | |||||
… | ||||||
N | Реформалар/негізгі іс-шаралар |
2-бөлім. Ішкі және сыртқы әсерді талдау
Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге әсері | Қабылданған шаралар |
1 | 2 |
Ішкі факторлар: | |
….. | |
Сыртқы факторлар: | |
….. |
3 бөлім. Талдамалық жазба
Бірінші басшы ____________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда)
Ескертпе: тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп осы нысанға қосымшаға сәйкес тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті толтыру жөніндегі түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп нысанына қосымша |
Тұжырымдаманы іске асыру туралы есепті толтыру бойынша түсіндірмелер
1. Тұжырымдаманы іске асыру туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:
1) "Есепті кезең" деген жолда қорытындылары бойынша есеп берілетін кезең көрсетіледі;
2) "Бекітілді" деген жол бойынша тұжырымдама бекітілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
3) "Мемлекеттік орган" деген жолда есепбін жасайтын және ұсынатын мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
2. "Саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы ақпарат" 1-бөлімі:
1) "№" деген 1-бағанда реформаның/негізгі іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі;
2) "Атауы" деген 2-бағанда:
нысаналы индикатор деген жол бойынша тұжырымдаманың нысаналы индикаторларының атаулары көрсетіледі;
"Реформалар/негізгі іс-шаралар" деген жолда тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес келетін реформалар/негізгі іс-шаралар көрсетіледі;
3) "Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі" деген 3-бағанда реформаны/негізгі іс-шараны аяқтау нысаны немесе нысаналы индикаторлардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
4) "Жауапты орындаушылар" деген 4-бағанда нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және тұжырымдама реформасын/негізгі іс-шарасын орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;
5) "Жоспар" деген 5-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолда тұжырымдамада бекітілген нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көрсетіледі;
6) "Факт" деген 6-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолда көрсеткіштердің нақты қол жеткізілген мәндері көрсетіледі;
7) "Түсініктемелер" деген 7-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолда көрсеткіштердің нақты және жоспарлы мәндерінің сәйкес келмеу себептері туралы қысқаша ақпарат келтіріле отырып, "Орындалды", "Орындалмады" немесе "Ішінара орындалды" деп көрсетіледі;
"Реформалар/негізгі іс-шаралар" деген жолда орындалмау себептері туралы қысқаша ақпарат келтіре отырып, реформаларды/негізгі іс-шаралардың орындалуы бойынша "Орындалды", "Орындалмады" немесе "Ішінара орындалды" деп көрсетіледі.
3. "Ішкі және сыртқы әсерді талдау" 2-бөлімі:
1) "Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуге әсері" деген 1-бағанда ішкі және сыртқы факторлар жеке және олардың көрсеткіштерге қол жеткізуге оң немесе теріс әсер етуі көрсетіледі;
2) "Қабылданған шаралар" деген 2-бағанда теріс салдарларды еңсеру және (немесе) сыртқы факторлардың көрсеткіштерге қол жеткізуге оң әсерін пайдалану жөнінде оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның қабылдаған нақты шаралары туралы ақпарат келтіріледі.
4. Есепте талдамалық жазба қамтылған.
5. Іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасында мыналар қамтылған:
мәселені шешуге бағытталған құжаттың проблемалар мен міндеттердің шешілу дәрежесі туралы, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);
күтілетін нәтижелерге қол жеткізу барысы туралы ақпарат;
өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға орындалмаған іс-шаралардың әсері туралы ақпарат;
қорытындылар мен ұсыныстар, оның ішінде қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы құжатты түзету бойынша ұсыныстар.
Ескерту. 13-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп
____________________________________________________________________
(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
_______________________ жылдарға арналған
(жоспарлы кезең)
____________________________________________________________
(мемлекеттік органның даму жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)
"___"_____________20____жылғы № __________ бекітілген
Есеп беру кезеңі:_____________________
1. Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу
Нысаналы индикатордың атауы | Ақпарат көзі | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Ескерту (орындалуы / орындалмауы туралы ақпарат) | |
Жоспар | Нақты | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1-стратегиялық бағыт. | |||||
1.1.-мақсат | |||||
1-нысаналы индикатор | |||||
n-нысаналы индикатор | |||||
n стратегиялық бағыты | |||||
… |
2. Қаржы қаражатының игерілуі
Қаржыландыру көздері | Жоспар, миллион теңге | Нақты, миллион теңге | Пайдаланылмау себептері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-көз | |||
2-көз | |||
… | |||
Жиыны |
3. Талдамалық жазба
Мемлекеттік органның бірінші басшысы |
_____________________________________ |
Ескертпе: мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп осы нысанға қосымша сәйкес мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің нысанына қосымша |
Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру бойыншатүсіндірмелер
Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:
1. "(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)" деген жолда даму жоспарын әзірлеуші мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.
2. "(Жоспарлы кезең)" деген жолда даму жоспары әзірленген жоспарлы бес жылдық кезеңнің есепті жылы көрсетіледі.
3. "(Мемлекеттік органның даму жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)" деген жолда мемлекеттік органның даму жоспары бекітілген бұйрықтың деректемелері (нөмірі мен күні) көрсетіледі.
4. "Есеп беру кезеңі" деген жолда есепті кезең (есепті жыл) көрсетіледі.
5. 2-бөлім "Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу":
1) "Стратегиялық бағыт" деген жолдарда мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттары көрсетіледі;
2) "Мақсат" деген жолдарда мемлекеттік органның даму жоспарында айқындалған мақсаттары көрсетіледі;
3) бірінші бағанда ақшамен байланыстырылған макроиндикаторлар мен индикаторларға бөлінген, мемлекеттік органның мақсаттары мен стратегиялық бағыттары бөлінісінде мемлекеттік органның бекітілген даму жоспарынан нысаналы индикатордың атауы көрсетіледікөрсетіледі;
4) екінші бағанда нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың дұрыстығын растайтын ақпарат көзі (статистикалық ақпарат, есептеу формулалары және тағы басқа) көрсетіледі;
5) үшінші бағанда нысаналы индикаторлардың өлшем бірліктері көрсетіледі;
6) төртінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көрсетіледі;
7) бесінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлардың нақты мәндері көрсетіледі;
8) алтыншы бағанда нысаналы индикаторлардың орындалуы немесе орындалмауы туралы ақпарат көрсетіледі.
6. "Қаржы қаражатының игерілуі" деген 2-бөлім даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қалыптастыруға арналған:
1) "Қаржыландыру көзі" деген 1-бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;
2) "Жоспар, млн. теңге" деген 2-бағанда есепті жылға жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
3) "Нақты, млн. теңге" деген 3-бағанда есепті жылда қаржы қаражатын іс жүзінде игеру сомасы көрсетіледі, миллион теңгемен;
4) "Пайдаланылмау себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатының игерілмеу себептері көрсетіледі;
5) осы бөлімнің соңындағы "Жиыны" деген жолда есепті жылдың соңына құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.
7. Іске асыру туралы есепте талдамалық жазба бар.
8. Іске асыру туралы есептің талдамалық жазбасы мыналарды қамтиды:
проблемаларды шешу және мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпарат;
орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат;
игілік алушылардың қанағаттану деңгейі (болған жағдайда), оның ішінде жоспарланғаннан мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат;
жүргізілген бақылау іс-шаралары, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы мәліметтер;
тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар.
Ескерту. 14-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп
Есепті кезең ____________________________________________________
Бекітілген ______________________________________________________
Мемлекеттік орган ______________________________________________
1. Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Жауапты орындаушылар | Орындау | Қаржыландыру көздері | Бюджеттік бағдарламаның коды | Орындалуы туралы ақпарат | ||
базалық (бастапқы) мән | жоспар | нақты | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Бағыты | ||||||||||
1.1-мақсат | ||||||||||
1-нысаналы индикатор | * | * | ||||||||
n-нысаналы индикатор | * | * | ||||||||
1-іс-шара | * | |||||||||
n іс-шарасы | * |
2. Қаржы қаражатының игерілуі
Қаржыландыру көздері | Жоспар, миллион теңге | Нақты, миллион теңге | Пайдаланылмау себептері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1-көз | |||
2-көз | |||
… | |||
Жиыны |
3. Талдамалық жазба
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі________________________________________ қолы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) тегі
Ескертпе: іске асыру туралы есеп (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын) осы форматқа қосымшаға сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті толтыру жөніндегі түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дамыту жоспарының іске асыру туралы есептің нысанына қосымша |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының іске асырыуы туралы есептерді толтыру жөніндегі түсіндірмелер
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын (бұдан әрі – даму жоспары) іске асыру туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады:
1. "Есепті кезең" деген жолында қорытындыларға сәйкес есеп берілетін кезең көрсетіледі;
2. "Бекітілген" деген жолында даму жоспары бекітілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі;
3. "Мемлекеттік орган" деген жолында есепті жасайтын және ұсынатын мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
4. 1-бөлім "Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат":
1) "Бағыты" деген жолында даму жоспары бойынша өңірді дамытудың негізгі бағыттары көрсетіледі.
2) "Мақсат" деген жолында даму жоспарында айқындалған мақсаттың атауы көрсетіледі;
3) "№" деген 1-бағанда көрсеткіш пен іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі;
4) "Атауы" деген 2-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолында даму жоспарының нысаналы индикаторларының (тиісті мақсаттардың) атаулары көрсетіледі.
"Іс-шара" деген жолында даму жоспарының іске асырылуы жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келетін іс-шаралар көрсетіледі;
5) "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың өлшем бірлігі көрсетіледі;
6) "Ақпарат көзі" деген 4-бағанда нысаналы индикаторларға нақты қол жеткізілгенін растайтын ақпарат көзі көрсетіледі.
"Іс-шара" деген жолдар бойынша "Ақпарат көзі" бағаны толтырылмайды;
7) "Жауапты орындаушылар" деген 5-бағанда нысаналы индикаторларға қол жеткізуге және даму жоспарының іс-шараларын орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушылар көрсетіледі;
даму жоспарының "Жауапты орындаушылар" деген 5-бағанында нысаналы индикаторлар бойынша аумақтар әкімдерінің орынбасарлары деңгейіндегі лауазымды адамдар қосымша көрсетіледі.
8) "базалық (бастапқы) мән" деген 6-бағанда:
нысаналы индикатор деген жолында даму жоспарында бекітілген нысаналы индикаторлардың мәндері көрсетіледі (түзетуді есепке алмағанда);
заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін "Іс-шаралар" жолы бойынша даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында бекітілген олардың сандық мәндері (түзетуді есепке алмағанда); қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін-даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында бекітілген қаржы қаражатының сомасы (түзетуді есепке алмағанда) көрсетіледі);
9) "жоспар" деген 7-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолында оларды түзетуді ескере отырып, даму жоспарында бекітілген нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндері көрсетіледі;
"Іс-шаралар" жолы бойынша заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін Жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзетуді ескере отырып, олардың сандық мәндері; қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін – бюджетті нақтылау мен түзетуді ескере отырып, қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
10) "нақты" деген 8-бағанда:
"Нысаналы индикатор" деген жолында нысаналы индикаторлардың нақты қол жеткізілген мәндері көрсетіледі;
"Іс-шара" деген жолында заттай мәнде өлшенетін іс-шаралар үшін іс-шаралардың нақты орындалған мәндері көрсетіледі; қаржыландыруды талап ететін іс-шаралар үшін – бюджет бойынша бөлінген тиісті іс-шараны іске асыруға Есепті кезең үшін нақты игерілген қаржы қаражатының сомасы үтірден кейін ондық мәндермен миллион теңгемен көрсетіледі Бағалау жүргізілген жылдары осы бөлім әрбір бағаланатын жыл бойынша 6, 7 және 8-бағандарға ұқсас "базалық (бастапқы) мән", "жоспар" және "нақты" деген жаңа бағандармен толықтырылады.
11) "Қаржыландыру көздері" деген 9-бағанда осы іс-шараны қаржыландыру көзі көрсетіледі.
"Нысаналы индикатор" жолы бойынша "Қаржыландыру көзі" деген баған толтырылмайды;
12) "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген 10-бағанда оның есебінен іс-шаралар іске асырылатын бюджеттік бағдарламаның коды көрсетіледі.
"Нысаналы индикатор жолы бойынша" "Бюджеттік бағдарламаның коды" деген баған толтырылмайды;
13) "Орындалуы туралы ақпарат" деген 11-бағанда көрсеткіштердің нақты және жоспарлы мәндерінің сәйкес келмеу себептері туралы қысқаша ақпарат және іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат келтіріле отырып, "Орындалды", "Орындалған жоқ" немесе "Ішінара орындалды" деп көрсетіледі.
Орындалған іс-шаралар толық аяқталған іс-шаралар болып саналады.
Ішінара орындалған іс-шаралар – бұл бір қаржы жылына бөлінген қаражат шеңберінде орындалған ұзақ мерзімді сипаттағы іс-шаралар.
Мысалы, 2017 жылғы мониторинг шеңберінде, 2017 жылы бөлінген/тартылған қаражат толық игерілген жағдайда, төменде көрсетілген іс-шара ішінара орындалды деп саналады.
Іс-шара 2019 жылы толық аяқталған және бөлінген/толық көлемде тартылған қаржы қаражаты игерілген кезде орындалатын болады. Көлемі жоспарланғаннан төмен бөлінген/тартылған қаражат толық игерілген жағдайда, осы іс-шара ішінара орындалды деп есептеледі.
Атауы | Өлшем бірлігі | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері | Орындалуына жауаптылар | Оның ішінде жылдар бойынша | Қаржыландыру көздері | Бюджеттік бағдарламаның коды | |||||
2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | Барлығы | |||||||
"Қостанай-Қарабұтақ" автомобиль жолын реконструкциялау | миллион теңге | қабылдау комиссиясының актісі | 2017 - 2019 жылдар | ИИДМ, "Қазавтожол" АҚ (келісу бойынша) | 0,0 | 0,0 | 740,0 | 2 000,0 | 2 200,0 | 4940, 0 | РБ | 003/005 |
Сандық өлшемі бар іс-шаралар іс-шаралардың жоспарланған мәндеріне жеткен кезде орындалды деп есептеледі.
Мысалы:
Атауы | Өлшем бірлігі | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімдері | Орындалуына жауаптылар | Оның ішінде жылдар бойынша | Қаржыландыру көздері. | Бюджеттік бағдарламаның коды | |||||
2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | Барлығы | |||||||
Теміржол вокзалдарының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу |
Қарап-тексеру |
Қарап-тексеру | 2016 -2019 жылдар | ИИДМ | 0 | 2 | 2 | 2 | 2 | 8 | қаржыландыру талап етілмейді |
5. 2-бөлім "Қаржы қаражатының игерілуі" даму жоспарының іске асырылуы туралы есепті қалыптастыруға арналған:
1) "Қаржыландыру көздері" деген 1-бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі;
2) "Жоспар, миллион теңге" деген 2-бағанда есепті жылға жоспарланған қаржы қаражатының сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
Егер даму жоспарын қаржыландыру көзі республикалық немесе жергілікті бюджеттің қаражаты болып табылса, осы бағанда түзетілген бюджеттің сомасы көрсетіледі;
3) "Нақты, миллион теңге" деген 3-бағанда есепті жылы қаржы қаражатының іс жүзінде игерілу сомасы миллион теңгемен көрсетіледі;
4) "Пайдаланылмау себептері" деген 4-бағанда қаржы қаражатының игерілмеу себептері көрсетіледі;
5) осы бөлімнің соңындағы "Жиыны" деген жолда есепті жылдың соңына құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.
6. Есептер талдамалық жазбаны қамтиды.
7. Іске асырылуы туралы есептің талдамалық жазбасы мыналарды:
шешуге құжат бағытталған проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);
бюджеттік инвестицияларды іске асыруымен байланысты құжатты іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалу дәрежесін айқындау бойынша көшпелі іс-шаралардың нәтижелері туралы мәліметтерді;
орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпаратты;
жоспарланғандардан ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);
мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстарды қамтиды.
8. Кестенің "*" белгісі бар ұяшықтары толтырылмайды.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары ның іске асырылуы туралы есепке қосымша |
|
Нысан |
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы ақпарат
р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Орындау | Орындалуы бойынша ақпарат | ||
---|---|---|---|---|---|---|
базалық (бастапқы) мән | жоспар | нақты | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 1-нысаналы индикатор | |||||
1.1. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) | |||||
1.n. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) | |||||
n | n-нысаналы индикатор | |||||
n.1. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) | |||||
n.n. | Аудан (облыстық маңызы бар қала) |
Ескертпе: аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы ақпарат осы форматқа қосымшаға сәйкес толтыру бойынша түсіндірмелерге сәйкес толтырылады.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы ақпарат нысанына қосымша |
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бөлінісінде нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы ақпаратты толтыру бойынша түсіндірмелер
1. "р/с №" деген 1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі.
2. "Атауы" деген 2-бағанда:
"Нысаналы индикатор" жолында облыстың даму бағдарламасының нысаналы индикаторының атауы көрсетіледі.
"Аудан (облыстық маңызы бар қала)" жолында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атауы көрсетіледі.
3. "Өлшем бірлігі" деген 3-бағанда нысаналы индикатордың өлшем бірлігі көрсетіледі.
4. "базалық (бастапқы мән)" деген 4-бағанда облыстың даму жоспарында бекітілген нысаналы индикаторлардың мәндері көрсетіледі (түзетуді есепке алмағанда).
5. "жоспар" деген 5-бағанда облыстың даму жоспарында оларды түзетуді ескере отырып бекітілген нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері көрсетіледі.
6. "нақты" деген 6-бағанда нысаналы индикаторлардың нақты қол жеткізілген мәндері көрсетіледі.
7. "Орындалуы бойынша ақпарат" деген 7-бағанда нысаналы индикатордың мәндеріне қол жеткізілмеу себептері және нысаналы индикаторға қол жеткізуді қамтамасыз етпеген аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдерінің орынбасарлары деңгейіндегі жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.