"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 18-02/201 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі 2021 жылғы 20 қазандағы № 413 бұйрығымен бекітілген |
"Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған, Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беруге арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі. www.egov.kz көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде (бұдан әрі – Портал) ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берген кезде, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді және осы Қағидалардың талаптарымен таныстырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына қарауына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе жеделхатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарламамен не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған өтінішті осы Қағидаларға 3- қосымшаға сәйкес порталдағы "жеке кабинетте" электрондық құжат нысанында үшінші жұмыс күні өтінімді қайтарады.
5. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдаманы қалыптастырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдаманы алған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың талаптарымен танысады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізуге жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, уәкілетті органға шағымды жолдамауға құқылы.
Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Өтінім Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруді сұраймын
Өтінім бойынша деректер | |||||||||||
Өтініш нөмірі | |||||||||||
Құрылған күні | |||||||||||
Адамның негізгі ақпараты | |||||||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірі | |||||||||||
Тегі | |||||||||||
Аты | |||||||||||
Әкесінің аты (бар болса) | |||||||||||
Жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтер | |||||||||||
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі | |||||||||||
Номеры | |||||||||||
Сериясы | |||||||||||
Берілген күні | |||||||||||
Аяқталу күні | |||||||||||
Беру органы | |||||||||||
Мекенжайы | |||||||||||
Пошта индексі | |||||||||||
Ел/облыс/аудан / елді мекен | |||||||||||
Көше атауы | |||||||||||
Үй/ғимарат нөмірі | |||||||||||
Үй индексі | |||||||||||
Пәтер/кеңсе нөмірі | |||||||||||
Телефон нөмірлері | |||||||||||
Факс нөмірлері | |||||||||||
Енгізілген деректерді тексеру | |||||||||||
Елді Мекен | |||||||||||
Жоспарланған аулау | |||||||||||
Балық түрі | |||||||||||
Саны (қорытынды, килограммда) | |||||||||||
Бағасы (тенге) | |||||||||||
Балық аулау түрі | |||||||||||
Транспорт түрі | |||||||||||
Транспорт маркасы | |||||||||||
мемлекеттік нөмірлік белгі | |||||||||||
Өтініш түрі коды | |||||||||||
Қолданылу Мерзімі Дейін | |||||||||||
Лицензиялық алымды төлеу | |||||||||||
Мемлекеттік баж сомасы, айлық есептік көрсеткіші | |||||||||||
Мемлекеттік баж сомасы, тенге | |||||||||||
Төлем түрі | Төлем мәртебесі | Төленген сома | Құжат нөмірі | Құжаттың күні | Төлем Банкі | Салық органы | Бюджеттік сыныптама коды) | Төлем мақсатының коды | Жеке сәйкестендіру коды | Төлем тапсырмасының сканерленген көшірмесі | |
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін____________________________________________________________
Өтінім берілген күн "___" ______________ 20 ___ жыл.
_____________________________________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЭЦҚ)
3-қосымша Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында жергілікті тұрғындардың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидасына Нысан |