"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағына, 9-бабының 7-тармағына, 12-бабының 9-тармағына, 12-1-бабының 5-тармағына, 16-бабының 2-тармағына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 4) тармақшасына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларында:
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.";
3-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмағаны анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жобасын дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күнінің;
облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің;
эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күнінің ішінде;
уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде;
айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде;
жеке орналастырылуға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның уәкілетті адамының қолын қойдырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган эмитентке мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ эмитентке алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.
Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында эмитентке "жеке кабинетіне" жібереді.";
3-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды уәкілетті органның жоғары лауазымды адамы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қарайды.
Шағым уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.
Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Эмитент Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 12-бабының 3-тармағында және 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларды, жеке орналастырылуға тиіс мемлекеттік емес облигацияларды шығару жағдайларын қоспағанда, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшін құжаттарды ұсынады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын эмитент облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі, оң шама болып табылады және ол 10 (оннан) аспайды.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде бұл шама облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның қаржылық есептілігінің деректері негізінде есептеледі және ол 10 (оннан) аспайды.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
"14-1. Инвестициялық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу инвестициялық облигацияны ұстаушының инвестициялық облигация бойынша қосымша сыйақы алуы басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиға (оқиғалар):
эмитент кірісі мөлшерінің (облигацияларды орналастырудан алынған ақша инвестицияланатын жобадан түсетін кіріс мөлшерінің);
Қазақстан Республикасындағы және (немесе) шетелдегі ұйымдастырылған сауда-саттықта айқындалған шикізаттың, металдың немесе өзге тауардың бірлігі бағасының, тауар индексі мәнінің;
пайыздық мөлшерлемелер шамасының;
туынды қаржы құралдары бағасының негізінде есептелетін мәндердің;
ресми статистикалық ақпаратты құрайтын көрсеткіштер мәндерінің;
қоршаған орта жағдайының табиғи, биологиялық және (немесе) химиялық көрсеткіштері мәндерінің;
бір немесе бірнеше заңды тұлғаның немесе мемлекеттің өз міндеттерін (кепілгерлік шартын және сақтандыру шартын қоспағанда) орындамауын немесе тиісінше орындамауын көрсететін мән-жайлардың өзгеруі болып табылған жағдайда жүргізіледі.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы облигациялар бойынша сыйақы мен негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатын жағдайда жүзеге асырылады.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне), жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарда:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Жеке меморандум Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес жеке меморандумның құрылымына сәйкес жасалады.
Жеке меморандум қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Номиналы шетел валютасында көрсетілген облигациялар шығарылған жағдайда жеке меморандум қазақ, орыс және эмитенттің қалауы бойынша ағылшын тілдерінде жасалады.";
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
"3-2. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді және қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.";
қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакциядағы 2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.
Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.
Халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымының проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының проспектісі) халықаралық қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің) титул парағында мыналар қамтылады:
1) құжаттың атауы: "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісі";
2) облигациялық бағдарламаның көлемі (облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда);
3) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;
4) жазба:
"Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған мемлекеттік емес облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.
Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.
Мемлекеттік емес облигациялар айналыста болған кезеңде эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.";
1-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 19 қазандағы № 101 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі − Инвестициялық қорлар туралы заң) 20-бабының 7-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Басқарушы компания талап етілетін құжаттармен қоса инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін өтінішті уәкілетті органға портал арқылы электрондық түрде береді.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетеді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданыс мерзімінің аяқталмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хаттың жобасын дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Басқарушы компания инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган басқарушы компанияның "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және инвестициялық пай қорының қағидаларын жібереді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды уәкілетті органның жоғары лауазымды адамы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган қарайды.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына беріледі.
Егер Инвестициялық қорлар туралы заңда, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жүзеге асырылады.";
1-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері |
Мыналарды мемлекеттік тіркеу кезінде: |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және электрондық нысанда облигациялар шығарылымының проспектісі; |
6. | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну талаптары мен тәртібін бұзуының және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы. Көрсетілген негізден бөлек көрсетілетін қызметті беруші мына жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартады: |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар | Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие. Порталда іркілістер не техникалық ақаулар анықталған жағдайда Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414. |
Жеке меморандумның құрылымы
Құжаттың атауы: "Жеке меморандум"
Жазба: "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекетті тіркеуі инвесторларға мемлекеттік емес облигацияларды сатып алуға қатысты, жеке меморандумда сипатталған қандай да болсын ұсынымдар беруді білдірмейді және осы құжатта қамтылған ақпараттың дәйектілігін растамайды.
Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген барлық ақпараттың дәйектілігін және эмитент пен оның орналастырылатын мемлекеттік емес облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылдыруға әкеп соқтырмайтынын растайды.".
1. Эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (болған жағдайда) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;
2) бір облигацияның нақтылы құны (егер бір облигацияның нақтылы құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның нақтылы құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);
3) облигацияның нақтылы құнының, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;
4) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.
Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алу басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі.
Облигацияларды өзге де мүліктік құқықтармен өтеу кезінде сыйақы және нақтылы құн төленген жағдайда, осы құқықтардың, олардың сақталуын қамтамасыз ету тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың сипаттамасы, сондай-ақ осы құқықтардың өту тәртібі келтіріледі;
5) сыйақыны төлеу кезеңділігін және (немесе) сыйақыны төлеу күнін және сыйақыны алу тәсілін көрсете отырып, облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары;
6) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі;
7) облигацияларды өтеу күні және тәсілі.
4. Эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:
1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;
2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;
3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.
5. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).
6. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.
Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.
"Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеудің және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттардың сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.
Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
"Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:
қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;
егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.
Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):
тұрақты даму саласында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;
көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;
эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.
Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.
7. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар.
8. Облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар.
Айналыста болу мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер құрылымы
1. Эмитенттің толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (егер бар болса) тілдерінде.
2. Эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
3. Эмитенттің уәкілетті органының айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні.
4. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
1) облигациялардың түрі, облигациялардың саны және облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;
2) номиналды құнын сипаттайтын валюта көрсетілген бір облигацияның номиналды құны;
3) облигациялар айналысының басталу күні және мерзімі;
4) облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
5) облигациялар бойынша сыйақы төлеу мерзімі;
6) облигацияларды өтеу күні.
Облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы
1-тарау. Эмитенттің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат
1. Құрылтай құжаттарына сәйкес эмитент туралы ақпарат:
1) эмитентті бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;
2) эмитентті мемлекеттік қайта тіркеу күні (қайта тіркеу жүзеге асырылған жағдайда);
3) эмитенттің қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдеріндегі толық және қысқаша атауы;
4) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;
5) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқықтық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;
6) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлғалардың филиалдарының (өкілдіктерінің) есептік тіркелуі туралы анықтамаға сәйкес олардың атаулары, тіркелген (қайта тіркелген) күндері, орналасқан жерлері және эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің пошта мекенжайлары көрсетіледі;
7) эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі;
8) ISO 17442 "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (Файнаншл сервисез – Легал Энтити Айдэнтифайер) халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier (Легал Энтити Айдэнтифайер) коды (бар болса).
2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және электрондық поштаның мекенжайы, сондай-ақ эмитенттің нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген эмитенттің орналасқан жерінен өзгеше болған жағдайда нақты мекенжайы көрсетілген эмитенттің орналасқан жері.
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер
3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
1) облигациялардың түрі;
2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);
3) облигациялардың саны;
4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;
5) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.
4 Орналастырылатын облигацияларды төлеу тәсілі.
5. Облигациялар бойынша кіріс алу:
1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесінің және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.
Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алу басталуына немесе бастамауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздері көрсетіле отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;
3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;
4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;
5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.
6. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:
1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;
2) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;
3) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.
7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;
5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы болатын талаптар;
6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;
7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
8) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;
9) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.
3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары
8. Облигацияларды орналастыру шарттары және тәртібі:
1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;
2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;
3) онда облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
9. Облигациялар айналысының талаптары және тәртібі:
1) облигациялар айналысының басталу күні;
2) облигациялар айналысының аяқталу күні;
3) облигациялар айналысының мерзімі;
4) облигациялар айналысы жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
10. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды өтеу күні;
2) облигацияларды өтеу тәсілі;
3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осындай құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.
11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:
1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;
2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.
4-тарау. Ковенанттар (шектеулер), олар бар болса
12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:
1) эмитент қабылдайтын және бағалы қағаздар рыногы туралы көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;
2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кездегі эмитенттің іс-әрекетінің тәртібі;
3) ковенанттар бұзылған кездегі облигация ұстаушылардың іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау талаптары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)
13. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:
1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;
2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 61-10-тармағында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға айырбастау талаптарын көрсетеді.
6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын облигациялар эмитенті мүлкінің құнын көрсете отырып, осы мүлік туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша)
14. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын эмитенттің мүлкі туралы мәліметтер:
1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;
2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;
3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.
15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).
16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.
7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты
17. Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары.
"Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеудің және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттардың сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.
Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
"Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:
қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;
егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.
Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):
тұрақты даму саласында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;
көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;
эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.
Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.
18. Эмитент бұрын орналастырған, айналыс мерзімі өткен облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде) осы облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығарылымының көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.
8-тарау. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) он және одан көп пайызын иеленген құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер
19. Эмитенттің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан астам пайызын иеленген құрылтайшылар немесе ірі акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер:
1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);
2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);
3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;
4) эмитенттің құрылтайшысы немесе ірі акционері (қатысушысы) дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.
9-тарау. Эмитенттің басқару органы және атқарушы органы туралы мәліметтер
20. Эмитенттің басқару органы туралы мәліметтер:
1) директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің төрағасының және мүшелерінің (директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесі мүшелерінің сайланған күні және олардың хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;
3) эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы немесе эмитенттің бақылау кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;
4) еншілес және тәуелді ұйымдарда эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы.
21. Эмитенттің алқалы органы немесе атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға:
1) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе алқалы атқарушы орган басшысының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның немесе алқалы атқарушы орган мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы еңбек жолы туралы мәліметтер;
3) эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаға немесе эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшесіне тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.
22. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген болса, онда мыналар көрсетіледі:
1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауы, оның орналасқан жері;
2) басқарушы ұйымның атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) не басқарушы ұйымның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың сайланған күні және хронологиялық тәртіппен соңғы 2 (екі) жылдағы еңбек жолы туралы мәліметтер;
4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;
5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.
Осы тармақтың талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.
10-тарау. Эмитент қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
23. Эмитент қызметінің түрлері:
1) қызметтің негізгі түрі;
2) маусымдық сипатқа ие қызмет түрлерін және эмитенттің жалпы кірісіндегі олардың үлесін көрсете отырып эмитент қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;
3) эмитенттің бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;
4) эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;
5) эмитенттің лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде эмитент демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;
6) эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және эмитент экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;
7) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, эмитенттің активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан артық пайыз мөлшерінде одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне эмитенттің қатысуы туралы мәліметтер;
8) эмитенттің қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.
24. Эмитент өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын көлемде оның тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.
25. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің активтері.
26. Эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:
1) эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;
2) тиісті өтелетін сомалар (жақын арадағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.
27. Эмитенттің эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын кредиторлық берешегі:
1) эмитент кредиторларының атауы;
2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.
28. Эмитент левереджінің шамасы.
Эмитенттің левередж шамасы соңғы әр аяқталған екі қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болса - облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі.
29. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген, соңғы аяқталған екі қаржы жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны.
30. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер (өтелген және жойылған облигациялар шығарылымын қоспағанда):
әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;
орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және олардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);
егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысқа енгізу тоқтатыла тұрған (жаңартылған) жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, оларды қабылдау негіздемесі мен күні көрсетіледі;
сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;
бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.
11-тарау. Эмитент және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер
31. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:
1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген облигацияның номиналды құнының мерзімін алу не өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша облигациялардың номиналды құнының белгіленген пайызын не облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
2) эмитенттің облигацияларды, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;
3) өзге құқықтар.
32. Басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:
1) басталған кезде эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялау ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;
2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;
3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілдері;
4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.
33. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін эмитенттің қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.
34. Эмитенттің орналастырылатын облигацияларды сатып алуына байланысты тәуекелдер:
1) салалық тәуекелдер - эмитенттің саласындағы оның қызметіне бағалы қағаздар бойынша нашарлауы мүмкін жағдайының әсері және міндеттемелерін орындауы сипатталады. Эмитенттің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) өзгерістер келтіріледі.
Эмитенттің өз қызметінде қолданатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.
Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек жеке) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады;
2) қаржы тәуекелдері - эмитенттің қаржылық жағдайының пайыздық мөлшерлемелердің қолайсыз өзгеруіне, шетел валюталарының айырбас бағамына, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының нарықтық бағасына байланысты тәуекелдерге ұшырауын сипаттайды.
Эмитенттің қаржылық активтердің және эмитенттің қаржылық міндеттемелерінің теңгерімсіздігінен туындайтын, эмитенттің өз міндеттемелерін толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге дәрменсіздігі (оның ішінде эмитенттің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) эмитенттің қаржы міндеттемелерін дереу және бір реттік орындауына болжанбаған қажеттіліктің туындауы салдарынан болған эмитенттің шығындарымен байланысты тәуекелдер бөлек сипатталады.
Эмитенттің қаржылық есептілігі көрсеткіштерінің қайсысы қаржылық тәуекелдердің ықпалы, олардың пайда болуы ықтималдығы және есептіліктегі өзгерістердің сипаты нәтижесінде өзгеріске аса шалдыққыш екені көрсетіледі;
3) құқықтық тәуекел – эмитенттің мыналардың:
Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;
эмитенттің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;
эмитенттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;
қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;
4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (бедел тәуекелі) - эмитенттің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан эмитент клиентінің (контрагенттерінің) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені суреттеледі;
5) стратегиялық тәуекел – эмитенттің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және эмитенттің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінетін, эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленгенін, эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, адами) және ұйымдастыру шараларының (басқару шараларының) жоқ екенін немесе толық көлемде қамтамасыз етілмегенін көрсететін тәуекел;
6) эмитенттің қызметіне байланысты тәуекел – тек эмитентке тән немесе қоғамның жүргізетін негізгі қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты тәуекелдер сипатталады, оның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:
эмитенттің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (оның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің болмауы;
эмитенттің үшінші тұлғалардың, оның ішінде эмитенттің еншілес қоғамдарының борыштары бойынша ықтимал жауапкершілігі;
айналымына эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 пайызы тиесілі болатын тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;
7) елдік тәуекел − экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резиденттік елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) эмитенттің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;
8) операциялық тәуекел − эмитенттің қызметкерлері жол берген, ішкі процестерді жүзеге асыру барысындағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығыстар (шығындар) тәуекелін сипаттайды;
9) экологиялық тәуекелдер – климаттық және экологиялық факторларға байланысты, эмитенттің қызметіне ықпал етуге қабілетті тәуекелдерді сипаттайды.
35. Эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:
1) эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, эмитенттің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі көрсетіледі;
2) эмитенттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, осындай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.
36. Эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;
2) заңды тұлғаны эмитентке қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;
3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, эмитенттің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.
37. Эмитент жарғылық капиталының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (осы қосымшаның 36-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларды қоспағанда), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:
толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері;
эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.
38. Эмитенттің кредиттік рейтингтері туралы мәліметтер:
1) кредиттік рейтингті беру объектісі (эмитент, эмитенттің бағалы қағаздары);
уәкілетті органға облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеуге құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі кредиттік рейтингтің мәні;
кредиттік рейтинг берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;
эмитент өзінің қалауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетіледі;
2) эмитенттің бағалы қағаздары кредиттік рейтинг берілген объект болған жағдайда халықаралық сәйкестендіру нөмірі (код ISIN) және ол берілген күн, сондай-ақ кредиттік рейтинг берген рейтингтік агенттіктің атауы қосымша көрсетіледі.
39. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):
1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;
2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;
3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
40. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):
1) төлем агентінің толық атауы;
2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;
3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
41. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):
1) эмитенттің акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;
2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;
3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.
Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.
42. Эмитенттің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:
1) тиісті аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып, эмитенттің соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).
43. Осы қосымшаның 19, 20, 21 және 22-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес эмитенттің үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғалары:
1) жеке тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
2) заңды тұлға үшін – эмитенттің үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса).
Егер осы заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері;
3) оларды эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызудың негізі және эмитентпен үлестес болған күн.
Эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін, заңды тұлға болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғасына қатысты қосымша:
эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері және бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса);
эмитентке тиесілі жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы орналастырылған акциялардың немесе қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық қатынасы;
эмитент жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе акцияларының он немесе одан көп пайызына иелік ететін заңды тұлғаның негізгі қызмет түрлері;
эмитент осы заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы акциялардың немесе акциялардың он немесе одан да көп процентін иеленген күн;
заңды тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылса, онда қатысу үлесін көрсете отырып, осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің он және одан да көп пайызын иеленетін өзге қатысушылары туралы мәліметтер көрсетіледі:
жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
заңды тұлға үшін - толық атауы, орналасқан жері.
Арнайы қаржы компаниясы облигацияларды шығарған кезде, үлестестікті тану және оның пайда болу күнін көрсете отырып, секьюритилендіру мәмілесіне тараптардың үлестес екені туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Егер эмитенттің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күніне дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған болса, онда осы тармақты эмитент толтырмайды.
44. Эмитенттің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.
45. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 31, 32, 33, 39, 40, 41 және 44-тармақтары толтырылмайды.
46. Тұрақтандыру банкі осы қосымшаның 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарын толтырмайды.
Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы проспектісінің құрылымы
1. Облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарламаның проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатыны туралы ақпарат (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес эмитенттің толық атауы (Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті үшін) немесе заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резидент эмитенті үшін) эмитенттің толық атауы).
2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:
1) облигациялық бағдарлама проспектісін мемлекеттік тіркеу күні;
2) облигациялық бағдарламаның шығарылымы жүзеге асырылатын шегіндегі көлемі;
3) облигациялық бағдарлама шегіндегі барлық алдыңғы облигациялар шығарылымдары туралы мәліметтер (осы облигациялық бағдарлама шегіндегі әр шығарылым бойынша бөлек жеке), оның ішінде:
облигациялар шығарылымын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тіркеу күні;
облигациялардың түрі және саны;
шығарылымның номиналды құны бойынша көлемі;
орналастырылған облигациялар шығарылымының саны;
облигацияларды орналастыру кезінде тартылған ақша көлемі;
осы облигациялар шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақы сомасы;
сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны;
эмитенттің облигацияларды ұстаушылардың алдында өз міндеттемелерін орындамаған фактісі туралы мәлімет (облигациялар бойынша сыйақы төлемегені (төлемін кешіктіргені), орындалмаған міндеттемелер көлемі және оларды орындау мерзімін ұзарту туралы ақпаратты қоса, облигациялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақы сомасы;
облигациялар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздарын орналастыру не айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;
облигациялар айналысы жүретін нарықтар, сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауларын қоса алғанда;
ұстаушылардың айналысындағы облигациялармен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу-сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.
3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
1) облигациялардың түрі;
2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болып табылса, онда бір облигацияның номиналды құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);
3) облигациялардың саны;
4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;
5) облигациялар бойынша номиналды құнының валютасы, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.
4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.
5. Облигациялар бойынша кіріс алу:
1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы мөлшерлемесі және ол болған жағдайда қосымша сыйақы;
Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алуға байланысты басталған немесе басталмаған оқиғалар туралы ақпарат көздері көрсетілген облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі және (немесе) сыйақы төлеу күні;
3) облигациялар бойынша сыйақыны есептеу басталған күн;
4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;
5) облигациялар бойынша сыйақыны есептеуге қолданылатын уақыт кезеңі.
6. Жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде:
1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақшаның түсу талаптары және болжамды мерзімдері;
2) облигацияларды ұстаушыларға негізгі шарт бойынша құрылған мүліктің меншік иегерінің ауысқаны туралы, кредиторлардың өкілдерін арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізу және олардың өкілеттіктері туралы ақпарат ұсыну тәртібі;
3) бөлінген активтердің есебінен жүзеге асырылатын жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты арнайы қаржы компаниясы шығыстарының тізбесі.
7. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:
1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;
5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;
6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;
7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
8) талап ету құқықтары біртектілігінің өлшемшарттары;
9) облигациялық бағдарлама шеңберінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.
8. Облигацияларды орналастыру талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды орналастырудың басталған күні;
2) облигацияларды орналастырудың аяқталған күні;
3) облигацияларды орналастыру жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
9. Облигацияларды айналысқа жіберу талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды айналысқа жіберудің басталған күні;
2) облигацияларды айналысқа жіберудің аяқталған күні;
3) облигациялардың айналыс мерзімі;
4) облигацияларды айналысқа жіберу жоспарланған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
10. Облигацияларды өтеу талаптары және тәртібі:
1) облигацияларды өтеу күні;
2) облигацияларды өтеу тәсілі;
3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің сипаттамасы және көрсетілген құқықтарды жүзеге асыруға құзыретті тұлғалар, сондай-ақ осы құқықтарға өтуді іске асыру тәртібі келтіріледі.
11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша талаптары болған жағдайда:
1) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру тәртібі, талаптары;
2) облигацияларды сатып алу құқықтарын іске асыру мерзімі көрсетіледі.
12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленген жағдайда:
1) эмитент қабылдайтын және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;
2) ковенанттар (шектеулер) бұзылған кезде эмитент іс-әрекетінің тәртібі;
3) ковенанттар бұзылған кезде облигация ұстаушылар іс-әрекетінің тәртібі көрсетіледі.
13. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:
1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрі, саны және орналастыру бағасын белгілеу тәртібі, осындай акциялар бойынша құқықтар;
2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).
Банктер туралы заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк уәкілетті органның шешіміне сәйкес облигацияларды акцияларға конвертациялау талаптарын көрсетеді.
14. Эмитенттің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:
1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;
2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;
3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.
15. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).
16. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде - концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.
17. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты.
Эмитент облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары көрсетіледі.
"Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда облигацияларды орналастырудан, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеуден алынған ақшаны нысаналы пайдалануға және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық деп танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.
Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
"Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:
қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;
егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, эмитент қолданатын шаралар.
Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):
тұрақты даму саласында алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;
көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;
эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.
Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.
18. Эмитент бұрын орналастырған (эмитент сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.
19. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:
1) эмитенттен облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген облигацияның номиналды құнының мерзімін алу не өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын не облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;
2) эмитенттің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;
3) өзге құқықтары.
20. Туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәлімет:
1) туындаған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;
2) облигацияларды ұстаушылардың сыйақы төлемі бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін, оның ішінде міндеттеме тәртібі және қайта құрылымдау талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитент қабылдайтын шаралар;
3) эмитенттің орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелердің орындалмау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін болатын іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметтерден тұратын дефолт фактісі туралы ақпаратты облигацияларды ұстаушыларға жеткізу тәртібі, мерзімі және тәсілі;
4) эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (осындай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.
21. Облигацияларды өтеу сәтіне дейін сыйақыларды төлеудің әрбір кезеңі бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті эмитенттің ақша қаражатының көздері мен ағындарының болжамы.
22. Эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигациялар шығарылған жағдайда):
1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;
2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;
3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
23. Эмитенттің төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):
1) төлем агентінің толық атауы;
2) төлем агентінің және оның бағалы қағаздар бойынша кірістерді (облигациялардың номиналды құнын) төлейтін барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, деректемелері;
3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
24. Эмитенттің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):
1) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;
2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері;
3) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғамен эмитенттің жасасқан шартының күні мен нөмірі.
Егер, эмитенттің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, эмитенттің басқа консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы
1-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің атауы және орналасқан жері туралы ақпарат
1. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитенті туралы ақпарат:
1) осындай құжатты берген Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің елі органының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан жеріндегі елдің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде құрылғанын және тіркелгенін растайтын құжаттың күні мен нөмірі;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қазақша, орысша және ағылшынша толық және қысқаша атауы;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;
4) егер Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;
5) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі;
6) ISO 17442 "Financial services – Legal Entity Identifier" (Файнаншл сервисез – Легал Энтити Айдэнтифайер) халықаралық стандарттарына сәйкес (бар болса) Legal Entity Identifier (Легал Энтити Айдэнтифайер) коды.
2. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан жері, байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің электрондық почта мекенжайы, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің нақты мекенжайы Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналасқан мекенжайынан бөлек болса нақты мекенжайы.
2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар туралы, оларды төлеу және олар бойынша кіріс алу тәсілдері туралы мәліметтер
3. Облигациялар шығарылымы туралы мәліметтер:
1) облигациялардың түрі;
2) бір облигацияның номиналды құны (егер бір облигацияның номиналды құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);
3) облигациялардың саны;
4) облигациялар шығарылымының жалпы көлемі;
5) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы.
4. Орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі.
5. Облигациялар бойынша кіріс алу:
1) облигациялар бойынша негізгі сыйақы және ол болған жағдайда қосымша сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері.
Қосымша сыйақы төленген жағдайда облигациялар бойынша қосымша сыйақы алудың басталуына немесе басталмауына байланысты болатын оқиғалар туралы ақпарат көздерін көрсете отырып, облигациялар бойынша қосымша сыйақы мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
2) сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні.
3) облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;
4) облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;
5) облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі.
3-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысы, өтеу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары
6. Облигацияларды орналастыру шарттары мен тәртібі:
1) облигацияларды орналастыру басталған күн;
2) облигацияларды орналастыру аяқталған күн;
3) облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
7. Облигациялардың айналысы шарттары мен тәртібі:
1) облигациялардың айналысы басталған күн;
2) облигациялардың айналысы аяқталған күн;
3) айналыс мерзімі;
4) облигациялардың орналастыру жоспарланып отырған нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы).
8. Облигацияларды өтеу шарттары мен тәртібі:
1) облигацияларды өтеу күні;
2) облигацияларды өтеу тәсілі;
3) егер облигацияларды өтеу кезінде сыйақыны және номиналды құнын төлеу облигациялар шығарылымы проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықтармен жүргізілетін болса, осы құқықтардың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары келтіріледі.
9. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15 және 18-4-баптарында белгіленбеген облигацияларды сатып алудың қосымша шарттары болған жағдайда:
1) облигацияларды сатып алу құқығын сату тәртібі, шарттары;
2) облигацияларды сатып алу құқығын сатып өткізу мерзімі.
4-тарау. Болған жағдайда ковенанттар (шектеулер)
10. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңында көзделмеген қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленбеген болса:
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті қабылдайтын және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңында көзделмеген ковенанттардың (шектеулердің) сипаттамасы;
2) ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің іс-әрекет ету тәртібі;
3) ковенанттарды бұзған кезде облигациялар ұстаушылардың іс-әрекет ету тәртібі.
5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды конвертациялау шарттары, мерзімдері мен тәртібі (конвертацияланатын бағалы қағаздарды шығару кезінде)
11. Айырбасталатын облигацияларды шығару кезінде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:
1) облигациялар айырбасталатын атын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;
2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастау аяқталған күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).
6-тарау. Шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі болып табылатын облигациялар эмитенті – Қазақстан Республикасының бейрезидентінің мүлкі туралы осы мүліктің (қамтамасыз етілген облигациялар бойынша) құны көрсетілген мәліметтер
12. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі болып табылатын мүлкі туралы мәліметтер:
1) осы мүліктің құнын көрсете отырып шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз етудің сипаттамасы;
2) қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;
3) кепіл затын өндіріп алу тәртібі.
13. Атауын, орналасқан жерін, кепіл шартының деректемелерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).
7-тарау. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты
14. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдаланудың нақты мақсаттары.
"Жасыл" облигациялар шығарылған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсатының, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобаларды жіктеудің және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру саласындағы халықаралық деңгейде танылған қағидаттар мен стандарттардың сәйкестігі туралы ақпарат көрсетіледі.
Әлеуметтік облигациялар шығарылған жағдайда (әлеуметтік жобаларды іске асыруды қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын әлеуметтік міндеттерді іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
Орнықты даму облигацияларын шығарған жағдайда ("жасыл" және әлеуметтік жобалардың комбинациясын қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру мақсатында ақша тарту үшін шығарылған облигациялар), қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылатын орнықты даму міндеттерін іске асыруға бағытталған тиісті жобаның қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ осы жобаның орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкестігі туралы ақпарат келтіріледі.
"Жасыл", әлеуметтік облигациялар және тұрақты даму облигациялары шығарылған жағдайда мыналар қосымша көрсетіледі:
қаржыландыру үшін осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты жария етуді Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитент жүзеге асыратын ақпарат көздері;
егер қаржыландыруға осы облигацияларды орналастырудан алынған ақша пайдаланылған жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың жіктелуіне және (немесе) экология және (немесе) "жасыл" қаржыландыру және (немесе) орнықты даму саласындағы халықаралық танылған қағидаттар мен стандарттарға сәйкес келмейтін болса, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитент қолданатын шаралар.
Орнықты дамуға байланысты облигациялар шығарылған жағдайда (сипаттамалары эмитенттің орнықты даму саласында өзі бұрын айқындаған мақсаттарға жетуіне қарай өзгеретін облигациялар):
тұрақты даму саласында Қазақстан Республикасы бейрезидент – эмитентімен алдын ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер;
көрсетілген көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитент өзі белгілеген сипаттамалардың орындалуы туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыратын ақпарат көздері сипатталады.
Орналастырудан түскен ақшасы жобаны қаржыландыруға жіберілетін инвестициялық облигациялар шығарылған жағдайда, осы жобаның қысқаша сипаты келтіріледі.
15. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті бұрын орналастырған (Қазақстан Республикасының бейрезидент- эмитенті сатып алған облигацияларды шегергенде), айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.
8-тарау. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары туралы немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер
16. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастырылған (акционерлік қоғам сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнің) он және одан көп пайызын иеленетін құрылтайшылары немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер:
1) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) тегі, аты әкесінің аты (ол бар болса) (жеке тұлға үшін);
2) құрылтайшының немесе ірі акционердің (қатысушының) толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);
3) құрылтайшыға немесе ірі акционерге (қатысушыға) тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;
4) құрылтайшы немесе ірі акционер (қатысушы) дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан көп пайызына ие болған күн.
9-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің басқару және атқару органдары туралы мәліметтер
17. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің органдары.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті органдарының құрылымы мен жеке құрамы және олардың Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті мемлекетінің заңнамасына, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің құрылтай және басқа ішкі құжаттарына сәйкес құзыреті көрсетіледі.
10-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері
18. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметінің түрлері:
1) негізгі қызмет түрі;
2) науқандық сипаттағы қызметінің түрлерін және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, эмитенттің қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бәсекелестері болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне жағымды немесе жағымсыз әсер ететін факторлар;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінде бар лицензиялар (патенттер) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті демеуші болатын зерттеу әзірлемелеріне шығындар туралы ақпарат;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті экспортқа өткізетін (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өткізілетін өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қатысуымен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің жалпы көлемінен 10 (он) және одан көп пайыз көлемінде ақшалай және де міндеттемелерді өндіріп алу, оның Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметін тоқтату немесе өзгерту тәуекеліне байланысты сот процестеріне қатысуы туралы мәліметтер;
8) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне әсер тиетін тәуекелдің басқа факторлары.
19. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өздері өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын көлемде тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.
20. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің активтері.
21. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті алдындағы берешегі Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті активтерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті дебиторларының атауы;
2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.
22. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті міндеттемелерінің баланстық құнының 10 (он) және одан көп пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің кредиторлық берешегі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті кредиторларының атауы;
2) тиісті өтелетін сомалар (таяудағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.
23. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қызметінен оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі негізінде есептелген соңғы аяқталған қаржы жылында алынған ақша қаражатының таза ағыны.
24. Облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін оның қаржылық есептілігі негізінде есептелген (өтелген және күші жойылған облигация шығарылымдарынан басқа) Қазақстан Республикасының бейрезиденті эмитенттің барлық тіркелген борыштық бағалы қағаздарының шығарылымдары туралы мәліметтер:
әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу нөмірі және мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;
орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);
қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік емес бағалы қағаздардың орналастырылуы немесе айналысы тоқтатылған (жаңартылған) болса, сондай шешімді қабылдаған мемлекеттік орган, негіздемесі және оны қабылдаған күні көрсетіледі;
Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары айналыстағы нарықтары, оның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларының атаулары;
ұстаушылардың айналысындағы бұрын шығарылған облигациялардың әр түрімен ұсынылатын құқықтары, соның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде жүзеге асырылған және ұстаушылардың аталған құқықтарын жүзеге асыру тәртібі көрсетілген, ұстаушылармен жасалған сатып алу - сату шарттарымен қарастырылған құқықтары.
25. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті инвесторлар үшін маңызды деп есептейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің қызметі туралы басқа да ақпарат.
11-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті және оның орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздары туралы қосымша мәліметтер
26. Облигацияларды ұстаушыға ұсынылатын құқықтар:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінен облигациялар шығарылымы проспектісінде қарастырылған облигацияның номиналды құнының мерзімін алу немесе өзге мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ ол бойынша белгіленген облигациялардың номиналды құнының пайызын немесе облигациялар шығарылымы проспектісінде белгіленген өзге де мүліктік құқықты алу құқықтары;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды, соның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде қарастырылған ковенанттарды (шектеулерді) бұзған кезде осы құқықты жүзеге асыру шарттары, тәртібі және мерзімі көрсетілген сатып алу талабының құқықтары;
3) өзге құқықтар.
27. Туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:
1) туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;
2) облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қабылдайтын шаралар, облигациялар ұстаушылардың облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған кезде құқықтарын қорғау рәсімін қоса, оның ішінде міндеттемені қайта құрылымдау тәртібі және талаптары;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды ұстаушыларының назарына орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру жөніндегі мүмкін іс-әрекеттерінің тізбегі, облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғаларға талап қою өтінішінің тәртібі туралы мәліметі бар дефолт фактісі туралы ақпаратты жеткізу тәртібі, мерзімі мен әдісі;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің міндеттемелері бойынша ортақ немесе бірлескен жауапкершілік көтеретін тұлғалармен шарт жасалған күні мен нөмірі, осы тұлғалардың толық атауы, сондай-ақ оларды (сондай тұлғалар бар болса) мемлекеттік тіркеу күні.
28. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.
29. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің орналастыратын облигацияларды сатып алуға байланысты тәуекелдер:
1) салалық тәуекелдер - Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің саласындағы оның қызметіне және оның бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына нашарлауы мүмкін жағдайының әсері сипатталады. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пікірі бойынша, салада болуы мүмкін аса маңызды өзгерістер (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) келтіріледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өз қызметінде пайдаланатын шикізатқа, қызметтерге бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсері бөлек сипатталады.
Эмитенттің өніміне және (немесе) қызметтеріне бағаның өзгеру (ішкі және сыртқы нарықта бөлек) ықтималдығына байланысты тәуекелдер және олардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметі мен бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін орындауына әсер бөлек сипатталады;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталарын айырбастау бағамының өзгеруімен байланысты, пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталарын айырбастау бағамының, сондай-ақ бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарына нарықтық бағалардың қолайсыз өзгеруіне байланысты тәуекелдерге ұшырағыштығы сипатталады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы активтерi мен қаржы мiндеттемелерiнің теңгерімсіздігі нәтижесінде туындайтын эмитенттің өз міндеттемелерін толық көлемде қамтамасыз етуге қабілетсіздігі салдарынан (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бір немесе бірнеше контрагенттерінің қаржы міндеттемелерін уақтылы орындамауы салдарынан) және (немесе) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өз қаржы міндеттемелерін дереу және біржолғы орындау қажеттілігінің көлденең туындауы салдарынан залалдың туындау тәуекелдері бөлек сипатталады.
Қаржы тәуекелдерінің әсері нәтижесінде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржылық есептілік көрсеткіштерінің қайсысы өзгеріске аса шалдыққыш екені, олардың пайда болу ықтималдығы және есептілікте өзгеру сипаты көрсетіледі;
3) құқықтық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің мыналардың:
Қазақстан Республикасының валюталық, салықтық, кедендік заңнамасының өзгеруі;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің негізгі қызметіне қойылатын лицензиялау талаптары;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және жасалған шарттардың талаптарын сақтамауы;
қызметті жүзеге асырудағы жіберілген құқықтық қателіктер (дұрыс емес заң консультациясын алу немесе құжаттарды дұрыс жасамау, соның ішінде сот органдарындағы даулы мәселелерді қарастыру кезінде) салдарынан шығынға ұшырау тәуекелін сипаттайды;
4) іскерлік беделінен айырылу тәуекелі (бедел тәуекелі) – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржылық тұрақтылығы, қаржылық жағдайы, оның өнім (жұмыс, қызмет) сапасы немесе жалпы қызмет сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент клиентінің (контрагенттері) санының азаюы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;
5) стратегиялық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызмет және даму стратегиясын (стратегиялық басқаруын) анықтайтын шешімдерді қабылдау кезінде жіберілген қателік (кемшілік) нәтижесінде туындауы мүмкін және Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне қауіп төндіруі мүмкін ықтимал катерді есепке алмағанында немесе тиісті түрде есепке алмағанында білінуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент бәсекелестерінің алдында басымдыққа ие болуы мүмкін қызметінің келешегі бар бағыттарын дұрыс емес немесе толық негіздемесіз белгіленуі, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің стратегиялық мақсатына қолжеткізуді қамтамасыз етуі тиіс қажетті ресурстардың (қаржылық, материалды-техникалық, кадрлық) және ұйымдастыру шараларының (басқарушылық шешімдердің) жоқтығы немесе толық көлемде қамсыздандырылмауы нәтижесінде залал шегу тәуекелінің туындауы мүмкін екені сипатталады;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметіне байланысты тәуекел - тек Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тән немесе жүргізетін негізгі қызмет түріне байланысты тәуекелдер сипатталады, оның ішінде мынаған байланысты тәуекелдер:
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің белгілі бір қызмет түрін жүргізуге немесе айналыста болуы шектелген объектілерді (соның ішінде табиғи ресурстарды) пайдалануға лицензияның қолданыс мерзімін ұзарту мүмкіндігінің жоқтығы;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үшінші тұлғалардың, соның ішінде қоғамның еншілес ұйымдарының борыштары бойынша мүмкін жауапкершіліктері;
айналымына Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент өнімін (жұмысын, қызметін) сатудан түскен жалпы түсімінен кем дегенде 10 (он) пайызы келетін тұтынушыдан айырылу ықтималдығы;
7) елдік тәуекел – экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге байланысты шетелдік контрагенттердің (заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың) міндеттемелерін орындамау салдарынан, сондай-ақ ақшалай міндеттеменің валютасы контрагент үшін өз резидент елінің заңнамасының ерекшеліктеріне байланысты қол жетімді болмауы салдарынан (контрагенттің өзінің қаржылық жағдайына қарамастан) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің шығынға ұшырау қаупін сипаттайды;
8) операциялық тәуекел – Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қызметкерлері жасаған ішкі процестерді жүзеге асырудағы кемшіліктер немесе қателер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан болатын шығындар (шығындар) тәуекелін сипаттайды;
9) экологиялық тәуекелдер – эмитенттің қызметіне әсер етуге қабілетті климаттық және экологиялық факторларға байланысты тәуекелдер сипатталады.
30. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бұл ұйымдардағы рөлі (орны), функциялары және қатысу мерзімі атап көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар өзге мүшелерінен аса тәуелді болса, бұл жағдай атап көрсетіледі және мұндай тәуелділіктің сипаты толық баяндалады.
31. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғалары болған жағдайда, осындай әр заңды тұлға бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса), орналасқан жері;
2) заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне қатысты еншілес және (немесе) тәуелді деп тану негіздері;
3) егер еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлға акционерлік қоғам болған жағдайда, заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентінің еншілес және (немесе) тәуелді заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің көлемі – сондай акционерлік қоғамның заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.
32. Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (ұйымдардың қатысу үлестері), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:
толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитентіне тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.
33. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің кредиттік рейтингі туралы мәліметтер:
1) кредиттік рейтингті беру объектісі (Қазақстан Республикасының бейрезидент - эмитенті, Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары);
облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын тіркеуге уәкілетті органға құжаттар тапсыратын күннің алдындағы күнгі кредиттік рейтингтің мәні;
кредиттік рейтингті берген ұйымның толық және қысқартылған атауы, орналасқан жері;
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің жеке қарауы бойынша көрсететін кредиттік рейтинг туралы өзге де мәліметтер көрсетiледi;
2) кредиттік рейтинг берілген объект болып Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздары табылған жағдайда, қосымша халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен оның берілген күні, сондай-ақ кредиттік рейтингті берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі.
34. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигацияларды ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер (қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды шығарған жағдайда):
1) облигацияларды ұстаушылар өкілінің толық және қысқартылған атауы;
2) облигацияларды ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;
3) облигацияларды ұстаушылар өкілімен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
35. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің төлем агенті (бар болса) туралы мәліметтер:
1) төлем агентінің толық атауы;
2) төлем агентінің және бағалы қағаздар бойынша кіріс (облигациялардың номиналды құны) төлемін жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жері, байланыс телефондары, деректемелері;
3) төлем агентімен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
36. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің консультанттары туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөнінде шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):
1) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;
2) эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне қосу және оның тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті жасасқан шарттың күні мен нөмірі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің өзге де консультанттары туралы мәліметтер, егер Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің бағалы қағаздарын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, осы тармақта көрсетіледі.
37. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің аудиторлық ұйымы туралы мәліметтер:
1) аяқталған соңғы 2 (екі) қаржы жылында Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің қаржы есебінің аудитін олардың тиісінше тіркелген кәсіптік ұйымдарға тиістілігін көрсете отырып жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы (бар болса).
38. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.
Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің дауыс беруші акцияларының он және одан көп пайызына жанама дауыс беру немесе шартқа орай не өзге түрде Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитенті қабылдайтын шешімге ықпал ету мүмкіндігі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәліметтер, көрсетілген тұлғалар туралы мынадай ақпаратты жариялаумен:
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), орналасқан жері (жеке тұлға үшін);
бірінші басшының толық атауы, орналасқан жері, қызмет түрі (түрлері), тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (заңды тұлға үшін);
қосымшаның осы тармағына сәйкес оларды Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің үлестес тұлғаларына жатқызу негіздемесі мен Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентімен үлестес болып бастаған күні көрсетiледi.
39. Қазақстан Республикасы бейрезидент - эмитентінің облигациялар шығарылымына және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарының сомасы, сондай-ақ осы шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.
40. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеген кезде осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 26, 27, 28, 34, 35, 36 және 39-тармақтары толтырылмайды.
7-қосымша Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 1-қосымша |
"Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қаулыға 8-қосымша Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу қағидаларына 2-қосымша |
Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
20__ жылғы "___" _________ | Алматы қаласы |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
_________________________________________________
_________________________________________________
_________________________________________________________________________
(инвестициялық пай қорының толық атауы және орналасқан жері)
_________________________________________________________________ құрылған
__________________________________________________________________________
(басқарушы компанияның атауы)
пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.
Осы шығарылым пайларына халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды)
__________________________________________________________________ берілді.
Пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (пайлар
шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған жағдайда
толтырылады):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Уәкілетті адам __________________________ _____________________
(қолтаңбасы немесе ЭЦҚ) (тегі, инициалдары)
Мөрдің орны (қағаз нысан үшін) |