Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 және "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 576 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қыркүйекте № 24514 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6681 болып тіркелген) бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидаларының 14-тармағының он бірінші абзацының, 34-1-тармағының 10) тармақшасының, 38-тармағы;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілердің дакто -, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 20-тармағы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

      "20. Еңбекші көшіп келушілердің дакто-, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 75 қбпү бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9662 болып тіркелген) бекітілген Ішкі істер органдарында жедел-криминалистік қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орынластыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев