"Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24037 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 269 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20611 тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4 қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда) бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беруді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).";

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі, 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

      ";

      реттік нөмірі, 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайлары мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

      ";

      5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрықпен бекітілген "Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Минералдық шикізатты кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";

      2-қосымшада:

      реттік нөмірі, 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

      ";

      реттік нөмірі, 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайлары мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

      ";

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 429 бұйрығына
1-қосымша
"Қазақстан Республикасында
шикізат тауарларынан бағалы
металдарды өнеркәсіптік алудың
экономикалық орындылығы
(орынсыздығы) және мүмкіндігі
(мүмкін еместігі) туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www. egov.kz, www. elicens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарттың электрондық көшірмесі. Бұл ретте, егер құжаттың электрондық көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар – тауарларды иелену (сатып алу) заңдылығын растайтын электрондық құжат көшірмесі немесе делдалдық шарт;
4) сыртқы сауда электрондық шартың (келісімшартың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшалар және (немесе) толықтырулар, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де электрондық құжат көшірмесі. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, электрондық келісімшарт (шарт, келісім) көшірмеге көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және куәландырған аудармасы (көрсетілетін қызметті алушының лауазымы мен күнін, қолы мен мөрімен (болған жағдайда) қоса беріледі;
5) аккредиттелген сынақ зертханасы берген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы электрондық құжат көшірмесі;
6) бағалы металдар өндірісінің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың болуы туралы уәкілетті органның электрондық растау көшірмесін жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 429 бұйрығына
2-қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында құрамында бағалы
металдар бар шикізат
тауарларын қайта өңдеудің
экономикалық орынсыздығы
немесе мүмкін еместігі туралы
қорытынды беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

www. egov. kz, www. elicens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарттың электрондық көшірмесі. Бұл ретте, егер құжаттың электрондық көшірмесі бұрын ұсынылған жағдайда, құжаттың электрондық көшірмесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа да ұйымдар – тауарларды иелену (сатып алу) заңдылығын растайтын электрондық құжат көшірмесі немесе делдалдық шарт;
4) сыртқы сауда электрондық шартың (келісімшартың) көшірмесі, оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшалар және (немесе) толықтырулар, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге де электрондық құжат көшірмесі. Егер келісімшарт (шарт, келісім) мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде болмаған жағдайда, электрондық келісімшарт (шарт, келісім) көшірмеге көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және куәландырған аудармасы (көрсетілетін қызметті алушының лауазымы мен күнін, қолы мен мөрімен (болған жағдайда) қоса беріледі;
5) аккредиттелген сынақ зертханасы берген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы электрондық құжат көшірмесі;
6) бағалы металдар өндірісінің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың болуы туралы уәкілетті органның электрондық растау көшірмесін жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 429 бұйрығына
3-қосымша
"Экспорты лицензияның
негізінде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды
(олардан жасалған бұйымдары
қоспағанда), бағалы
металдардың сынықтарын және
қалдықтарын Еуразиялық
экономикалық одаққа кірмейтін
елдерге Қазақстан
Республикасының аумағынан
әкету кезінде мемлекеттік
бақылау және құнын бағалау
актісін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Кеден одағына кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық түрде (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Экспорты лицензиялар негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісі не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
2) Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес электрондық құжаттар көсірмесін;
3) қызмет түріне электрондық хабарлама көшірмесін;
4) тауарларды иелену (сатып алу) заңдылығын растайтын электрондық құжаттың (құжаттар) көшірмесін немесе делдалдық шарттың көшірмесін;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты іске асырудан бас тартқанын растайтын электрондық құжаттың көшірмесін (тазартылған алтын әкетілген жағдайда);
6) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс бағалы металдардың және ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген электрондық құжаттың көшірмесін;
7) әкетуге электрондық қорытындының көшірмесін (тауарды әкеткен жағдайда);
8) қайта өңдеуге электрондық қорытындының көшірмесін (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда) жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (мәліметтердің) дәл еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталы.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 429 бұйрығына
4-қосымша
"Экспорты лицензияның
негізінде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды
(олардан жасалған бұйымдары
қоспағанда), бағалы
металдардың сынықтарын және
қалдықтарын Еуразиялық
экономикалық одаққа кірмейтін
елдерге Қазақстан
Республикасының аумағынан
әкету кезінде мемлекеттік
бақылау және құнын бағалау
актісін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
4-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
"Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі



Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

АКТ Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін құрамында бағалы металдар бар тауарлардың құнын мемлекеттік бақылау және бағалау


Күні



Нұр-Сұлтан қ.



№ __


      Уәкілетті ұйымның бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы қағидаларға сәйкес:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі,

      _____________________________ , ____________________________ Басшының лауазымы) (Басшының аты-жөні)

      Нұр-Сұлтан қ. тауар партиясын қараусыз мемлекеттік бақылау жүргізді.

      Тауар: ___________________________, ____________________________ (тауар атауы) ( тауар коды)

      Өтініш беруші ұсынған: ______________________________________

      Келісімшарт бойынша шығару үшін: ___________ _______________ жыл.

      Өтініш берушінің бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру құқығын растайтын құжат: _____________

      Берілді: ______________________________________________________________

      Келісім-шартқа және ілеспе құжаттарға сәйкес: тауардың массасы ____________,

      Саны: _____________________________

      Тауардың келісімшарт құны: ____________________________________________.

      Құрамында бағалы металдар бар әкелінетін тауарларды мемлекеттік бақылау нәтижелері:

      Мемлекеттік бақылау өтініш беруші өкілінің қатысуымен жүргізілді:

      _____________________________, ____________________________ жеке тұлға № _________, берілді _____________________ бастап __________ № _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ сенімхат ___________________ жауап:

      Шығыс өтінімі.: № ______________________________ , _________________ бастап ________________ г.

      Мемлекеттік бақылаушы: ____________________________________________ (Басшының лауазымы) (басшының аты-жөні)

      Басшының лауазымы Басшының Т.А.Ә.



  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 10 тамыздағы
№ 429 бұйрығына
5-қосымша
"Экспорты лицензияның
негізінде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды
(олардан жасалған бұйымдарды
қоспағанда), бағалы
металдардың сынықтарын және
қалдықтарын Еуразиялық
экономикалық одаққа кірмейтін
елдерден Қазақстан
Республикасының аумағына
әкелу кезінде мемлекеттік
бақылау актісін бер"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ
МИНИСТРЛІГІ



МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ
И ИНФРАСТРУКТУРНОГО
РАЗВИТИЯ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

"Индустриялық даму
комитеті" республикалық
мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное
учреждение "Комитет
индустриального развития"

Нұр-Сұлтан қ.

г. Нур-Султан

АКТ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін құрамында бағалы металдар бар тауарларды мемлекеттік бақылау


Күні



Нұр-Сұлтан қ.



№ ___


      Уәкілетті ұйымның бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге сәйкес:

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі,

      ___________________________ , ________________________________ (Басшының лауазымы) (Басшының ТАӘ)

      Нұр-Сұлтан қ. тауар партиясын қараусыз мемлекеттік бақылау жүргізді.

      Тауар: ___________________________, __________________________ (тауар атауы) (тауар коды)

      Өтініш беруші ұсынған: ______________________________________

      Келісім-шарт бойынша әкелу үшін:___________ _______________

      Келісім-шартқа және ілеспе құжаттарға сәйкес: тауардың массасы _____________ ______,

      тауардың құны ___________ валюта ______________________________ .

      Құрамында бағалы металдар бар әкелінетін тауарларды мемлекеттік бақылау нәтижелері:

      Тауар одан әрі кедендік ресімдеу үшін ұсынылады мемлекеттік бақылау өтініш беруші өкілінің қатысуымен жүргізілді: ______________________", _____________________ жеке куәлік № ____________, берілген _____________________ __________ г., № сенімхат ______ жылғы ___________________

      Өтінім.: № __________________ жылғы ________________ .

      Мемлекеттік бақылаушы: __________________________, ________________ (Басшының лауазымы) (Басшының ТАӘ)

      Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын, мемлекеттік бақылау жүргізуге наразылығым жоқ.

      Басшының лауазымы Басшының Т.А.Ә.