"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 5 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 782 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 тамызда № 23931 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 5 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2686 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев