Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 тамызда № 23907 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 16-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Экология, геология және
  табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 285 бұйрығымен
бекітілген

Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді (бұдан әрі – Қағидалар) ұсыну тәртібін анықтайды. Геологиялық және тау-кендік бөлуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган береді.

      Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер, қысқартулар пайдаланылады:

      1) келісімшарт – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыретіне сәйкес құзыретті орган немесе жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді немесе өндіруді жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға арналған шарт;

      2) геологиялық бөлу – барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізетін жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;

      3) тау-кендік бөлу - барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын құжат, оның шегінде жер қойнауын пайдаланушы барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын өндіруді, салуды және (немесе) пайдалануды жүргізеді.

      2. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Кодекстің 278-бабының 16-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің шекарасын өзгерту келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Барлауға және өндіруге арналған геологиялық және тау-кендік бөлулерді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), өз қызметін Кодекс енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға береді.

2-тарау. Геологиялық бөлуді ұсыну

      3. Өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық/тау-кендік бөлуді беруге өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді.

      4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Кодекстің 45-бабының 6-тармағына сәйкес сараптамалық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздерді бастау туралы шешімді қабылдау туралы құзыретті органның хаты;

      2) бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары;

      3) геологиялық бөлудің көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабтағы картограммасы.

      5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық бөлуді беру құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушінің Өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген геологиялық бөлуді беруге арналған құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш берушінің өтініші қараусыз қалады және геологиялық бөлуді беруден жазбаша дәлелді бас тарта отырып, ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде өтінім берушіге қайтарылады.

      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде геологиялық бөлуді қайта ресімдеу талап етілмейді.

3-тарау. Тау-кендік бөлуді ұсыну

      8. Өтініш беруші уәкілетті органға өтінім береді.

      9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Кодекстің 45-бабының 6-тармағына сәйкес сараптамалық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздерді бастау туралы шешімді қабылдау туралы құзыретті органның хаты;

      2) бөлу алаңының жалпы ауданы көрсетілген бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары;

      3) тау-кендік бөлудің көрнекілікті қамтамасыз ететін масштабтағы картограммасы.

      10. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тау-кендік бөлуді беру құзыретті органды (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) міндетті түрде хабардар ете отырып, өтініш берушінің Өтініші келіп түскен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      11. Осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тау-кендік бөлуді ұсынуға арналған құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, өтініш берушінің өтініші қараусыз қалады және өтініш берушіге тау-кендік бөлуді беруден жазбаша дәлелді бас тартумен ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

      12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде геологиялық бөлуді қайта ресімдеу талап етілмейді.

  Геологиялық және
  (немесе) тау-кендік
  бөлуді беру және қайта
  ресімдеу қағидаларына
  1-қосымша

      нысан

  Қазақстан Республикасы
  Экология, геология
  және табиғи ресурстар министрлігі
  Геология комитетінің басшысына
  ____________________________
  (қаласы)
  ____________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда)
  кімнен______________________
  (өтінім берушінің толық атауы,
  бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
  (бар болған жағдайда)
  және жеке сәйкестендіру нөмірі,
  мекенжайы, деректемелері, телефоны)

Геологиялық/тау-кендік бөлуді беруге Өтініш

      Сізден геологиялық/тау-кендік бөлуді беруді/қайта ресімдеуді сұраймын.

      Объектінің орналасқан жері: ____________________________(облыс)


бұрыштық нүктелер №

Географиялық координаттары

солтүстік кендік

шығыс бойлық

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд

1







2







3







4







      Қосымша:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Өтінім берілген күн: "___" ______________ 20 ___ жыл

      Қолы: ___________________

  Геологиялық және
  (немесе) тау-кендік
  бөлуді беру және қайта
  ресімдеу қағидаларына
  2-қосымша

      нысан

  Жер қойнауын пайдалануға
  арналған № ________ келісімшартқа
  1-қосымша
  ________________
  (пайдалы қазба түрі)
  __________________
  (жер қойнауын пайдалану түрі)
  20___ жылғы ________________
  тіркеу №______

__________________________________________________________________________ (Осы құжатты берген орган)

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛУ

      ____________________________________________________________________ негізінде (сараптамалық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдау туралы құзыретті органның хаты)

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін

      _______________________________________________________________ берілді.

      (өтініш беруші) Геологиялық бөлу

      _______________________________________________________________

      орналасқан. (облыс, аудан)

      Геологиялық бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден №

      ______________________________ дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.

      нүктелердің кейінгі нөмірлері

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің координаттары

солтүстік ендік

шығыс бойлық

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд








      Геологиялық бөлудің ауданы - ______________________________ шаршы км (м.)

      (жазбаша цифр) Барлау тереңдігі (егер Құзыретті органмен айқындалса)

      ___________________м. Орган басшысы

      ______________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы берілген қаласы________, айы, жылы.

  Геологиялық және
  (немесе) тау-кендік
  бөлуді беру және қайта
  ресімдеу қағидаларына
  3-қосымша

      нысан

  Жер қойнауын пайдалануға
  арналған № ________ келісімшартқа
  2-қосымша
  ________________
  (пайдалы қазба түрі)
  __________________
  (жер қойнауын пайдалану түрі)
  20___ жылғы ________________
  тіркеу №_______

_________________________________________________________________________

(Осы құжатты берген орган) ТАУ-КЕНДІК БӨЛУ

      ____________________________________________________________________

      негізінде (сараптамалық комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдау туралы құзыретті органның хаты)

      _____________________________________________________________________

      (жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы) жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін

      ______________________________________________________________________

      берілді. (өтініш беруші)

      Тау-кендік бөлу _____________________________________________ орналасқан.

      (облыс, аудан)

      Тау-кендік бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден№ _________________________________ дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.

      нүктелердің кейінгі нөмірлері

Бұрыштық нүктелер

Бұрыштық нүктелердің координаттары

солтүстік ендік

шығыс бойлық

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд








      Тау-кендік бөлудің ауданы - ______________________________ шаршы км (м.) (цифрмен, жазбаша) Игеру тереңдігі ____________________________________________________ м. (қазу деңгейінің көкжиегі, тереңдігі, геология-стратиграфиялық шегі) Орган басшысы ______________________________________________________ Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы берілген қаласы________, айы, жылы.