Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 271 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 шiлдеде № 23782 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 129-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10301 болып тіркелген);

      2) "Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12927 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 27 шілдедегі
№ 271 Бұйрығымен
бекітілген

Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Жерді және жер қойнауын пайдалану:

      1) улы, радиоактивті және тағы басқа қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлердің техникалық рекультивациясы;

      2) учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі карьерлерді әзірлеу;

      3) учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде тау-кен өнімдерін әзірлеу;

      4) қауіпті қалдықтар болып табылатын тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинақтау және сақтау;

      5) тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын пайдалану және байыту.

      2. Су ресурстарын пайдалану:

      1) су объектілерінің ластануына және тығындалып қалуына әкеп соғатын ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивті материалдарды өндірістік мақсатта пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыс жайлардың су жинайтын алаңдарына салу және орналастыру;

      2) өнімділігі 150 мың тұрғындардан астам ағынды суларды тазалау станцияларының қызметі.

      3. Мұнай операцияларын, оның ішінде:

      1) шығарылатын мөлшері мұнайға қатысты тәулігіне 500 тоннадан және газға қатысты тәулігіне 500 тоннадан асатын мұнай мен табиғи газды коммерциялық мақсаттарда өндіруді;

      2) сыйымдылығы 200 мың тонна немесе одан көбірек мұнай, мұнай-химиялық немесе химиялық өнімдерді сақтауды, сондай-ақ 150 миллион текше метрден асатын белсенді сақтау көлемімен табиғи газды жерасты сақтауды;

      3) мұнай өңдейтін зауыттардың (шикі мұнайдан майлағыш материалдарды ғана өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда) және газдандыруға арналған құрылыс жайлардың қызметін;

      4) газды, мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдауға арналған диаметрі 800 миллиметрден және (немесе) ұзындығы 40 километрден асатын құбырларды пайдалануды жүзеге асыру.

      4. Металлургиялық өндіріс:

      1) шойын мен болаттың бастапқы қорытылуы;

      2) металлургиялық, химиялық немесе электролиттік процестермен кендерден, концентраттардан немесе қайталама шикізаттан қышқылдандырылмаған түсті металдар өндіру.

      5. Атом және жылу энергиясын пайдалану:

      1) жиынтық қуаты 300 мегаватт (МВт) және одан жоғары жылу электр станцияларын және отынды жағуға арналған басқа да қондырғыларды пайдалану;

      2) атом электр станцияларының және басқа да ядролық реакторлардың қызметі, осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеуді немесе оларды пайдалануды тоқтатуды қоса алғанда (ең жоғары қуаты тұрақты жылу жүктемесінің 1 киловаттан (кВт) аспайтын ыдыратқыш және ұдайы өндірілетін материалдарды шығаруға және қайта құруға арналған зерттеу қондырғыларынан басқа*);

      3) пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу;

      4) мыналар:

      ядролық отын өндіру және байыту;

      сәулеленген ядролық отынды немесе радиоактивті қалдықтарды өндірістік объекті аумағының сыртындағы басқа жерлерге ұзақ мерзімге (10 жылдан астам кезеңге жоспарланған) сақтау бойынша қызмет.

      6. Атмосфералық ауаға, климатқа және Жердің озон қабатына әсері:

      1) өндірістік объектілердің санитариялық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 1-сыныпты зиянды (ластаушы) заттардың жылына 1 тоннадан астам, өндірістік объектілердің санитариялық жіктелуіне сәйкес қауіптілігі 2- сыныпты заттардың жылына 50 тоннадан астам атмосфераға шығарындыларымен бірге жүретін өндірістік процестерді жүзеге асыру;

      2) озонды бұзатын заттардың және құрамында солар бар өнімдердің импорты, экспорты, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету, озонды бұзатын заттарды тасымалдау, сақтау, рекуперациялау, қалпына келтіру, кәдеге жарату.

      7. Қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу:

      1) қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, жою, кәдеге жарату және көму;

      2) меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы қауіпті қалдықтарды иелену немесе оларды қолдану;

      3) Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауға байланысты қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау.

      8. Экологиялық жағынан қауіпті шаруашылық және өзге қызмет түрлері:

      1) қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық және биологиялық заттарды өндіруге, іске асыруға, қолдануға және залалсыздандыруға байланысты қызмет;

      2) аэроғарыштық қызмет, оның ішінде ғарыш аппараттары мен ғарыштық қызмет объектілерін пайдалану және пайдаланудан шығару;

      3) әскери және қорғаныс объектілерінің қызметі;

      4) генетикалық түрлендірілген организмдерді өндіру;

      5) микроорганизмдер айналымын және оларды залалсыздандыруды қоса алғанда, микробиологиялық өндіріспен байланысты қызмет.