"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шiлдедегі № 445 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 29 шiлдеде № 23759 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытынды.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар қызметкерлері (қызмет өткеру орнының уәкілетті адамының мөрімен және қолтаңбасымен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны ұсынбай алады.
Азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар басшының мөрімен (оның кезінде) және қолымен расталған, қаруды қолдануға рұқсат туралы құжат ұсынады (құжаттар еркін нысанда толтырылады).


      ";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдау хаттары

Мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің қолдау хаттары, сол елдердің азаматтары болып табылатын сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілген жағдайда

Туристік мақсатта, жеке және қызметтік істері бойынша Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктер азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат алу кезінде сатып алған күннен бастап 7 (жеті) күн ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкететін жағдайда ұсынады, Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл мерзімге тұру үшін ішкі істер органдарында тіркелген шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының аумағында тұру үшін немесе ұзын ұңғылы тегіс ұңғылы қоспағанда азаматтық өзін-өзі қорғау қаруын сатып алуға рұқсат алған кезде

      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 3-қосымшасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытынды.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар қызметкерлері (қызмет өткеру орнының уәкілетті адамының мөрімен және қолтаңбасымен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсы көрсетілімдерінің жоқ екені туралы медициналық қорытындыны ұсынбай алады


      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 4-қосымшасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі.
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар қызметкерлері (қызмет өткеру орнының уәкілетті адамының мөрімен және қолтаңбасымен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны ұсынбай алады.


      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 5-қосымшасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Қару ұстауға қарсы көрсетілімдердің жоқ екені туралы медициналық қорытындылары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындылар


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
М. Кожаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі