"Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шiлдеде № 23723 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы объектілерінің экспортын лицензиялау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21082 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар жəне

      аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 23 шілдедегі
№ 268 Бұйрыққа қосымша
  "Жабайы тірі жануарлардың,
жекелеген жабайы өсетін
өсімдіктердің және жабайы
өсетін дәрілік шикізаттың
экспортына лицензия беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5 - қосымша

Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсетін өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар

Біліктілік талаптары

Оларға сәйкес келетінін растайтын құжаттар*

Ескертпе

1

2

3

4

1

Балық және басқа су жануарларын иеленудің, аулаудың заңдылығын растау

Аулаумен айналысатын тұлғалар үшін – қайдан ауланғаны туралы анықтама; экспорттаушылар үшін – шарт жасасу кезінде қолданылатын ауланымды сатып алуды растайтын шарт(тар), ал бұдан бұрын импортталған ауланымды экспорттаған жағдайда - рұқсат беру құжаты

Балық және басқа су жануарлары экспортталған жағдайда

2

Өсімдіктер дүниесі объектілерін дайындаудың, жинаудың немесе алудың негіздеуші материалдары

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме

Мемлекеттік орман қоры аумағынан тыс жерде дайындалған немесе жиналған жағдайда

Орман және (немесе) ағаш кесу билеті

Мемлекеттік орман қоры аумағында дайындалған немесе жиналған жағдайда

Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау, жинау жүзеге асырылған мүше мемлекеттің уәкілетті органы қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге берген қорытынды (рұқсат беру құжаты

Аумағында жабайы өсетін өсімдіктерді дайындау және жинау жүзеге асырылған мемлекет болып табылмайтын мүше мемлекеттің аумағынан жабайы өсетін өсімдіктерді әкеткен жағдайда