Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдеде № 23706 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 309-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығының 1-тармағы 3) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20823 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
С. Брекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 258 Бұйрығымен бекітілген

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 309-бабының 4-тармағына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру тәртібін (бұдан әрі – Рұқсат) белгілейді.

      2. Қағидалар озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізумен, байланысты қызметті, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуді, монтаждауды, оларға қызмет көрсетуді, озонды бұзатын заттарды тасымалдауды, сақтауды, рекуперациялауды, қалпына келтіруді, кәдеге жаратуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға таралады.

      3. Осы Қағидалардың қолданылуы "Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасымен және оған түзетулермен реттелетін озонды бұзатын заттардың барлық түрлеріне таралады.

      4. Қағидаларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терминдер мен айқындамалар пайдаланылады.

      5. Рұқсат берілетін өтінішке сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызметтердің барлық, сондай-ақ жекелеген түрлеріне беріледі.

      6. Рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап үш жыл.

      7. Рұқсат берілген оның қолданылу мерзімі аяқталған не Рұқсаттың иесі болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға Рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы өз еркімен жүгінген жағдайда Рұқсат өзінің қолданылуын тоқтатады.

      8. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңарту, алып қою (кері қайтару) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.

2-тарау. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру тәртібі

      9. Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      11-1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім береді.

      Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Процестердің нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын құжаттардың және мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесінде (бұдан әрі – Талаптар) жазылған.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      16. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш пен құжаттар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және орындайшыны тағайындайтын көрсетілетн қызметті берушінің басшысына оларды жолдайды.

      17. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      18. Орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, орындаушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жолдайды.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерщімі екі жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.

      19. Ұсынылған құжаттардың толықтығы белгіленген жағдайда орындаушы көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізу үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшеге жолдайды.

      Аумақтық бөлімше 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеруді жүзеге асырады және қарастыру қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жауап ұсынады.

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы аумақтық бөлімшеден жауап алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсатты қалыптастырады және келісу мен қол қоюға жолдайды.

      21. Көрсетілетін қызметті беруші қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсатты порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Талаптардың 9-тармағында көрсетілген негіздерді анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күн бұрын көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсатты порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды порталдағы "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында береді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

      Ескерту. Қағидалар 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға жолдайды.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, уәкілетті органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Озонды бұзатын заттарды
пайдалана отырып, жұмыстар
жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттары бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге, озонды бұзатын
заттарды тасымалдауға,
сақтауға, рекуперациялауға,
қалпына келтіруге, кәдеге
жаратуға рұқсаттар беру
қағидаларына
1-қосымша

"Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің талаптары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 258 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 шiлдеде № 23706 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат алуға осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша штатында тиісті жоғарғы немесе техникалық және кәсіптік білімі немесе кәсіптік даярлығы және мамандық бойынша 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар кем дегенде бір жауапты орындакшысының болуын растайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған мәліметтер нысаны.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің сенімсіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе жеке қызмет түрлермен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушы үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
6) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

  Озонды бұзатын заттарды
пайдалана отырып, жұмыстар
жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттары бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге, озонды бұзатын
заттарды тасымалдауға,
сақтауға, рекуперациялауға,
қалпына келтіруге, кәдеге
жаратуға рұқсаттар беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат беруге өтініш

      _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы немесе дара кәсіпкерлің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _____________________________________________________________

      (ұйымның заңды мекен-жайы немесе көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты мекенжайы)

      Байланыс телефондары, факс ____________________________________

      Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету, озонды бұзатын заттарды тасымалдау, сақтау, рекуперациялау, қалпына келтіру, кәдеге жарату туралы өтініш __________________________________________________________________.

      Техникалық қызмет көрсетуге тартылған мамандар саны: _____.

      Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша кәсіптік даярлаудан өткен мамандар саны: _____.

      Қызмет (компания үшін тән қызмет түрін көрсетіңіз):

      Озонды бұзатын заттарды өндірісте пайдалану:



- құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды өндіру;



- өнім өндіру кезінде;



- басқа химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде;



- өзге де технологиялық процестерде (түрлерін көрсетіңіз)



Құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды монтаждау



Толтыру операцияларын қоса алғанда, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету



Озонды бұзатын заттарды тасымалдау



Озонды бұзатын заттарды сақтау



Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау



Озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру



Озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      ____________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Кәсіпорын басшысы: __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Толтырылған күні: 20 жылғы "___" ______________

      Электрондық цифрлық қолтаңба орны

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
3-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
____________________

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруге өтінішті қараудан бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Озонды бұзатын заттарды
пайдалана отырып, жұмыстар
жүргізуге, құрамында озонды
  бұзатын заттары бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге, озонды бұзатын
заттарды тасымалдауға,
сақтауға, рекуперациялауға,
қалпына келтіруге, кәдеге
жаратуға рұқсаттар беру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

      Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат

      Осы рұқсат _______________ мекенжайы бойынша орналасқан (тұратын)

      ________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің(болған жағдайда))

      мына жұмыстарға берілген (керегін белгілеңіз):

      □ озонды бұзатын заттарды өндірісте пайдалану;

      □ құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды монтаждау;

      □ құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

      □ озонды бұзатын заттарды тасымалдау;

      □ озонды бұзатын заттарды сақтау;

      □ озонды бұзатын заттарды рекуперациялау;

      □ озонды бұзатын заттарды қалпына келтіру;

      □ озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату.

      Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: _______ бастап ______ дейін үш жыл.

      Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Электрондық цифрлық қолтаңба орны

  Озонды бұзатын заттарды және
құрамында олар бар өнімдерді
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидаларына
5-қосымша
  Жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не
заңды тұлғаның толық атауы
________________________

Дәлелді бас тарту

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 10.07.2024 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нөмірі _________ "___" _______ 20__ жыл

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Сіздің 20__ жылғы "___" _____ № ___________ өтінішіңізді қарастырып, мынадай себеппен озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге рұқсат беруден бас тартады:

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      [Қол қоюшының лауазымы]

      [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]

  Озонды бұзатын заттарды
пайдалана отырып, жұмыстар
жүргізуге, құрамында озонды
бұзатын заттары бар
жабдықтарды жөндеуге,
монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге, озонды бұзатын
заттарды тасымалдауға,
сақтауға, рекуперациялауға,
қалпына келтіруге, кәдеге
жаратуға рұқсаттар беру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге, озонды бұзатын заттарды тасымалдауға, сақтауға, рекуперациялауға, қалпына келтіруге, кәдеге жаратуға рұқсат алу үшін талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы мәліметтер

      1. Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау және (немесе) қалпына келтіру жөніндегі жабдықтардың техникалық паспорты (манадай қызмет түрлері үшін: құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау оларға қызмет көрсету, озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру):

      1) жабдықтардың атауы;

      2) жабдықтардың моделі (маркасы);

      3) функциялардың қысқаша сипаты.

      2. Өндірістік және (немесе) қоймалық үй-жайлары (манадай қызмет түрлері үшін: озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, озонды бұзатын заттардысақтау, қалпына келтіру, кәдеге жарату):

      1) өндірістік және (немесе) қоймалық үй-жайларды сатып алу/ жалға алу шартының нөмірі және күні;

      2) кіммен шарт жасасқан (заңды/жеке тұлғаның атауы);

      3) орналасқан жері (мекенжайы).

      3. Қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат (манадай қызмет түрлері үшін: озонды бұзатын заттарды тасымалдау).

      4. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру полисі (барлық қызмет түрлері үшін):

      1) сақтандыру полисінің нөмірі және берілген күні;

      2) сақтанушының атауы;

      3) сақтандырушының атауы;

      4) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі.

      5. Персонал (барлық қызмет түрлері үшін):

      1) қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      2) мамандануы мен біліктілігінің атауы;

      3) диплом нөмірі және берілген күні;

      4) диплом берген оқу орнының атауы;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттарға сәйкес мамандығы бойынша жұмыс өтілі;

      6) сертификат/куәлік нөмірі және берілген күні;

      7) сертификат/куәлік берген ұйымның атауы (бинзес немесе жеке сәйкестендіру нөмірі).