Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 04.07.2023 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу жоспары бекітілсін.";
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2021 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 433 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына 1-қосымша |
Жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары
№ | Циклдер мен пәндер атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық кредиттегі | академиялық сағаттағы | ||
1. | Жалпы гуманитарлық пәндер | 23 | 690 |
Міндетті құрамдас | 13 | 390 | |
Қазақ (орыс) тілі | 4 | 120 | |
Ағылшын тілі | 5 | 150 | |
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы | 4 | 120 | |
ӘОО құрамдасы | 10 | 300 | |
2. | Жалпы кәсіптік пәндер | 25-тен аспайды | 750-ден аспайды |
Міндетті құрамдас | кемінде 6 | кемінде 180 | |
Дене шынықтыру дайындығы | кемінде 6 | кемінде 180 | |
ӘОО құрамдасы | 19-дан аспайды | 570-тен аспайды | |
3. | Арнайы пәндер | 52-ден аспайды | 1560-тан аспайды |
ӘОО құрамдасы | 52 | 1560 | |
4. | Әскери тағылымдама | 8 | 240 |
5. | Аралық аттестаттау | кемінде 6 | академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат) |
6. | Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан) | 2-ден аспайды | 2 аптадан аспайды (60 сағат) |
7. | Кәсіптік практика | 4 | 120 |
Барлығы | 120 | 3600 | |
8. | Консультациялар | 5-тен аспайды | 150-ден аспайды |
9. | Факультативтік сабақтар | кемінде 9 | кемінде 270 сағат |
Жиыны | 134 | 4020 |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 шілдедегі № 433 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 337 бұйрығына 1-1-қосымша |
Негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары
№ | Циклдер мен пәндер атауы | Жалпы еңбек сыйымдылығы | |
академиялық кредиттегі | академиялық сағаттағы | ||
1. | Жалпы білім беру пәндері | 48 | 1440 |
Міндетті құрамдас | |||
Қазақ тілі және әдебиет | 4 | 120 | |
Орыс тілі және әдебиет | 4 | 120 | |
Шет тілі | 4 | 120 | |
Математика | 6 | 180 | |
Информатика | 3 | 90 | |
Қазақстан тарихы | 3 | 90 | |
Өзін-өзі тану | 2 | 60 | |
Бастапқы әскери және технологиялық дайындық | 3 | 90 | |
Дене шынықтыру | 5 | 150 | |
Тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндер | |||
Физика | 5 | 150 | |
География | 5 | 150 | |
Оқытудың стандартты деңгейіндегі пәндер | |||
Дүние жүзі тарихы | 2 | 60 | |
Биология | 2 | 60 | |
2. | Жалпы гуманитарлық пәндер | 6 | 180 |
3. | Жалпы кәсіптік пәндер | 30 | 900 |
4. | Арнайы пәндер | 10 | 300 |
Міндетті құрамдас | 10 | 300 | |
5. | Әскери тағылымдама | 42 | 1260 |
6. | Аралық аттестаттау | кемінде 6 | академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат |
7. | Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан) | 2-ден аспайды | 2 аптадан аспайды (60 сағат) |
Барлығы | 144 | 4320 | |
8. | Консультациялар | 10-нан аспайды | 300-ден аспайды |
9. | Факультативтік сабақтар | кемінде 11 | кемінде 330 сағат |
Жиыны: | 165 (36) | 4950 (1080) |