"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 90 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 66 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шiлдеде № 23325 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 90 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13675 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті (Р.К. Ахметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Ә.Р. Адамбаева) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев