Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 322 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 шілдеде № 23278 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 23 маусымдағы
№ 322 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12547 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ".

      2. "Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12587 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсеті стандартына сай "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жауапты орындаушы кандидаттың ұсынылған құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) және мемлекеттік қызмет көрсету нысанына сәйкес оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.";

      1-қосымша алынып тасталсын;

      2, 3 және 4-қосымшалар осы Тізбеге 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12566 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің өзгерістер
енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Энергия аудиторларына
кандидаттарды
аттестаттауды жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

"Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші)

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Энергоаудитор аттестаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша өтініш (сұрау);
2) жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі;
3) энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) кандидаттың еңбек қызметінің жалпы техникалық жұмыс өтілінің кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл энергия аудиторы болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
5) III және одан жоғары рұқсат беру тобының білімін біліктілік тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
5) энергия аудиторларына кандидаттың "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар .

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www.gov.kz/entities/comprom, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал - www.egov.kz www.elicense.kz.

  "Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарттарына
қосымша
  нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________
(мекенжайы)
__________________________
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
____________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру
өмірі)
____________________________
(мекенжайы, телефоны,
электрондық мекенжайы)
____________________________

Өтініш (сұрау)

      Мені, _____________________________________,

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

      __________________________________________________________

      Энергия аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын.

      Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1. _______________________________________________________

      2. _______________________________________________________

      3. _______________________________________________________

      4. _______________________________________________________

      5. _______________________________________________________

      Осы өтінішпен ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан

      Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны үшін

      жауаптылық туралы хабардармын.

      _____________________________________________ _____________

      (Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
3-қосымша

"Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі



 

Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"




Нұр-Сұлтан қ.


г. Нур-Султан

Номер: [Номер документа]


Дата: [Дата выдачи] г.



[Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии) кандидата]

 
Дәлелді бас тарту
"Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Сіздің [Кіріс құжатының нөмірі] № [Күні] өтінішіңізді (сұрауыңызды) қарап, келесіні хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[ қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ]

 


 

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
4-қосымша

"Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі



 

Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"

 
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ

Аттестаттау түрі: [алғашқы немесе қайта] Нөмірі: [Құжаттың нөмірі]

Күні: [Берілген күні] ж.

 
Осы аттестат [Тегі,Аты,Әкесінің аты], [туған күні] (аттестатталған тұлғаның толық Т.А.Ә.), ( туған күні ) ЖСН: [жеке сәйкестендіру нөмірі] оның рұқсат беру талаптарына сәйкес екендігіне берілді. Аттестаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл. Аттестат Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады

[Уәкілетті органның басшысы лауазымы]

[ Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ]

 


 

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1125 бұйрығымен
бекітілген

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі

Рұқсат беру талаптары

Рұқсат беру талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын алу үшін

1.

Жоғары инженерлік-техникалық білімі бар

Жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі


2.

Жалпы техникалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде кемінде (1) бір жыл энергия-аудиторлық ұйымында аудитор болуы

Кандидаттың еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме құжаты


3.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрлардың қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өткені

Энергия аудиті бағыты бойынша кадрлардың қайта даярлау (немесе) біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы электрондық көшірме куәлігі


4.

Электр қондырғыларда жұмысқа рұқсаттың III және одан жоғары топтарда бар болуы

III және одан жоғары топтарының білімін біліктілік тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі