"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 4 маусымда № 22936 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Елдер бөлінісінде "Болашақ" халықаралық стипендиясының көлемін анықтау үшін шығыс нормаларында:

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жеке оқу жоспарында көзделген мерзімде оқуды аяқтаудың мүмкін болмауына әкеп соққан, коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан академиялық оқыту (практика, зерттеу немесе бекітілген оқу жоспарында/жеке оқу жоспарында қарастырылған жұмыс) мерзімі ұзартылған жағдайда, тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу академиялық оқу елінің шығыстары нормаларының шегінде:

      1) бакалавриат, магистратура бағдарламалары бойынша оқитын стипендиаттар үшін 1 (бір) семестрден/триместрден артық емес;

      2) докторантура бағдарламасы бойынша білім алатын стипендиаттар үшін 12 (он екі) айдан аспайтын мөлшерінде жүргізіледі.

      Академиялық оқу мерзімі коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан ұзартылған жағдайда оқу әдебиетін (материалдарын) сатып алуға арналған шығыстар сомасын есептеу жүргізілмейді.

      Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жеке айқындаған мерзім шегінде жүргізіледі және осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында белгіленген мерзімнен аспайды.

      Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу кезеңі қайта бекітілген оқу жоспарына/жеке оқу жоспарына сәйкес нақты академиялық оқу кезеңі болып табылады.

      Тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасы 2020 жылы коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының салдарынан өтініш жасаған адамдарға Комиссия шешімінде көрсетілген кезеңге академиялық оқуды ұзарту қажеттігі туралы қосымша есептеледі.

      Тұру және тамақтану шығыстарының ай сайынғы сомаларын есептеу үшін күндер санын есептеу осы шығыстар нормасының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Осы бұйрықтың 5-тармағының күші 2020 жылғы 11 наурыздан бастап коронавирустық инфекция пандемиясымен байланысты шектеу іс-шараларының жағдайларында болған адамдарға қолданылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2021 жылғы "__"________