"Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22895 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерініңмемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6828 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 109-110 санында жарияланған (26530-26531) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат етілген жүргізушілерді арнайы қайта даярлау, тиісті емтихандардан өткізу кемінде бес жылда 1 рет жүргізіледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Тиісті оқу курстарында оқуды сәтті аяқтаған жағдайда тыңдаушыларға пластиктен жасалған ISO 7810:2003 ID-1 стандарты бойынша мөлшері бар карта нысанындағы куәліктер беріледі. Түсі ақ, қарпі қара. Куәлікке қосымша қорғаныс элементі қолданылады, мысалы, голограмма, ультракүлгін сәуледе ғана көрінетін суретті басып шығару немесе гильошир үлгісі.

      Өздеріне қатысты берілген куәлік шын мәнінде берілген қауіптілік сыныптарын айқындау бағандарындағы белгілер оқыту жүргізілген сыныптарды көрсету арқылы жүргізіледі.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Куәлікті қайта шығару куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл ішінде өткен тиісті оқу курстары бойынша емтихандарды табысты тапсыру (емтихан сұрақтарына жауаптардың 70% және одан да көп дұрыстығы кезінде) негізінде жүргізіледі.

      Бұл ретте тыңдаушы жарамдылық мерзімі алдыңғы куәліктің жарамдылық мерзімі өткен күннен басталатын тиісті куәліктер береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрі Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі